Жамбыл облысы Сарыкемер мектеп гимназиясында «КӨП ТІЛДІ БІЛУ ЗАМАН ТАЛАБЫ» АТТЫ ШЕБЕРЛІК СЫНЫП ӨТТІ

Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастыруымен 6 қараша күні Жамбыл облысы Байзақ ауданында Сарыкемер мектеп гимназиясында көп тілді меңгерген жастарға қолдау көрсету мақсатында «КӨП ТІЛДІ БІЛУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ» атты шеберлік сынып өткізілді.
Шараны Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының талдау және мониторинг болімінің бас маманы-Матжанова Жұлдызай Кньязевна ашып өтті. Шеберлік сыныптың спикерлері: Тараз инновациялық гуманитарлық университетінің ғылым және халықаралық қарым-қатынас бөлімінің бас маманы, ағылшын пәнінің мұғалімі Сабина Жаксылыкова, «Болашақ» бағдарламасының түлегі, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» ұлттық жобасының жеңімпазы, Нью-Йорк киноөнері академиясының магистранты Айдие Айдарбеков, «Қазақстан жастарының конгресі» ЗТБ жанындағы Республикалық жастарды дамыту орталығының басшысы Ерғазы Әбдіманат жастармен үш тілділік саясаттың маңызы бойынша, қәзіргі таңдағы жастардың рөлі мен алар орны тақырыбында пікір алмасты.
Сабина Орынбекқызы 7 тіл меңгерген жас ретінде жастарға өзінің қалай тіл тез меңгеруі бойынша және көп тіл білген жастардың қәзіргі қоғамға қажеттілігі бойынша пікір айтып өтті.
Айдие Ұланбекұлы Нью-Йорк киноөнері академиясының магистранты, жастарға үлкен мотивация берді. Ол осындай үлкен жетістіктерге қалай жеткені бойынша, ол жетістіктерге тіл меңгеруінің нәтижесімен болғанын баса назар аударып өтіп, Кино саласындағы армандарымен бөлісіп өтті.
Ал соңғы спикер Ерғазы Әзімханұлы тіл меңгерудің маңыздылығы бойынша тоқталып өтіп, өзінің жаста болса, үлкен жетістіктерге қалай жеткені бойынша айтып өтті. Жастарға болашақтарына үлкен мотивация беріп, көптеген сұрақтарына жауап алды.
Шара соңында жастардың сұрақтарына әр спикерлер жауап беріп, естелік суретке түсті. Осындай шаралар көп болсын деген жастардың ұсыныстары көп болды.

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ШУ ҚАЛАСЫ СӘКЕН СЕЙФУЛЛИН ШАҒЫН ОРТАЛЫҚТЫ ОРТА МЕКТЕБІ «ҮШ ТҰҒЫРЛЫ ТІЛ – ҰЛТ КЕЛЕШЕГІ» АТТЫ ШЕБЕРЛІК СЫНЫП ӨТТІ

Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастыруымен 22 қараша күні Жамбыл облысы Шу қаласы Сәкен Сейфуллин шағын орталықты орта мектебінде көп тілді меңгерген жастарға қолдау көрсету мақсатында «ҮШ ТҰҒЫРЛЫ ТІЛ – ҰЛТ КЕЛЕШЕГІ» атты шеберлік сынып өткізілді.
Шеберлік сыныптың спикерлері: Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының талдау және мониторинг болімінің бас маманы-Матжанова Жұлдызай Кньязевна, Қ.А.Яссауи университетінің гуманитарлық ғылымдар факультетінің Phd докторы Ботақараев Бауыржан Қуанышбайұлы, Тлеухан Досболат Серікұлы 5 тіл меңгерген полиглот, Жамбыл облысы «Қазақстан студентерінің альянсы» ЖҚБ төраға орынбасары мен Жамбыл облысы «Жібек Жолы Жастары» еріктілер қозғалысының төрағасы Мурзахметов Фарух жастармен үш тілділік саясаттың маңызы бойынша, қәзіргі таңдағы жастардың рөлі мен алар орны тақырыбында пікір алмасты.
Мурзахметов Фарух 6 тіл меңгерген жас ретінде жастарға өзінің қалай тіл тез меңгеруі бойынша және көп тіл білген жастардың қәзіргі қоғамға қажеттілігі бойынша пікір айтып, өзінің барған мемлекеттерге саяъаты туралы ой қозғап қызықты мәліметтерімен бөлісті.
Ботақараев Бауыржан Қуанышбайұлы, ол өзінің осындай үлкен жетістіктерге қалай жеткені бойынша, ол жетістіктерге тіл меңгеруінің нәтижесімен болғанын баса назар аударып өтіп, Туркия, Франция тағы басқа мемлекеттерде тілдің маңыздылығын айтып өтті.
Ал соңғы спикер Тлеухан Досболат тіл меңгерудің маңыздылығы бойынша тоқталып өтіп, өзінің жаста болса, үлкен жетістіктерге қалай жеткені бойынша айтып өтті. Жастарға болашақтарына үлкен мотивация беріп, жастар көптеген сұрақтарына жауап алды. Сонымен қатар шет мемлекетерде оның ішінде Үндістан мемлекетіндегі сапарындағы тілдің қажеттілігін, ол мемлекетің салт дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына тоқталып өтті.
Шара соңында жастардың сұрақтарына әр спикерлер жауап беріп, естелік суретке түсті. Осындай шаралар көп болсын деген жастардың алғыстарын алды.