Дін бірлігі - ел бірлігі

Аллаға шүкір тәуелсіз Қазақ еліміз. Әлемде жер көлемі жағынан 9 орын аламыз деп мақтана да қуана айтып, жар саламыз. Жас тәуелсіз ел ретінде жеткен жетістіктеріміз аз емес, бірақ қордаланып, сыздауықтай сыздатып, рухани азғындау мен ауытқушылыққа алып бара жатқан қоғам мүшелері жоқ емес.
Гитлер: «Жаулап алған жерлердің халқына таң азаннан кешке шейін дауыстап музыка тыңдату керек. Кітап оқуға мұрша келтірмеу керек. Рухани сусындамаған халықта уайым аз болады. Тиісінше басқару да оңай түседі» деп атап өткен екен. Қазіргі қоғамды қарап отырсақ, ақпараттық тасқынның арасында рухани құндылық жүйемізде де үлкен өзгерістер мен бетбұрыстар болып жатқаны жасырын емес. Жартылай жалаңаш былай тұрсын, тыржалаңаш қыздарды көріп өсіп келе жатқан жас ұрпақтың ертеңгі күнін көз алдымызға елестету қорқынышты. Рухани азғындаудың бастауы осыдан болса, ұлттық тұтастықтан айыратын жаңа бас ауру діни алауыздық болып отыр. Дәстүрлі дінімізден алшақтап, исламнан түбегейлі баз кешіп, шоқынып жатқан қазақтың ұл-қыздарын, Иса мәсіхті жырлап, домбыралатып, әндетіп жатқанды да көріп отырмыз. Осының ішінде ислам дінін ұстанушы халқымызыдң өзінде түрлі ірткі оқиғалары болып, арты әлеуметтік алауыздық, түсініспеушілікке әкеліп отыр.
Бүгін ойланбасаң ертең кеш болатыны анық. Бірақ, көзсіз ерушіліктің салдарынан көптеген қандастарымыз алған беттерінен танбай отыр. Бұл болашақта неге әкеліп соғуы мүмкін. Оны мөлшерлеп, қаперіне қыстырып та жатқан жоқ. «Дініміз ислам, тегіміз түркі» екенін ұмытпайық ағайын деп жар сала жариялап жатқанымен де, ұлттық, мемлекеттік ауқымда ойлап, бас қатырып жатқандар шамалы. Кешегі «Алаш» қозғалысының мүшелерінің жан айқайын елеп, ескеріп, қаперімізге алып, өткеннен сабақ ала отырып, болашаққа бағдар құрсақ, жастардың бойына рух беретін, ұлттық идея деңгейіне көтерілетін ұран тастай білсек, барша халыққа қозғау болар еді. ертеңгі күнге сенімсіз жігерсіз, әлжуаз, қабілетсіз, ынжық болып бара жатқандай ұрпақ. Бәріне бірдей топырақ шашқанымыз жарамас, көзінде оты бар, ұмтылып, талаптанып отырғандарымызда жетерлік. Бәрібірде бізге ұлтты ұйыстырушы "ұлттық идея" керек!
Әрі қарай