«Қазақ әлемі» – фанатизм бе, әлде ұлттық сана ма?

Автор: Арнур Ауезхан
«Қазақ әлемі» – екі достың оқиғасы арқылы road movie жанрында түсірілген туынды. Басты кейіпкер – сүйіктісінің қолын алып, ауылда қалғысы келсе, қыздың арманы – Америка. Осы қарама-қайшылықты шешу үшін кейіпкерлер «Нұрлан Қоянбаевты тауып алып келу керек» деген ойға келеді. Бұл сәттен бастап фильмнің негізгі желісі – қазақ болмысы мен қазіргі ұрпақтың ұлттық сана мәселесіне айналады. Нұрлан Қоянбаев фильмде өзін «қазақ болмысына ықпал еткен, тарихты танитын, отансүйер миллионер» ретінде көрсетеді. Бірақ ең қызығы – бұл фильмде өзін ойнайды. Өзін тек актер емес, ұлттық идеяның жетекшісі ретінде көрсетуі, кейде тіпті саясаткер не болашақ президент ретіндегі образды ишаралап беруі – ойландырады. Бұл фильмде реалистік актерлік шеберлік емес, өзін-өзі насихаттау алдыңғы қатарға шыққандай әсер қалдырады.Актерлік құрам кең емес, оқиға тек екі достың төңірегінде өрбиді. Екеуінің рөлі – өздерінің бұрынғы веб-сериалдарындағы жеңіл әзілге толы образдары. Бұл – фильмнің терең идеяны жеткізу мүмкіндігін шектейді. Ал Нұрлан Қоянбаевтың бейнесі – тек «қуатты тұлға» ретінде беріледі, бірақ бұл көрерменге жасанды әсер береді. Әзілдер – шынайы емес, күлкілі болудан алыс.



Биылдыққа оқыған екі кітабым, мен үнемі оқитын блоггерлерде тіл үйренудің артықшылығын айтыпта, жазыпта келеді.
Менің биыл қытай тілін үйреніп жүргеніме бір жарым жылдың жүзі болып қалыпты. Осы уақыт аралығында маған сабақ берген қытайлық мұғалімдермен сөйлесіп жүріп аспан асты елін біршама танып- біліп қалдым. Сол қытайлықтардың айтуы бойынша, еліміздің біраз артықшылықтары бар екен:
