Ұлан жылдың үздігі!

«Алаш айнасындағы» Әзиз ағамның ғана емес, бүкіл қазақ жанкүйерлерінің сүйіктісіне айналған Ұлан Қонысбаев 2011 жылдың үздік футболшысы атанды! Ұлттық футбол лигасы жүргізген дауыс беру нәтижесінде Тараздық өреннің мерейі үстем болыпты! Не дейміз, Құтты болсын! Қазақ футболын өрге сүйрей берсін! Ұланның Түркия қақпасына соққан голы ешқашан есімнен кетпейді. Осындай голдардың талайын соғуыңа тілектеспіз!Ұлан Қонысбаев
Әрі қарай

«ШАХТЕР» – ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНЫ-2011


Футболдан Қазақстан чемпионаты аяқталды. Бұл жолғы біріншілікте, «Жетісу» емес, «Шахтер» ұтып алды. Біз осыдан біраз уақыт бұрын «Жетісу» чемпион атанбайтынын жазып едік. Сол жолғы айтқанымыз айдай анық келді. Сонымен, еліміздің су жаңа үздігі, қарағандылық «Шахтер». Ал күміс пен қола «Жетісу» мен «Ақтөбенің» қоржынында.
Әрі қарай