Боқ жоғалтқан
Бұл оқиға 70-80 жылдардың шамасында болған деседі. Бірақ ауылдың айтқыштарының аузынан әлі күнге дейін неше түрлі версиясын естисің. Соның бірін айтайын. Ауылда автобазаның жұмыс жасап тұрған шағы, әр түрлі жүк көліктері респулика көлеміне дейін шығып жүреді екен. Бірде облыс орталығынан ауылға қарай жол тартқан камаздың рульінде орта жасқа келіп қалған өзін жұрт сыйлайтын ағамыз қасында көмекшісі өзімен құрдас өзі бір қылжақбас адам отырыпты. Жолда шопырды ұлы дәрет қысатта қасындағысына сен отыра тұр мен барып дәрет сындырып қайтам деп шығып кетеді. Қасындағы құрдасы білдірмей артынан олда шығып шопырға сездірмей күрек төсеп тосып алып оны баска жака апарып тастап тып тыныш камазға кеп отыра қалыпты. Әлден уақыттан кейін қараса шопыр дәрет сындырған жерін ары айланып бері айланып қарап жүр дейді. Құрдасы әй әкеңнің неіздеп жүрсің? десе анау жаңа ғана мына жерге тышып едім бірақ боғым жоқ деп айтатын көрінеді. Сол күні әлгі ағамызға боғының жоғалып кеткені жұмбақ күйінде қалыпты. Артынан құрдасының ісі екенін жұрт айтып жүргенде бірақ білген екен… Осылай бұл оқиға жұрт аузында «боқжоғалтқан» деген атпен әлі айтылып жұрт оған әлі күледі.
Әрі қарай