Қазақша "Эль-Классико" немесе бұтбол туралы!

Білем, Қазақстан Республикасында футбол бар деп айту қиын, бірақ одан біздің премьер-лигамыз қызық болмай қалған жоқ. Бүкіл қызық енді басталайын деп жатыр, өйткені тізімде көш бастап тұрған командалар өте тығыз орналасқан және одан қалды ФК «Ақтөбе» Еуропа Лигасын соңғы болып аяқтағанына байланысты, өзінің қарсыластарымен салыстырғанда екі кездесуге кем ойнаған екен. Бүгін, яғни 2012-нші жылдың 15-нші қыркүйегінде футболдан Қазақстан премьер-лигасының 22-нші туры өтеді. Жергілікті клубымыз Көкшетаудың «Оқжетпес»-ін қабылдайд. Осы кездесу Астана уақытымен сағат 20:00-де (яғни бізше жетіде) басталады. Енді «Ақтөбе» футбол клубындағы негізгі қақпашыға келсек, өздеріңіз байқап жүрген шығарсыз, Қазақстан құрамасында да Сидельниковтың соңғы уақыттарда жолы болмай жүр. Мүмкін ол Мокинге қарағанда допты өз қақпасына әдемі жіберетін шығар, бірақ қайткенмен де сол баяғы сценарий. Білеміз, Андрей біздің командамызды бұрындары да талай құтқарып келді, мысалға: біздің көршіміз «Тобыл» командасымен болған «Алтын матч»-та пенальти сериясында өзін жақсы жағынан көрсетті. Алайда ол өткен шақ. Бізге қазіргі таңда жақсы қақпашы керек, өйткені "қақпашы — бұл жарты команда" демей ме?! Андрей Сидельниковтың футболдан ел біріншілігі аясында соңғы болған кездесуіндегі, яғни Қазақстан-Ирландия мен Швеция-Қазақстан ойындарына дейінгі қателіктерін мына бейнежазбадан тамашалай аламыз, өйткені осындағы мистейктерді ол Қазақстан құрамасының соңғы екі матчында да қайталад:
(видео «Ақтөбе» футбол клубының fc-aktobe.kz/ ресми сайтынан алынды)
Әрі қарай

УЕФА қақпашыларды қолдайды



УЕФА-ның Денсаулық сақтау және футболшы психологиясы департаментінің зерттеулері бойынша футбол ойыны кезінде ең көп психологиялық зардап шегуші аймақ қақпашылар екен. Қақпасына гол жіберудің өзі оларға соққы болғанымен, өз командасының голдарына да көппен бірге қуана алмауы олардың психикаларына үлкен әсер етеді екен. Осындай себептердің салдарынан қақпашылардың жеке өмірлерінде түрлі мәселелер туындап жатады. Атап айтқанда суицид оқиғалары, агрессия және ажырасу жиі кездеседі.

Департаменттің 5 жылғы сараптамасы оң нәтиже беріп, УЕФА басшылығы қақпашыларды бұдан кейін ерекше қамқорлыққа алатын болды. УЕФА президенті Мишель Платини бұдан кейін қақпа артында 5 адамнан құралған қақпашының отбасы мүшелері немесе достарынан құралған топтың тұруына рұқсат берді және бұл топ команда гол соққанан кейін 1 минуты аспайтын уақыт ішінде алаңға кіріп, қақпашымен бірге гол қуанышын бірге бөлісе алады. Сондай-ақ ойын кезінде қақпа артында тұрып қақпашымен әңгімелісіп тұруларына да рұқсат. Аталмыш шара 8 маусым күні Польша және Украинада өтетін Еуропа елдері біріншілігі ойындарында алғаш рет іске қосылмақшы.
Әрі қарай

Каратист қақпашы!

Голандия кубогының 1/8 финалы Аякс — АЗ кездесуі. 1:0 мен жығылып жатқан АЗ-ның қақпашысы Эстебан алаңға жүгіріп шыққан жанкүйерді тепкілеп тастады.



сосын қақпашыға доп емес адамды тепкені үшін қызыл қағаз беріп, алаңнан қуады. Ұтылыпатқан АЗ-ның бапкері екі бірдей қорлыққа шыдай алмай тәрбиеленушілерін ертіп қақпашының соңынан кетеді.
Әрі қарай