ҚОРҒАЛЖЫН ҚОРЫҒЫНДАҒЫ ҚАУЫШУ

11 маусым күні елімізге салмақты ойымен танылып жүрген журналистер Қорғалжын қорығының жұмыстарымен танысып, табиғатты қорғап әрі таза ұстай отырып демалудың үлгісін көрсетіп қайтты. Жаз шығып, айнала жасыл желекке оранғандағы қорықтың көрінісі тым бөлек екен. Бәрінен бұрын иісі мұрын үйірген дала жусанын айтсаңшы. Адам баласының табиғат атты тылсыммен жалғасқан тамыры үзіліп бара жатқан шақта жиналған қауым өкілдері алдарынан күтіп алған қорық директорынан жаратылыс құдіреті, табиғаттың мүлтіксіз заңдылықтары жайлы сан сырға қаныға түсті.
Әрі қарай