Cover әуен сүйсеңіз.

Блог - nurbolkarataev: Cover әуен сүйсеңіз.

Егер сіз бір әнді сүйіп тыңдап ол әннің екінші нұсқасын күтіп жүрсеңіз онда бұл жазбам сіз үшін. Қазір көптеген әншілердің әні хит болып, көпшіліктің көңілінен шықса, ол әннің міндетті түрде cover нұсқасы шығады. Осы орайда өзім үнемі тыңдайтын, бірақ сізгеде ұнайды деген үмітпен интернетте cover нұсқамен аты шыққан әншілерді назарларыңызға ұсынбақпын.

Jasmine Thompson бұл талдырмаштай Youtube-тегі каналы бар арудың дауысы кейде түпнұсқадағы әннен де әсерлі болып шығады. Дауысы да мықты, әр видеосы жүз мыңдаған көрілім жинайды.
Youtube-ке 10.10.2010-шы жылы тіркелсе,
көрілім саны; 493 331 267
жазылушысы; 2 970 758

J.Fla әр видеосы миллиондаған көрілім жинайтын бұл азиялық қыздың бір қырынан түсірген cover нұсқасы, расыменде көпшіліктің ықыласы ерекше екені даусыз. Дауысында да бір мін жоқ.
Youtube- ке 22.08.2011-ші жылы тіркелсе,
көрілім саны; 1 117 860 591
жазылушысы; 5 903 540

Made in KZ отандық cover нұсқаны орындаушы қыз, жігіттердің көрсеткіші жаман емес. Көптеген танымал, хит әндердің cover нұсқасын орындаған жерлестерімізді мақтап қоюға болады.
Youtube-ке 04.04.2009-шы жылы тіркелсе,
көрілім саны; 2 193 119
жазылушысы; 19 038

Бұл cover-шілерді өзім үнемі тыңдайтын болғасын өзгеде оқырман, интернет қолданушылармен бөліскенді жөн көрдім. Сізде Youtube-те хит әндердің cover нұсқасын қарай жүріңіз.
Әрі қарай

Домбыра Party: Домбыра суықтан қорықпайды

Өткен аптаның эйфориясы тас-талқан бола жаздады. Жалғыз өзім жарты сағаттай отырып, тоңып қалған соң енді қайта бергенімде бірден он шақты адам сау етіп, жинала қойды. Танысы, таныс емесі бар, бәрі патиді арнайы іздеп келе жатқандар екен. Жаңа ғана нәскиден бір шыққан нәстрәение әп-сәтте пәтәлөкке жетіп барды. Содан әнді жібердім. Менің репертуарым таусылғанда, домбыраны Тұрсынхан деген жігіт алды. Мамандығы инженер-құрылысшы екен. Үйді де ән айтқандай салса, жаман маман емес сияқты. ;) Бағасын өздеріңіз берерсіздер.









Иә, бүгін тек Тұрсынхан екеуміз ән айттық. Көрермен қосыла шырқады. Өтіп бара жатқандар әдеттегідей тұра қалып тыңдап, қолпаштап жатты. Бірақ суықтан домбыра қорықпаса да өзім тоңып, бір сағаттан сәл-пәл асыра патиді бітірдік.

Келесі апта күн жылынады деп жатыр ғой. Енді қалып қоймаңыз.
Әрі қарай

#QazzaqDepression. Аяған Себастьян Бақ. "Муззона"

Менде бір керемет сюжет бар...: #QazzaqDepression. Аяған Себастьян Бақ. Муззона
(пролог іспетті)
Санта лючия,
Санта лючия,
Санта лючия,
Санта.
Санта лючия,
Санта лючия,
Санта лючия,
Санта!


— Кхм… — деді бір кезде үш жарым сағат бойы үндемей, терезеден алыстағы әлденеге қарап тұрған клиент. Сосын креслоға жантая кетті.
Әрі қарай

Шырқа, гитара! ән кеші

16 ақпан күні, сағат 17.00. «Қарағанды облысы жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен «Шырқа, гитара!» атты ән кеші өтті. Қарағанды қаласының кәсіби және әуесқой гитаршыларының басын біріктіріп, ән салып, өнерпаз жастардың уақытын тиімді пайдалана отырып, олардан түрлі ұсыныстар алып, сұхбат құрып, көңілді кеш ұйымдастырылды.

Қатысқан гитаршылар:
Шакенов Владимир Жунусович – Қарағанды қаласының №1 балалар музыкалық мектебінің ұстазы. Свердлов қаласының, Чайковский атындағы музыкалық училишесінің гитара класын тәмәмдаған. Көп жылдық тәжірибелі гитаршы.

Айнаш Сәдуақас – Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің 7 курс студенті;

Әнші, сазгер Жансерік Нишанбеков;

Рауан Қабидолдин – ақын, облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің тілшісі;

Асыл Баянова – Қарағанды мемлекеттік университетінің шет тілдер факультетінің студенті;

Марғұлан Уәли – әнші, сазгер. Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығының маманы.

Сонымен қатар Алмас Мырзахмет, Айзада Рахимжанова, Еркін Нарынов т.б. ақындар өлеңдерін оқыды.

Кеш еркін форматта өтті. Елімізге танымал сонау 70 жылдардан бастап, кейінгі жылдарға дейінгі сазгерлердің әндерін айтып, және жаңа авторлық әндер орындалды.

Ән қалықтап, көңіліміз шарықтай берсін!

Блог - ZhastarTynysy: Шырқа, гитара! ән кеші

«Шырқа, гитара!»

Құрметті достар!

«Қарағанды облысы жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен өтетін «Шырқа, гитара!» ән кешіне шақырамыз!
Блог - ZhastarTynysy: «Шырқа, гитара!»

Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У !

2016 жылғы 5-7 қазан күндері Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы аясында Шәмші Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» Халықаралық ән фестивалі өтеді.

Фестивальге эстрада жанрындағы 18-35 жас аралығындағы конкурсанттар қатыса алады.

Фестиваль жеңімпаздарына төмендегідей жүлделер мен сыйақылар тағайындалады:
1) Бас жүлде (1 000 000 теңге);
2) бірінші жүлде және лауреат атағы (750 000 теңге);
3) екінші жүлде және лауреат атағы (500 000 теңге);
4) үшінші жүлде және лауреат атағы (250 000 теңге);
5) Диплом (50 000 теңге);
6) Диплом (50 000 теңге).

Конкурсанттардың Қазақстан Республикасының Шымкент қаласына барып қайтуы жолдаушы тарапынан, ал Шымкент қаласындағы ішкі көлік, қонақ үй және тамақтану ұйымдастырушылар есебінен.

Фестивальге қатысу үшін құжаттарды мына мекен-жайға жолдау қажет: 010000, Қазақстан, Астана қаласы, Орынбор көшесі 8, «Министрліктер үйі»,
15 кіреберіс, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі. Байланыс телефондары мен электрондық мекен-жайлар: 8(7172) 740517, 740340 87015550436 к.mukhangaliev@mail.ru, fdrnkz@mail.ru.

Фестивальдің жалпы ережелері мен тәртібі жөніндегі толық ақпаратты «VK.com» әлеуметтік желісіндегі «ЖастарТынысы» парақшасынан алыңыздар. Сілтеме: vk.com/cmiko?w=wall217073284_1174%2Fall

Инстаграм
Әрі қарай

Қаңтардың қар желі еседі... ("Иван Васильевич мамандығын ауыстырады" к/ф-інен)


Пенденің дейтұғын
дөңгелек Жерді үйім,
Сүйгенін табуы —
мәселе ең қиын.
Жердің тек білгені —
тоқтаусыз айналу,
Оңай ма, оңай ма
Ғашық боп қалу?

Қаңтардың қар желі еседі,
Толассыз мазалап нөсері,
Жұлдыздар айнала көшеді,
Қала зар қақсайды.
Көрмейді адамдар бір-бірін,
Байқамай өтеді мұңлығын,
Жоғалтпас осылай кімді кім,
Содан соң ешқашан таппайды.

Сезімге тағы бір
қиындық бар қарсы:
Тапқан соң боп шықса
алдамшы, алдамшы?!
Жалғанын табасың,
Шатасқан бір күні
оңай ма, оңай ма
анықтау мұны?!

Қаңтардың қар желі еседі,
Толассыз мазалап нөсері,
Жұлдыздар айнала көшеді,
Қала зар қақсайды.
Көрмейді адамдар бір-бірін,
Байқамай өтеді мұңлығын,
Жоғалтпас осылай кімді кім,
Содан соң ешқашан таппайды.

Бір жақта жүрекжар
махаббат бар маған,
Мәңгілік,
ешкім де қайталай алмаған.
Көптен оны іздедім,
Күндерде зулаған
оңай ма, оңай ма
кезігу оған?!

Қаңтардың қар желі еседі,
Толассыз мазалап нөсері,
Жұлдыздар айнала көшеді,
Қала зар қақсайды.
Көрмейді адамдар бір-бірін,
Байқамай өтеді мұңлығын,
Жоғалтпас осылай кімді кім,
Содан соң таппайды
ешқашан, ешқашан,
Содан соң ешқашан таппайды.

пы.сы. Пост-түпнұсқа мен жеке орындаулардан өздеріңіз ұнағанын таңдап аларсыздар. 8-) *Angel*





Әрі қарай

Миға "жабысып" қалған әннен құтылудың жолдары

Сана мен сезім: Миға жабысып қалған әннен құтылудың жолдары

Кейде бір ән басымыздың ішінде айналып тұра береді, кетпей қояды. Жаман ән де емес, бірақ жұмыс істеуге, басқа іске толық зейін қоюға кедергі келтіреді. Қалай құтыларымызды білмей дал боламыз.

Ғылым не дейді бұл туралы?

Алғашқылардың бірі болып бұл феноменді Джеймс Джей Келарис атты Цинциннати университетіндегі бір ғалым зерттеген екен. Оның айтуынша түрлі дыбыс, музыкаларды тыңдаумен айналысатын мида бір есту аймағы бар. Музыка қосылған кезде бұл аймақтың қабығы қозғалып, дыбысты қабылдай бастайды. Кейін миға бір ән естілгендей болып, жалған сигналдар түскен кезде осы қабық қайтадан қозғалып кетеді де, соңғы тыңдалған әнді қайтадан "қосады".

Дартмут колледжінде қызық эксперимент жасалыпты. Адамдарға өздеріне таныс әнді тыңдатып, кейін ортасынан тарс үзе салған кезде мидағы есту аймағы тыныштық орнаған кезде өзінен өзі қосылып, әнді мидың ішінде өзі әрі қарай "қоса" берген. Ал, таныс емес әнді қосып, кейін тоқтатқан кезде МРТ-сканер ондай толқындарды байқамаған.

Айра Хайман атты ғалымның айтуынша адамның миындағы бұл «плеерде» сүйікті әндер плейлисті болады екен. Ми қабығы яғни бостан босқа кез-келген әнді қоса бермейді, тек адамның өзіне шынымен ұнайтын әндер ғана қосылады. Мысалы, Қайрат Нұртастың әндерін «айтып» жүрсеңіз — демек, ол сізге ұнайды деген сөз ;)

Жабысқақ әндер хит-парадын әлем бойынша мыналар бастайды екен




Құтылу жолдары қалай?

— Басқа бір әнді айтып көріңіз ішіңізден немесе басқа бір әуенді музыкалық аспап болмаса саусақтарыңызбен үстелді тарсылдатып;

— Сана мен денеңізді басқа арнаға бұрып көріңіз. Мысалы, жүгіру немесе бір жаттығулар жасау;

— Жаңағы әнді басынан соңына дейін мұқият тыңдап шығыңыз. Бәлкім әннің бір сөздері «тұрып» қалған шығар еске түспей қалып?

— Радио немесе басқа ән қосыңыз;

— Жабысқақ әнді басқа біреуге тыңдатып көріңіз. Эстафета эффекті де көмектесуі мүмкін;

— Қатты бір нәрсені тістеп, шайнап көріңіз.

Егер бұл әдістер көмектеспесе немесе жиі қайталанатын болса психологқа барған жөн. Мұндай нәрсе әйелдерде және психологиялық обсессивтілігі бар адамдарда көбірек байқалады екен.

Айтпақшы, бүгін қай ән сізге жабысып қалды? :)
Әрі қарай

Ұсыныс!

Қазақстан аумағындағы супермаркеттерде тек қана қазақша әуен ойнап тұруы керек. Бұл өзге тілде ойлайтын елдің санасын жаулауға жақсы әсер етеді. Өзімізге де жағымды. Маркетологтар күннің әр мезгілінде әр түрлі ырғақтағы әуендерді қоюға кеңес береді екен. Мысалы: сағат 2-5 арасында баяу ән қою. Бұл мезгілде супермаркетке үйде отыратын, асықпайтын адамдар сауда жасауға көп келеді екен. Әуен де баяу болса олар асықпай жүріп таңдауын жасайды. Керісінше сағат 6-9 аралығында тез әуен қояды. Бұл мезгілде жұмысынан үйіне асығып бара жатып тез-тез сауда жасайтын қызметтегі адамдардың уақыты (час пик). Яғни, супермаркеттегі қойылатын әуендер адамның санасына, іс-қимылына тікелей әсер етеді. Оны көбіміз байқамаймыз да. Егер біз сол әуендерді қазақшаға ауыстыртатын болсақ қазақ тіліне жақсы әсері болады деп ойлаймын. Адамдардың көп шоғырланатын, көп баратын жерлері де осы супермаркет сияқты. Насихатты шағыннан бастау керек)
Әрі қарай