"Фуга. Дорога в никуда" отандық триллері шығады




Неге екенін кім біледі, бірақ, отандық киноөндірістің өнімдері көп жағдайда бірсипатты болып келеді. Әлде біздің көз солай көре ме, әйтеуір, аяқ-басы емес, ортасынан қарасаң, қайсысының қайсысы екенін ажырата алмай қалып жатасың. Тек соңғы жылдары жылтыратып көз ашқан, нұқып-нұқып қана көрсетуге болатын бірді- екілі туынды ғана қазақстандық киноның аңызақ даласына тамыр жайған жаңа өсімдікті елестетеді.
