Компьютерден мені жұлып алып, теледидарға телміртіп қоятын екі жоба болса, соны бірі — осы The Voice. Алдымен ресейлік «Голосты», артынша арысы АҚШ, берісі «Голос країниға» дейін түгендеп жүріп біразын көрген болатынмын.
Дәл қазір "Қазақстаннан" «Гауһартасты» көрсетіп жатыр. Кеңестік тәп тәуір дубляжы бар киноны өздері қайтадан дубляж жасапты, орысшасы астынан естіліп тұр. Осының себебін түсіндіріп беретін жан бар ма екен?! Біріншіден, осыған текке ресурс кетті, екіншіден, бәрібір бұрынғы дубляж сапалырақ!
Бүгін "Қазақстан" тілшілері келіп, түсіріп кетті. Тақырып сол баяғы мұңайған тақырып, қазақ интернетін дамыту үшін не істеу керек тақырыбы :)
Ертең 18 наурыз 18-30да "Қазақстан" арнасындағы «Парламент» бағдарламасынан көрсетеді. Ертең жолда боламын, мына жерге шығатын шығар деп ойлап отырмын.