Қыстың алғашқы таңымен құттықтаймын!! :))
Қысты менің таныстарымның көбі ұнатпайды. «Суы-ы-ық қой, қойшы-ей!» Сол-ақ па?
Суығы несі? Қыс деген ол басқа-а әлем ғой! Аяз атаға сенуден басталды ма екен, осы күнге дейін қыс кезінде өмірден әр-түрлі «чудеса подозревать» етіп жүремін. Уже патология болып кеткен. Бола берсін.Ғажайыпқа сенгеннің несі жаман? Балаларымды да солай үйретемін! Көктемде гүлдердің арасында гномдар жүреді деп айтамын, ал! Тіпті ешқандай да ғажайып болмаса да, қыстың қуаныштары кө-өп қой. Көше шамдарының жарығымен жалт-жұлт етіп, жапалақтап жауып тұрған қардың астында келе жатудың өзі күшті-іі ғой Аққала, шаңғы, жаңа тоқылған ор-р-рранжевый жүн шарф пен свитер, Кристмас (екеу!), Жаңа жыл, әкемнің туған күні… Күн аяз деп ешқайда қыдырмай, демалыс күні үйде қалғаныңа өзің де, үйдегілер де мәз Және мен сияқты душевно неуравновешанный адамдарға бұл эмоциональное успокоение әкелетін уақыт.
Қыс туралы мендегі ассоцияларды тізе берсем таусылмайтын шығар.
Жаурап қалмаңыздар!