Блогиада #20. Менің стереотиптерім қалай бұзылды?

Өмірімнің өткен бөлігіне шолу жасасам, өз басымда да стереотиптердің сынғаны деп айта алатын оқиғалар жеткілікті екен. Бұл жерде нақты айту қиын — олар жалпыға ортақ стереотиптер ме, әлде жеке басымда қалыптасып, бұзылмас деп есептеген принцептер ме. Дегенмен, солардың бірнешеуімен бөлісіп көрейін.

Миф #1. Атырауда тудым, Атырауда тұрамын, Атырауда өлемін
Блог - patick: Блогиада #20. Менің стереотиптерім қалай бұзылды?
Қалада тусам да, ауылда өскен мен секілді мәмбеттің болашағы белгілі еді. Өзімнің пайымым бойынша: «Ауылдың орта мектебін бітірген, грантта оқуға шамасы жоқ, әдеби кітаптарды сүйіп оқиды, романтик. Демек, Атыраудағы бір газеттің ортаңқол редакторы болып күнін кешеді. Әйелі көрші ауылдан, немесе университетте танысқан өзі секілді бір малшының, не балықшының қарапайым қызы болады. Екі-үш баласы болады, жасы қырыққа жақындағанда әупірімдеп баспанаға қол жеткізеді. Сөйтіп жүріп елеусіз өмірден өтеді де кетеді. Мүмкін артында 1-2 кітабы қалатын шығар».
Мен бұдан артығын күткен де емеспін, қалаған да жоқпын. Біреу тіпті маған Атыраудағы өмірің 1,5 жылмен шектеледі десе, қарқылдап бетіне күліп кетер едім. Не болды, ал? Бір күні заттарымды бір рюкзакқа тықтым да, қалтамдағы 30 мың теңгемен Алматыға тайып тұрдым. Барлығы әп-сәтте болғаны сонша, есімді қалтамдағы ақша таусылғанда ғана жидым. Атырауға оралуға намысым жібермеді. Алматыда 1-2 жыл жүре тұрайын деп шештім. Ол 2007 жылдың жазы болатын.

Миф #2. Мен танымал болмаймын
Блог - patick: Блогиада #20. Менің стереотиптерім қалай бұзылды?
— Саламатсыздар ма! Эфирде жаңалықтар, микрофон алдында Ернар Бекенов.
Түсінесіздер ме — мен ауылдан бірнеше ай бұрын ғана келген баламын, бойымда мәмбеттігім әлі бар. Маған біреу 1-ші курстың соңында радио-диктор боласың десе, бетіне күле қарап тұрып, жерге «харқ» еткізіп бір түкіріп тастап, бұрылып кетіп қалар едім. Радиоға қайдан тап болдым? Білмеймін, әйтеуір басында өндірістік практика дедім, одан кейін стажировка дедім, тағы бір ай — мен штаттағы радиожүргізушімін.
— Сіз Ернар Бекеновсыз ғой жаңалықтар оқитын?!
Олар мені қайдан таниды? Қызық екен, қалалық «Тандем» радиосының өз фан-клубы бар екен және олар радиодағы барлық өзгерістерді бақылап отырады. Уау! Менің де фанаттарым бар!

Миф #3. Басшылық лауазым маған бұйырмаған
Блог - patick: Блогиада #20. Менің стереотиптерім қалай бұзылды?
Сіз 19 жасар бас редакторды танисыз ба? Ол мен. Радиодағы 1 жылдық өмірімде бас редакторлыққа дейін көтерілдім. Екінші курста оқып жүрген кезім еді.
Әлгі газеттің ортаңқол редакторы туралы ойларым миф болып қалды. Бас редактор қайда, қарапайым газетші қайда?

Миф #4. Менің әйелім нағыз қазақ болады
Блог - patick: Блогиада #20. Менің стереотиптерім қалай бұзылды?
Мен тілімді сүйемін, мен ұлтымды сүйемін! Орыс тілділермен ешқашан, естисіз бе — ешқашан дос болмаймын. Астраханның бір ауыз қазақша білмейтін қызы? Ха-ха! Ондайлардан алыс жүр, сенің әйелің нағыз қазақ болуы керек.
2010 жыл 8-9 қазан. Атыраулық Ернар мен астрахандық Светаның үйлену тойларына қош келдіңіздер.
Кейде менен әйелім әзілдеп сұрайды:
— Бір ауыз орысша білмейтін, ұлтшыл, ашушаң, жағымды бір қылығы жоқ ауылбайды қалай сүйіп қалдым?
— Білмеймін, өзім де осы сұраққа жауап таба алмай талай таңды атырдым, — деп шын жауап беремін.

Миф #5. Қайын жұрт — жауың
Блог - patick: Блогиада #20. Менің стереотиптерім қалай бұзылды?
Өзімді бөтен адамдармен жарасып кетуі қиын адам ретінде білемін. Оның үстіне қайын жұртпен жақын араласу күшік күйеулікке алып келеді деген сенімде едім. Мүмкін тәрбиеден шығар, әкем мысалы өз қайын жұртымен әлі күнге дейін жақын араласпайды. Әкем менің болашақ әйелімнің ауылына танысу үшін, келінге сырға салып, құда түсу үшін алғаш барып келгенде ашуланып келді:
— Құда қызық адам екен, әлі көрмеген болашақ күйеуді балам деп отыр!
Мен үшін де бұл біртүрлі қылық көрінді. Кейін таныса келе көп нәрсеге көзқарасым өзгерді. Жыл сайын жазда Ресейге қайын жұртқа барамыз. Атам құшақ жая қарсы алып, мен үшін алып қойған сыбағасын береді, сырасын құяды (ол жақта сыра ішімдік болып есептелмейді). Енем де «Балам, қарның ашпады ма?» деп күні бойы құрақ ұшып жүреді. Өмірімде бұндай құрмет көрмеген мен үшін бұл тосын көрінсе де, кейін үйреніп кеттім. Бажам марқұм тіпті бар жұмысын тастап, шекарадан келіп күтіп алатын. Сосын қайтқанша думанды демалыс басталады.

Қарап отырсам, өзгерістердің көпшілігі қазіргі әйеліме қатысты болыпты. Бірақ жеке мен үшін ғана, көпшілігіміз үшін қалыпты емес болып есептелетін тағы бір стереотипті бұзыппын: Ешқашан күйеуі әйелінен кіші болмайды. Иә, әйелім өзімнен 3 жас үлкен.

«Ешқашан ешқашан деме», — дейді ғой орыс халқы. Принциптер мен стереотиптер талай өзгереді екен. Осыдан бірнеше жыл бұрын өміріңде осындай оқиғалар болады десе сенбес едім. Әлі де талай нәрсе өзгерер, тек ең бастысы өзіңді жоғалтып алмау.
Әрі қарай

Өзіңді өзгертуге ең қолайлы жоба

Блог - kaztube: Өзіңді өзгертуге ең қолайлы жоба
Былтырғы жылдың аяғында «Добрые советы» әйелдер журналы «Начать заново за 30 дней!» атты жаңа жоба басталды. Ол жобаға өз өмірін өзгерткісі келген 28 бен 40 жас аралығындағы әйелдер қатысты. Жоба басталғаннан-ақ редакция ұжымы өмірін жақсы жаққа қарай өзгерткісі келетін, салауатты өмір салтын ұстанып, артық салмақтан арылғысы келетін, гардеробындағы киімдерді басқа стильге ауыстырғысы келетін, өмірінің жарқын болғанын қалайтын, жан-тәнімен қалайтын адамдар іздестіріліп келеді.
Жобаға қатысқан адамды әбден жан-жақты зерттеп барып, оған арналған бағдарлама жасалды. Ол бағдарламада косметолог, фитнес-жаттықтырушы, психологтың арнайы кеңестері, қажетті косметикалық өнімдер және фитнес залға жазылу мүмкіндігі берілді. Осы жоба үшін кейіпкерлерге арнайы дайындалған стилист, визажист, hair-стилисттермен бірге Алматы қаласында түрлі түсірілімдер жүреді.
Бұл керемет жобаны тек журналдан ғана оқып қоймай, видео түрінде де көруге болады. Жоба кейіпкерлерінің сәтті қадамды жасаудағы шешімдері мен ойларын, 30 күн ішінде жүргізген косметиканы дұрыс қолдана білу сабақтары мен жаттығу залдарында берілген кеңестерді Kaztube.kz сайтыныңресми парақшасынан көре аласыздар. Бұл парақшада өз еркімен, өз жігер-күшімен, өз сенімімен өмірін позитивті жаққа қарай өзгерткен Ардақ Сарбасова менИрина Соколовскаяның кейіпкерлігімен түсірілген видеоларды көре аласыздар.
Блог - kaztube: Өзіңді өзгертуге ең қолайлы жоба
«Начать заново за 30 дней!» жобасына қатысқысы келген жандар dobrie_sovety@burda-press.kz поштасына хат жазу арқылы өтініш білдіре алады. Хатта өз өмірі туралы, өмірі мен образын не себепті өзгеткісі келетіні туралы жазылу керек. Жақыннан және ұзына бойы түсірілген фотосын салуды да ұмытпаған жөн. Әрине, бұл жоба туралы барлық ақпараттарды мұқият қадағалап, іріктеу қорытындысын күту керек, ол қорытынды Добрые советы журналының Instagram (@dobriye_sovety_kz) аккаунтында және Однокласникидағы қауымдастықта жарияланады.
Жоба кейіпкерлеріне көрсетілген барлық қызметтер тегін. Жол ақысы мен жатын орын ақысы қатысушының өз қалтасынан төленеді.
Қатысып көріңіздер! Өзгеріңіздер!
Әрі қарай