+1, періштелермен жұмыс істеушілер немесе қызымның атын кім қойдым?



Айы-күні жетіп, толғағы піскен ару ананың аманшылықпен жеңілденуін тектен-тек тілемейді екен ғой. Адамнан адамның шығуы физиологиялық тұрғыда қаншалықты қиын құбылыс болса, соншалықты жеңіл, үлпілдек дүние сияқты. Елордадағы «Ұлттық ана мен бала орталығы» қызымыздың туылған құтты ордасы болды. Үш триместрдегі қарап-бақылау да, нәрестенің дүниеге келуі де, бір сөзбен – тұтас цикл осы орталықта өрбіді. Тәубә, бәрі ойдағыдай өтті. Күтімі де, мейірімі де тәнті етті
Әрі қарай