Қыз бала тәрбиесі

Қазақ халқы қыз бала тәрбиесіне бұрындары ерекше мән берген, бірақ қазіргі заманда бұл бізде асқандап кетті. Сол кездегі тәрбие мен қазіргі кезді салыстыратын болсақ, тәрбиеге байланысты біраз жағдайлар өзгерген.
Баяғыда " қызға қырық үйден тыйым " деген бір асыл сөздер бар еді бірақ бұл, қазіргі қоғамда көптеген отбасылар да қолданыла бермейді. Былай айтуымның себебі қазіргі таңда әртүрлі тәрбиеге куә болып жүрміз. Әр отбасының берер тәрбиесі әртүрлі болады. Тәрбие отбасынан басталады дегендей, қыз баланың дұрыс болып өсуі, ата-анасының берер тәрбиесіне байланысты.
Қыз болашақ ана, ал ана болса сол елдің болашағын дүниеге әкелетін адам. Сонымен қатар оның тәрбиесі қандай болса, болашақ ұрпаққа да берері сол. Сондықтан, қыз баланың тәрбиесіне көңіл бөлу өте маңызды.
Қыздың тәрбиесі үлкендерді сыйлау, дөрекілік көрсетпеу, таза жүру, жинақы болып киіну, өзін дұрыс ұстай білуде емеспе?
Қазіргі дамып бара жатқан XXI ғасырдың ағымына ілесіп кетпей, әр бір нәзік жан, өзінің инабаттылығы мен ибалығын жоғалтпауы тиіс. Бүгінгі таңның қоғамына байланысты, бұл қасиеттерді бойында сақтап қалу қиынға соғады.
Қазақ халқы қыз баланы « жат жұрттық » деп айтады. Себебі, өсіп жетілген де ол басқа үйге, яғни жарының отбасына барады. Сол үйдің түтінінің түзу шығуы әйел адамға байланысты. Ол өзінің көргенін, білгенін сол кезде қолданады, осыған қарап қаншалықты тәрбиелегені көрінеді.
Қорытындылай келе — қыз баласы өсіп келе жатқан әр отбасы, қызға мейлінше жақсы жағынан тәрбие бере білу тиіс.