"Гуманизм шыңы"

Блог - Aldeken: Гуманизм шыңы
Литвалық дизайнер Юлионас Урбонас жеңіл, ешқандай ауырсынусыз және әдемі түрде фәни өмірден бақи өмірге аттандыратын америка қырлары (американские горки) аттракционының жобасын жасап шығарыпты.
Блог - Aldeken: Гуманизм шыңы
Техникалық сипаттамалары
Ұзындығы… 7544 м
Жоғарыға шығу биіктігі… 500 м
Құлдилау биіктігі… 510 м
Көтерілу уақыты… 120 с
Құлдилау уақыты… 10 с
Ең жоғарғы жылдамдық… 100 м/с
Сақиналар саны… 7
Ең жоғарғы жүктеме… 10 g
Асқынған жүктеме уақыты… 60 с
Жолдағы уақыт… 200 с
Әрекет ету принциптері
Эвтаназиялық қырлардағы вагонетка жарты шақырымдық биіктікке баяу көтеріледі де, қарқынды түрде төмен құлдилап, кезекпен жеті сақинадан өтеді. Тартылыс күшінің есебінен қозғала отырып, адам ағзасына әсер ететін жүктемені аса қауіпті 10 g көрсеткішіне дейін жеткізеді. Америка қырларында әдетте ең жоғарғы жүктеме 4-6 g шамасында және олардың ұзақтығы бірнеше секундтан аспайды.
«Америка қырларына 24 адамды мінгізіп, олардың барлығы өлі күйінде келсе, бұл америка қырларының ең идеал түрі болар еді. Білесіз бе, мұны ұйымдастыруға болады.». ДЖОН АЛЛЕН — Әлемдегі америка қырларын шығарушы Philadelphia Toboggan Company, компаниясының бұрынғы президенті.

Сезімдер
10 g көлеміндегі жүктемені жоғарғы пилотаж фигураларын орындау барысында ұшқыштар сезінеді. Осындай аса жоғары жүктемені біршама уақыт (ал эвтаназиялық қырларда бұл уақыт толық бір минутты құрайды) басынан өткерген адам басында эйфориялық сезімде болады. Бұл ретте, еркін құлдилау барысында вагонетка жүрек арқылы өтетін вертикалды ось бойымен айналуының нәтижесінде одан кейінгі адамға әсер ететін негативті сипаттарды басатын анестезиялық әсерге бой алдырады, яғни адамның көз алдында күлгін мұнар (Эльвираның күлгін көзілдірігіне кандидат ) пайда болады, жан-жақты көруі жоғалуына байланысты тек туннельді көз көру (туннельное зрение) орын алып, адам есінен айрылады (G-LOC, аса жоғары жүктеме әсерінен есінен танып қалу), содан соң өмірмен қош айтысады.
Өлім себебі
Церебралды гипоксия — аса жоғары жүктемелер әсерінен миға оттегі бармай қалады, опшым.
Ғылыми негіз

Жобаның кеңесшісі Лондон Империялық колледжі жанындағы Кеңістіктегі бағытсыздану зертханасынан вестибулярлық аппарат қызметінің бұзылуларымен және көлікте бас айналу проблемаларымен айналысатын Майкл Грести болды.
Блог - Aldeken: Гуманизм шыңы
Статистика
Ойын-сауық парктерінің ірі операторларының бірі Six Flags жүргізген зерттеулерге сәйкес америка қырларында өлімге алып келетін жарақаттар алу мүмкіндігі 1:1 500 000 000 көрсеткішін құрайды, яғни шезлонгтардың аяқ асты жиналып қалуы мен гольфке қарағанда анағұрлым төмен. Алайда, АҚШ тұтынушы тауарлар қауіпсіздігі бойынша комиссиясының мәліметтеріне сенсек, апаттарды есепке алмағанда жылын аттракциондарда 2 адам өліп, жүзден астам адам ауруханаға түседі екен.
Қолданылуы
Дизайнердің бастапқы ойына сәйкес бұл құрылғы эвтаназия үшін және гуманды өлім жазасы үшін қолданыла алады. Автор, америка қырлары жоғарғы жүктеменің күшімен адам өлтіру үшін ең қолайлы құрылғы еместігін мойындайды, бұл ретте центрифуга бұдан тиімдірек. Алайда, америка қырлаы эстетикалық тұрғыдан жеңіп тұрғаны сөзсіз.

Дереккөз
Әрі қарай