Жақсы дос - жан азығы

Өмірде кездесетін сан алуан қиындықтар мен қуаныштарды бірге көтеріп, ағынан жарылып, сырларын да бөлісіп отыратын жандар бір-бірімен дос бола алады. Достық ұғымына байланысты мақал-мәтелдер, нақыл сөздер жетерлік. Мәселен, " Дос болсаң берік бол, досыңа серік бол ", " Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады ", " Досы көппен сыйлас, досы азбен сырлас", т.б.
Ата-бабаларымыз кезінде өзінің жан досы үшін өмірлерің қиып, қиындықтарына бірге төтеп берген. Ал, қазіргі таңда жан дос деген некен-саяқ. Көпке топырақ шашпаймын, бес саусақ бірдей емес әрине, алайда кейбір достар өзінің жолдасын қызғаныштан, көреалмаушылықтан бұрыс жолға бағыттатып отырады. Шынайы дос — қашан да бір-біріне адал, арам ойлары жоқ, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын жандарды айтуға болады. Достықтың сақтаушысы, қорғаушысы адалдық пен шынайылық деп ойлаймын.
Дос деген киелі ұғым. Дос — биікке жетелейтін, шыңға шығаратын, көкке көтеретін, қызық қуанышына ортақ, қиындықта демеу болатын жан. Нағыз достар бір-біріне сенім артатын, жақсылығын асырып, жамандығын жасыратындар. Дос табу оңай, бірақ оны сақтау қиын. Бақтағы гүлді дұрыс баптап өсірсең, әдемі, жайқалып өсіп тұрады. Солай, достықты да баптап сақтасаң ұзағынан болады. Сондықтан да достық ұғымы мәңгілік сақталсын, берік болсын десең, өзің дұрыс бағбан болуың қажет. Бұл ұғым биігінен төмендемесін десек әрбір адам дос тұрғысынан адал болғаны абзал. Сонда ғана достықтың құны жоғары болары анық. Ал, сіздер үшін қазіргі уақытта достық ұғымы базардағы бағадай арзан ба, әлде қымбат па?
Әрі қарай

Табысты болудың жолдары

Блог - KerimAyankyzy: Табысты болудың жолдары

"Өзіңе өзің қызығатындай етіп өмір сүру керек!" Бұл менің — қағидам!

Көп адамдар өзі қалайтын нәрседен бас тартып жатады. Біраз адамдар жақсылықтың боларына сенбейді. Өмір — қызықсыз, — дейді. Олар қателеседі! Өмір — ғажап! Ол — өз қолымызда! Әр күннен өмірге деген жаңаша көзқарас, түйін қалыптасады. Сонымен, өмірде табысты болудың жолдары қандай?

1) Таңертең күліп ояныңыз! Және ерте тұруға тырысыңыз!
Бұл өте маңызды. Таңертең қалай оянсаңыз, күніңіз солай өтеді.

2) Күліп, бүгінгі күннің әдемі өтетінін елестетіңіз!

3) Күнделікті үй жаттығуларын жасаңыз! Күні бойы сергек жүруіңізге пайдасы зор!

4) Айнаға қарап мына сөзді айтыңыз:
— Мен әдемімін! Өз-өзіңізді еркелетіңіз, жақсы көріңіз! Бетіңізден жай ғана шымшып, «бетім қандай жұмсақ» — деген сөздерді өзіңізден аямаңыз. Тіпті өзіңізге ұнамай тұрса да, жақсы көруге тырысыңыз! Өзгелермен өзіңізді салыстырып, төмендетпеңіз! Сіз расымен әдемісіз!

Блог - KerimAyankyzy: Табысты болудың жолдары

5) Менің жолым болғыш! Мен үшін бүгін сәтті күн! Осы сөзді бірнеше рет айтыңыз. Бүгінгі жұмыстарыңыз еш кедергісіз, сәтті аяқталатынын елестетіп өтіңіз! Осы сөзді айтып, қолыңызды шапалақтап, бірнеше-рет секіруіңізге болады. Әрине, оны ашуланып, еріксіз және сенімсіз түрде айтпайсыз. Өзіңізді «нағыз жолы болғыш адам» ретінде санап айтасыз.
6) Менің денім сау! Мен ағзамды тыңдай аламын, менде барлығы жақсы! Денсаулығым күннен күнге жақсаруда!
Ауырып тұрсаңыз, сол жеріңіздің тез жазылып кеткенін елестеткеніңіз жөн. Және осы сөздерді ауруға қарсы ем деп қабылдаңыз!
7) Менің қолымнан келеді, мен де жетістіктерге жете аламын! «Ой, қойш, мен қалай істеймін оны, ол білімді ғой, оның күші жетеді» — деген сөздерді доғарыңыз! Өзгеге таңқалмаңыз! Менің де қолымнан келеді, ондай нәрсе менде де болады, — деп ойлаңыз. Тіпті еш мүмкіндікті таппай тұрсаңыз да! Бастысы қолыңнан келетінін мойындау!

8) Өз-өзіңізден аямаңыз. Барғыңыз келген жерге барыңыз, ішіңіз, жеңіз, қалаған затыңызды сатып алыңыз. Өзіңе-өзің сыйлық жаса. Өзіңді қуант! Өзің үшін ақша аяма!

Блог - KerimAyankyzy: Табысты болудың жолдары

9) Біреуге бола ашуланбаңыз! Сізді жамандаса, себепсіз ұрысса, т.сс ешқайсысына мән бермеңіз! Бастысы өзіңіздің қандай екеніңізді білесіз. Біреу үшін өз мүмкіндіктеріңізден айырылып қалмаңыз! Өмір сіздікі!

10) Мен баймын! Мен табыстың магнитімін! Өмірде біраз нәрсе ақшаға келіп тіреледі. Өзіңді-өзің асыра алатындай ауқатты болғаның әрине жаман емес. «Жоқ маған көп ақша керек емес» — деген сөздерді айтпаңыз! Сізге келгісі келіп тұрған ақшаны итермеңіз, жақсы көріңіз! Өзіңіздің армандайтын суммаңызды елестетіп, төбеге жабыстырып қойыңыз да, сондай айлық алатыныңызды күнде елестетіп жатыңыз! Үлкен сумманы өзіңіздің ұстап тұрғаныңызды елестетуден еш қорықпаңыз. «Мүмкін емес, оған қайдааа» деген сөздерден аулақ болыңыз! Оған жету жолдарын қарастырып, еңбектеніңіз! Өз бизнесіңізді еш қорықпастан бастаңыз!Блог - KerimAyankyzy: Табысты болудың жолдары

11) Мен өз өміріме лайықты адамды қуанышпен қабылдаймын! Мен бақытты болуға лайықпын! Өмірде басты нәрсенің бірі — махаббат! Жанұялы болу. Сондықтан, өмір бір-ақ рет беріледі. Тормоз болмай, жүрегіңіз қалаған адамды кездестірсеңіз қашпаңыз! Өзіңізге лайықты адамның жолығатынына сеніңіз! Көп балаларыңыз болатынын ойлаңыз! Және сеніңіз!

Блог - KerimAyankyzy: Табысты болудың жолдары

12. Мен сүйіспеншіліктің иесімін, мен жақсылықтың қайнар көзімін, менде және менің жақындарымда барлығы жақсы! Осы сияқты сөздермен өзіңізді жігерлендіріңіз, өзгелерге де қуаныш сыйлаңыз! Жамандықтың соңында жақсылық бар, — деп жақсыға жорыңыз!

13) Аллаға сен! Алладан сұра! Бойыңда иманың болсын! Сұрағанда «Барлығының игілігі үшін» деп сұра!

Иә, бұл менің өзіме қолданатын талаптарым. «Психология» — деген сиқыр екендігіне көзім әлдеқаша жеткен. Басында «Мен баймын, ақшам көп» деген сөзді өзіме айта алмайтынмын. "Өз-өзіммен сөйлескен несі", — деп келеке қылатынмын. Бірақ, қате екенін түсіндім. Рас, бұл сөздер көмектеседі. Бірнеше қағаздарға әдемілеп, бұл сөздерді жазып қойғанмын. Армандарымды суретпен қағазға жабыстырып, папкаға жинап қойдым.) Армандар орындалады. Тек өзіңізге сеніңіз! Психологиялық кітаптарды да оқып тұрыңыз! Сіз өмірде табысқа қайтсеңіз де жетесіз! Мен сізге сенемін!%)%)%)
Әрі қарай

Заман ба, әлде адам ба өзгерген?

Біреулер адам, ал екіншісі заман дейді өзгерген. Біз жалпы қандаймыз? Өзгерген қайсысы? Қандай заманда өмір сүреміз?
Біз қазір, барлық мәселені бір қоңыраумен шешетің заманда. Мәке, Сәке, Бәкелер билеген заманда. Танысың болмаса, шансың жоқ заманда. Өз өмірімізден гөрі, жұлдыздардың өмірін артық көретің заманда. Үй тіршілігін жасағаннан гөрі, телефонға жармасып отырғанды жақсы көретің заманда. Қара басын ойлаған құзғындар билеген заманда. Кимэнэ бэбак деп, жарыса әндеткен заманда. Өзегін жарып шыққан бауыр еті баласын аяусыз өлтірген заманда. Қорықпай пара алып, қалтаға түйреген заманда.Блог - DanaKuntuganova: Заман ба, әлде адам ба өзгерген?Біз ғаламторды емес,ғаламтор бізді билеген заманда. Доллар құны өсіп, теңгеміз күйреген заманда. Жігіт пен қыз қосылып, шынайы сүймеген заманда. />Блог - DanaKuntuganova: Заман ба, әлде адам ба өзгерген?Айтеуір бір-бірімізді туда-сюда сүйреген заманда өмір сүріп жатырық.
Ащы болсада, шындық осы. Ненің дұрыс, ненің бұрыс екенің білеміз. Өкініштісі не өзімізді, не біреуді өзгертуге асықпаймыз. Заман емес, барлығы адамның өзіне байланысты.
Әрі қарай

"Адам" деген қастерлі атаудың қадірін кетірмейік!

Блог - 2015: Адам деген қастерлі атаудың қадірін кетірмейік!Еңкейгенге еңкей, ол әкеңнің құлы емес, Шалқайғанға шалқай, ол құдайдың ұлы емес деуші еді дана қазақ.Бұл күндері бұл тәмсілден де мән кеткен сияқты.Өмір адамға бір-ақ рет берілетін Алланың сыйы. Алла тағаланың алдында барлығымыз тең дәрежедеміз. Менің түсінігімше жалпы адам баласы өзін ешкімнен кем немесе артық дәрежеде ұстауға тиісті емес. Алайда, соңғы уақытта көп байқап жүрмін, бұл өмірде өздерін өзгеден жоғары ұстайтын жандар көбейіп кеткен. Көмек сұрап, аға-көкелеп келген жандарға мұрнын шүйіріп, тіпті кейбіреулерін адам санатына да қоспай, айтқан сөздеріне құлақ та аспай жатқандар да бар. Осындайда: «Адам» деген қастерлі атаудың қадірін кетіру осы шығар дерсің!.. Мейлі, шені, шекпені жоғары болса да ол да жаратылыстың күшімен Анадан туды ғой… Сонда өз мінезімен, алған тәрбиесімен туған анасын соншалықты ұятқа қалдыруға бола ма екен?" деп ойлайды екенсің…
Әрі қарай

Өмірге құштар жандардың мақсаты айқын

Өркениетті мемлекеттер мүмкіндігі шектеулі жандарды кеудесінен итермейді.Қайта оларға алабөтен құштарлықтың иесі деп, бір қабілеті болмаса, екіншісіне қарап, шарболаттай шыңдалуына,қиыннан қисын тауып,өмірдің қалтарысы мен бұлтарысында, шырғалаң жолында
Әрі қарай

Бізден ерекшелеу...

Блог - DinaAbdigalieva: Бізден ерекшелеу...
Кеш жарық! Жаңа жылды тойлап болған шығарсыздар? Соған қарамастан сіздерді шын жүректен жаңа жылмен құттықтаймын! Қазір ауылда жүрмін. Сағыныштан екі бөлікке бөлінген жүрек орнына түсті. Соған қарамастан жұмысқа шығып кеттім. Жазда «официантка»
Әрі қарай

Тақырыбы жоқ, жай ғана жан айғайы!

Блог - Great: Тақырыбы жоқ, жай ғана жан айғайы!
Өмірінде көп кітап оқымаған, оқысада бірен-сараңын қарап бірнәрселерді түйген, жартысын алып, керек емесін тастаған адам саған бірнәрсе айта алады деп ойлайсың ба? Иә, әрине, дәл қазіргі қоғам «попугайға»да микрофонды беріп, сөйлетіп қоятын заман
Әрі қарай

"Құстар фестивалі" фарс- комедиясы

Блог - BalausaOspan: Құстар фестивалі фарс- комедиясы
Оқыған мен көргеннің қайсысы әсерлі? Шығарманы сахнаға алып шыққанда кітаптағыдай жеткізе ала ма? Оқып отырғанда сол нәрсені көз алдына өз қиялымен елестететін оқырман сахнадан сол шығарманы көргенде көңілі қалатындай жағдай болмай ма?! Әрине,
Әрі қарай

Бейсенбі

Бейсенбі көзін тырнап ашты. Алагөбе таң бозара атып келеді екен. Бірден жұқа көрпесін сілкіп тастады. Сонсоң түнде жартылай сау баспен оқып бітірген, иығында қалып кеткен кітапты сол ашық күйінде жанындағы сөреге қойып, басын ұстап үнсіз отырды. Әрине, үнсіз; ояна салып, өзімен-өзі бірдеңе деп сөйлеп кеткені қызық болар еді.
Бейсенбі асықпай басып, балконға шықты. Арзанқол темекісін сіріңкемен тұтатты да, құшырлана сорды. Кешегі күннен бір белгі – алкоголь аңқыған (иә, сасыған емес, аңқыған) ауызына салыстырмалы түрде тың иіс енді. Ұртында — екі зұлматтың аралас қоймалжыңы; айғыз әйнек пен тор матадан тып-типыл аулаға үнсіз қарап тұрып қалды.
Әрі қарай

ӨМІР ЖАЙЛЫ БІРЕР СӨЗ - 2

Өмір дейміз. Өмірім қиын, Құдай маған бақ бермеген шығар деп айтатын адамдарды көп кездестіремін. Иә, өмір қиын екені рас. Ол сонысымен де өмір емес пе. Кімнің тіршілігі оп-оңай дейсіз?! Әркімнің өзіне жараса проблемасы, тауқіметі бар.
Өзіңіз ойлап көріңізші, өмірді сынақ дедік. Ендеше, не үшін ол оп-оңай болуы керек. Оқу орнында сессия уақытында тапсыратын емтихандарыңызға да дайындалып барасыз емес пе? Әрбір сұрақты қайталап, жаттайсыз. Ал сынақ тапсыру уақытында қанша жерден біліп тұрсаңыз да қобалжу болатыны өтірік емес қой. Сонда адамдардың қолымен жасалған сынақ соншалықты қиын болғанда, Жаратушы дайындаған сын не үшін оңай болуы тиіс?! Ақылымның кіре бастағаны ма, өмірге басқаша көзқараспен қарай бастағаным ба, білмеймін, осындай ой түйдім.
Жоғарыда өмір-сынақ пен білім-сынақты мысал ретінде салыстырдық. Бірақ екеуінің айырмашылығы да аз емес. Себебі сіз оқуда сізге түсуі мүмкін сауалдарды нақты белесіз. Қолыңыздағы 25 билеттің бірі келеді. Ал өмір-сынақта алдыңыздағы емтиханды болжап та біле алмайсыз. Алдағы 1 минуттың ішінде не болатынын білмейтін адам оны қайдан білсін. Сондай-ақ, адамдар дайындаған сынақтан адамды паралау арқылы түк болмағандай өте шығасыз. Ал өмірде жалғанды жалпағынан басқан миллионер, президент, әкім болсаңыз да, кімге «аға-көкелеп» жалынсаңыз да сізге ЕШКІМ көмектесе алмайды. ЕШКІМ! Тек өзіңіздің сабырлылығыңыздың, төзімділігіңіздің арқасында ғана қиналмай өтуіңіз мүмкін.
Өмірге кінә артуға ешкімнің де хақысы жоқ! Себебі миллиондаған ұрықтың ішінде жеңіске жетіп, жалғанды көру мүмкіндігін ие болдыңыз. Біз, адамдар, бұл пәниге мақсатсыз, ешбір себепсіз келген жоқпыз. Ендеше «Мен кіммін? Қайда барам? Не жасауым керек» деген секілді сауалдарға іштей жауап іздеп көрейікші.
ӨМІР… қиын, ауыр, қызықсыз болса да ТАМАША!
Барлық достарма айтарым: «Бұл жалғанда қанша сыналсаңыздар да, жапа шексеңіздер де, Мәңгілік өмірде Алланың нұрына шомылуды жазсын!
Бақытты болыңыздар! Өмірді мәнді өткізіңіздер. Ол енді қайтып келмейді. Дәл қазір өткен секундымыздың өзі артқа шегінбейді.
Әрі қарай