Бір университеттегі оқиғаға куәгер болдым

Алматыдағы бір университетке досымның дипломын алуға барған болатынмын. Онымен деканаттың есігі құлыптаулы болғасын, қызметкерлер көрші кабинетте болар деп бас сұқпақшы болғанда, АҚШтан келген бір орыс профессор Dust stars, яғни шаңды сақинасы бар жұлдыздар туралы өзінің зерттеулерімен қазақстандық коллегаларымен бөлісіп жатты. Астрономия туралы тәп-тәуір білім базам мен қызығушылығым зор болғасын, есіктің сыртынан дәріс біткенше тыңдап, көріп тұрдым. Өте тиянақты, шешімі табылмаған сұрақтары көп проблемалар қозғалды, профессор өзінің практикалық зерттеулерінің нәтижелерін көрсетті. Слайдтар ағылшынша жасалған.
Енді қызықты қараңыз…
Сұрақтар қоятын, пікір айтылатын уақыт келгенде…
Қатты ұялдым, кеудемде бір ащы ыза туды. Себебі, кабинеттегі декандарымыз мен жас ғалымдарымыз профессордың зерттеуін дым да түсінбеген. Сұрақтары да айдала туралы болды да қалды. Бір кафедраның егде профессоры тіпті ұят сұрақ қойды. Мысалы, /дәл өз сөздерімен жазып берейін/
«Жаңа Сіз қос жұлдыздардың сутегі спектрін көрсеттіңіз, ал Күннің сутегілік спектрі қандай?» — Профессор сасып қалды, ондай мектептік деңгейдегі астрономиялық сұрақ күтпесе керек, тәптіштеп айтып берді.
Сосын бір пульсар туралы бір өтірік сұрақсымақ болды да, қалғандары зерттеуге қатысы жоқ пікірлерін қазақы көпсөзділік, мағына жоқтылық, өтірік уәде берушілікпен уақытты созу басталды. Әсіресе үлкен ағайлар, бізде жабдықтар жоқ, ақша бөліну керек сынды Құдайға қажеті жоқ әңгімесін бастады.
Оған профессор біздің телескоптардың қуаты жететінін, ешқандай проблема көрмегенін айтты.
Айтқым келгені, ғылыми кәсібилік, ғылыми пікір алмасу мәденитенінің жоқтығына қынжылдым сол кезде.
Ой, айтатын зат көп. Ешкімнің сол лекцияға түсінбегені, шын қызықпағаны, тек ертең сол арқылы Америкаға бару мүмкіндігі тұрғысынан ойлауы ұялтты. Профессор да оны байқады ғо.

""
Әрі қарай