Әрбір ана өз баласымен бақытты.


Өзгермелі өмірдің сан қилы соқпақтарынан жүріп өтіп «Адам» деген құрметті атқа ие болу үшін ақыл мен парасаттылық, инабаттылық пен имандылық, сыйластық пен достық, мәдениеттілік пен әдептілік адам жүрегінде болуы тиіс.Осы қасиеттерді Аллаға шүкір бойымызға сіңіре білдік.Мұның бәрі отбасы тәрбиесінің арқасында."Ұлдың ұяты — әкеге,қыздың ұяты — шешеге",«Кішіпейілділікен кішіреймейсің..»,"Қыз қылығымен сүйкімді",- деп анам ылғи да айтып отыратын.Ана — асыл жан ғой шіркін!!! Баласы үшін қашанда уайымға салынып, алаңдап отырады.Менің ата-анам алты қыз, екі ұлды тәрбиелеп өсіріп отыр.Отбасында әкеден бұрын ананың берген тәрбиесі ерекше.Осы уақытқа дейін ешбір қиындыққа мойынсынбай балаларын өсірген әке-шешеме алғысым шексіз.Анам «Алтын алқа» иегері,қазіргі таңда аудандық "Қазпочта" бөлімшесінде қызмет атқаруда.Еңбек жолын есепші қызметінен бастаған анам, отбасында аяулы жар, ардақты ана.Мен бақыттымын!Өйткені әке-шешем қасымда.
Құрметті жастар аналарыңызды ешқашан ренжітпеңіздер.Аналарымыз ешқашан қартаймасын.Иншаллах әрқайсымыз өз анамызды бақытты ете білейік!!!
Әрі қарай