Елордада ХII Дельфий ойындарының жеңімпаздары марапатталды

Бірнеше күн бойы 10-25 жас аралығындағы жас дарындар өзара жарысты. Бұл жолы Дельфий ойындары «Болашаққа тәуелсіздікпен!» ұранымен өтті. Қазылар алқасының шешімімен Аида Қажмаханның бейнеролигі үздік деп танылды. Ал Ирина Гураева креативті сурет жасаған. Жансая Беспайдың «Тұмар Ханым» коллекциясы ерекше атап өтілді.

«Прима қобыз» номинациясында Наргиз Бақтығалиева топ жарса, домбырада ойнаған Асанәлі Әшімов пен Табыс Құдайберген көпшілікті тәнті етті. Фортепианода Мария Шавтельская үдік атанды. «Номад» би ансамблі және «Самұрық» би мектебі «Халық биі» номинациясында көш бастады.

Астана жаңалықтары: Елордада ХII Дельфий ойындарының жеңімпаздары марапатталды

Ойындар аясында музыка жекпе-жектер өткізілді. Халық әндерін орындауда Маржан Әбдірахманова және Набира Рақымжан үздік болды. «Эстрадалық ән» аталымында Әйгерім Русланова жеңіп шықты, академиялық ән салуда әділ қазылар алқасын Талғат Аллабиринов пен Құдайберген Әбілдин таң қалдырды. Мишель Слобода үздік диджей атанды.

Биыл алғаш рет «Ымдау тілі әні» номинациясы енгізілді. Оған 16-дан 25 жасқа дейінгі Астана тұрғындары қатысып, Алмат Теңізбай жеңіске жетті.

«Театр» номинациясы қатысушылардың да, көрермендердің де қызығушылығын оятты. Қазақ ұлттық өнер университетінің «Драма театры және киноактер» мамандығы бойынша студенттері ең үздік қойылым көрсетті. «Бейнелеу өнері» санатында Дәулет Досмағанбетов жеңіске жетті.

Барлығы конкурсқа 200 астаналық қатысты. Ойындар жас таланттарды анықтауға және дамытуға, өскелең ұрпақты эстетикалық тәрбиелеуге көмектеседі, тұлғаның рухани қалыптасуына қолдау көрсетеді.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

"Жас қанат - 2016" 20 мамырда басталады

Биыл 25-ші рет өткізілетін жас орындаушылардың «Жас қанат – 2016» республикалық конкурсына дейін санаулы күндер қалды. Бүгін байқауға қатысатын өнерпаздар Астанаға келді.

Конкурста Ақтөбе, Орал, Семей, Өскемен, Алматы, Талдықорған, Шымкент, Жезқазған және Қарағанды қалаларынан 14 орындаушы бағын сынайды. Астана намысын 3 өнерпаз қорғайды.

– Бүгін орындаушылар көп жұмыс істейді, дайындалады, кездесулер, конкурс алдындағы жеребе тастау өткізіледі, әртістер үшін бұл өте маңызды. Конкурсқа қатысушылардың жасы 15-тен 28-ге дейін. Бәрі де бұрын басқа байқауларға, соның ішінде халықаралық ән конкурстарына қатысқан. «Жас қанат» та басқа конкурс сияқты тәжірибе жинауға, жаңа адамдармен танысуға мүмкіндік береді, сондай-ақ, қатысушыларға сахнада өзін-өзі ұстау бойынша шеберлік дәрістері өткізіледі. Вокалдың шегін анықтау үшін конкурс репертуары күрделі болуы керек. Қатысушылар әр түрлі тілдерде ән салады, – деді «Жас қанат» байқауының өкілі Жібек Кашкеева.

Астана жаңалықтары: Жас қанат - 2016 20 мамырда басталады

Аталған байқау талай жас орындаушылардың жолын ашты, қазақстандық жұлдыздардың көбі шығармашылық жолын осыдан бастаған. Қазақстандық әнші Нұрлан Абдуллин «Жас қанат» жайлы өз ойымен бөлісті.

– «Жас қанат» — бұл өмірлік мектеп. Мен үшін бұл аса маңызы бар өмірдің, ердің үлкен мектебі. Менің ойымша, бұл байқауда қысқа ғана уақытта алынған тәжірибе, университеттік білімнен асып түспесе, кем түспейді. Қаншалықты қобалжулы болса да, жас әнші барша халық алдында өз өнерін көрсете алады. Бұл баға жетпес тәжірибе, – деді Н. Абдуллин.

«Жас қанат» конкурсы қазақстандық әнші Мадина Садуақасованың да тағдырын анықтады. Бұл туралы әнші былай дейді:

– Өмірлік жолымды таңдауда «Жас қанат» байқауы басты рөл атқарды. Бойыма ерекше жауапкершілік артқан ең маңызды жеңісім де осында болды. Себебі, менің талантымды әділ қазылар алқасы мойындап, маған үміт артты. Ал қазылар алқасында әр кез белгілі мәдениет пен өнер қайраткерлері болатын.

Мерейтойлық конкурс мамырдың 20-22 күндері Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді.

Материалды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.