Көкжалдар жаңа белгі іздеуде!!!



Қызылорданың Қайсар футбол клубы жаңа белгі(логотип) ойлап табуға конкурс жариялады.

Әр автордан 3 белгі қабылданады.

Жеңімпазға 75000тг көлемінде сыйақы беріледі.

Конкурс 1 наурызға дейін жалғасады.

Белгі жасар алдындағы ескерту:
-Қызыл және ақ түстерді қолдану
-Міндетті түрде қасқырдың және доптың суреті болуы
-Белгіде(логотип) ағылшын тілінде клубтың аты — FC Kaysar,
қаланың аты болуы — Qyzylorda(Kyzylorda) немесе Orda
-Құрылған жылын белгілеу — 1968
-Белгінің ақырғы нұсқасы векторлық форматта болуы және де басып шығаруға ыңғайлы болуы керек

Дайын жұмыстар мына электронды жәшікте қвбылданады:alimzhan90@gmail.com

Кайсар ФК-ның сайты: fckaysar.kz
Фан-клуб: wolves.kz

Жаңа белгі, жаңа маусым, жаңа мақсат, жаңа жеңіс…
Фэйсбукте: facebook.com/fckaysar.kz
Әрі қарай

Чемпион болар күн қашан?

Сен салмадың мен салдым,
Қайырлы болсын сіздерге,
Бізден бұл қалған теңбіл доп.
-Уэйн Марк Руни

  Қазтуғанша жырласақ: "Қайран да Қазақ футболы, Чемпион болар күн қайда?". Бүгінде 90-минут «синдромынан» кейін ұлт футболы жайлы әңгіме айтудан қалдық. Әлем чемпионатына қатысу бейне бір оқырманына жетпеген, жазылып бітпеген «поэма немесе эпопэя» секілді. Кейде кездейсоқ бір ой келеді. Алтыдағы баласынан алпыстағы шалына дейін ала доппен ауырған Еуропаға қосылмай-ақ, Азияда алшаңдай басып жүре бермедік пе деген.Қаржысын қайда жұмсарын білмеген атымтайлар ай қарап жүрген шақта, теңгеден теперіш көрген "Қайсарлықтар" ел премьер лигасына қатыса алмай отыр. Отандық аяқдоптың деңгейі қашан көтеріледі? Айтпақшы, биыл қуанышы мен жубанышы егіз қазақ футболына 100 жыл толды. 1913 жылы жас Мұхтар Әуезов құрамында болған алғашқы футбол командасының атауы «Ярыш» деп аталған-ды. Міне ұлы Мұхаң ойнаған қазақ футболы тұп-тура бір ғасырды артқа тастапты. Біз ғасырлар тоғысында неден ұттық, неден ұтылдық?
Ғасырдан да ұзақ 90 минут...
Әрі қарай

Бірі де есімде қалмады...

Бір аяғымды болып, екінші аяғымды жуа бергенім сол еді, телевизордан:
— Режиссері — Миң Хың Мың — деген сияқты дыбыс шықты.
Экзотикалық есім иесінен тәуір кино ғана күтуге болатынын білетін мен табанымды жуып болғанымша асықтым, амал не,
Әрі қарай