KILYZAMAN: ұнайд/ұнамайд

Ұнамайды: Көлгірсіген көкбет өзеуреп ертедегіні еске салып, МАШАЙЫҚ қашып құтылыптының керін келтірген кезде; алтын шақта қара бақыр да бұйырмай, қағажу ететін дәнек арман болатын, болатыны несі — қас
Әрі қарай

25 кадр

Бұл уже боян болып кеткен тақырып шығар. Өкінішке орай, БАҚ өмір сүргенде бұл нәрсе ешқашан боян болмайтын секілді. Сонымен былай ойлаймын мен:
25 кадр дегеніміз викиде немесе ютубта көрсететін видеолар емес. Ешкім бір секундта өтетін 24 кадрға артық ештеңе қоспайды. Бұл — жай ғана атау. Жиырма бесінші кадрды мен елеусіз болған нәрсені байқатпай адам санасына сіңдіру деп ойлаймын. Мысалы, америка жаңалықтары арқылы да, фильмдері арқылы да мұсылмандарды террорист деген ұғыммен байланыстыруға тырысады. Батыстың фильмінде крест ұлы нәрсе. Тіпті одан қала берді өзіміздің "Қазақфильмде" де жиырма бесінші кадр болған. Қай киноны алып қарасаң да, орыстың мұжығы ақылды, қазақтарға ақыл айтып отырады. Осы секілді нәрселерді жиырма бесінші кадр деп ойлаймын
Әрі қарай

Өтірік әңгімелер.

"Қыз өсірдім дегенше қырсық өсірдім дегейсің" дегенді ата-бабаларымыз қалай дәл айтып кеткен. Қилызман бабалар сөзінің осынша дәлдігіне не разы боларын білмей не жыларын білмей дел-сал күйде отыр. Текті жерден келгендердің де бетін қайтармаппа еді осы жалғыз қызы үшін. Ал, оның істегені мынау.Қашты да кетті. Әшейінде бөлмесінен қуып шығара алмайтын қызы Айгерімге бұндай жыны келмес.
-Әке, мусорды мен төгіп келейін-дегенде неге секем алмады екен бұ шіркін?! Әй, мені де атып өлтіретін Сатыбалды адам жоқ деп күйініп кетті. Ойбай-ау, мусор қара пакетте ғой. Қызы көк пакетті қолына ұстап көз алдында шығып кетті -ау. «Жә, бақытты болсын!»дейін десе сондағы тапқаны анау ма? Қалқаң құлақ скелет! Ойбай-ау ондай қалқаң құлақтар өзіміздің қалада да толып жатқан жоқ па, а? Қилызаман алдындағы жарты бөтелке «Хаоманы» стаканға құймай-ақ өңешіне төңкере салды.
Әрі қарай