Қысқаметражды шедеврлерді көргіңіз келсе...

Қысқаметражды фильмдердің көрермені болу сүйкімсіз іс. Олар кинотетарларға шықпайды, 10-20 минуттық сюжеттер аса үлкен эмоциялар сыйлап та үлгермейді. Оны түсіретіндер де көп жағдайда кино әлеміне алғаш қадамдарын басқан атақсыз, абыройсыз жастар. Әрине қысқаметражды фильмдерде революция жасаған Pixar-дың режиссерлерінің анимациялық, ойы терең, суреті көркем, пәк туындыларынан басқа қарайтын ештеңе жоқ сияқты.
Осыған дейін мен де солай ойлап келдім…
Бірақ интернеттің қазыналары кейде аяқ астынан шығып жатады. Сонымен kothvosta.ru сайтымен таныс болыңыздар. Бұл сайт Рунеттегі қысқаметражды фильмдерге арналған жалғыз ғана сайт. Сайтта басыңды ауыртатын мақалалар, қажетті-қажетсіз рецензиялар және т.б. кино туралы сайттарға тән ұсақ-түйектер жоқ. Блог түрінде сайт авторы әртүрлі өзі таңдаған, ұнатқан, таңғалған қысқаметражды фильмдерге бір-екі абзац ойын білдіріп, фильмдерді жүктеген. Фильмдер тақырыптар бойынша бөлінген, бірақ бастысы ол емес. Бастысы, автордың шынымен де, ерінбей ізденіп, интернеттің түкпір-түкпірінде шашылып жатқан, белгілі-белгісіз қысқаметражды фильмдерді бір ортаға жинағандығы. Қарапайым ғана ой осындай керемет сайтты дүниеге әкелген.
қысқаметражды фильм бөлек зерттелетін, керек десеңіз, толық метражды фильмдерден де ауыр, үлкен жұмысты талап ететін сала екенін сайттағы шедеврлерді көре отырып түсінетін боласыздар.
Бюджет лимиті, тіпті кейде бюджетсіз және аз ғана минуттар ішінде басы, ортасы, аяғы бар, ой салар фильм түсіру тек таланттардан басқа, ешкімнің қолынан келмейтін дүние.
Сөз соңында кино деген сөзге қатысты арманы, мақсаты бар керекинфолықтарға қолдарыңызға ұялы телефондарыңыз немесе жай DSLR фотоаппаратттарыңызды алып алғашқы қысқаметражды фильмдеріңізді түсіруді бастаңыздар.
Әрі қарай