Қайдасың, "керек" кешегі?

Тұсы бар ма тауыңның бұлт артпаған!
Тау бүркіті ол,
Далаға бұл тартпаған.
Қайран күндер:
Қиада құйылғанда
Қырдың қызыл түлкісін бұлтартпаған!

Түлкі түгіл,
Түсетін қасқырыңа,
Қасқырыңа- Албасты басқырыңа.
Өткір еді- ау, алмас шеңгелі оның
Қайрап- қайрап алғандай тас қырына!

Қадыр Мырза Әлидің мына бір «Кәрі қыранын» оқимын да, «керекинфоның» бірнеше жыл бұрынғы жайын еске аламын. Түлкіге де, қасқырға да бас салатын еді ғой бұл жақтың сыншылары. Сынайтын да, сындыратын да. Солардың арқасында шығар, адекватты адамдардың көп болуы.

Қысқасы, кейде, жазғаныңның быт-шытың шығаратын баяғы керектіктерді сағынып жүрмін.
Әрі қарай

ҚАЙДАСЫҢ

Гүл бейнеңнен сенің көз алмадым арай бағым
Түнде түсте, күндіз өзің жайлы көп ойладым
Алып ұшқан жүрек сағыныштан өртенердей
Оралар деп жаным жолын әр кез қарайладым
Әрі қарай
  • 5
  • Автор туралы
    In the end things will mend.
  • 5