Ұйқың тәтті болсын, амиго!

Шәйнектер мен шұқып көргіш қолданушылардың арқасында білім базы толығып келеді. Басты себеп: жүйелік әкімнің ақкөңілділігінде. Анаған-мынаған түрлі доступ ашып беріп, ақыр аяғында күнде анда-мында жүгірумен уақыт кетеді. Телефонда тыным жоқ. Тамақтанып отырып, клавиатураны тырсылдатудын жалығып, мынадай ой келді: сисадмин кабинетінен мүлдем шықпау керек, бүкіл клиент комптардың достубын шектеп, өздеріне берілген папкімен ғана отырсын. Жақсылықты түсінбейтіндер кілең. Тас қып есікті де, терезені де (Виндоус ше?) бекіту керек. Сонда ғана құлаққа маза келетді. Кабинетте уайым қайғысыз отырғанға не жетсін.
Әрі қарай

Бәрі қалпында

Уа, Жаратушым! Ламерлерден сақтай гөр, хакерлермен өзім сөйлесемін.

© Сисадмин

Клиент комтар сірә, сисадмин үшін басты проблемалардың бірі болар. Шәйнек қолданушылар дұрыс тұрған компьютерді білмейтіні бар шұқыламай, офистік бағдарламаларын, браузерлерін дұрысымен қолдана салмай, Құдайдың құтты күні проблема шығарып қоятыны бар.
Жүйелік файлдарды өшіріп, баптауларды өзгертуге тырысып, қайдағы жоқ сайттарды тауып алып, білмейтін бағдарламаларын орнатып алатыны бар. Өткенде осылардың барлығына шамалы болса да тосқауыл қоятын бағдарлама тауып алдым, мен үшін сенсация! Deep Freeze бағдарламасы қосылғанға дейін компьютердің жағдайы қалай болды, бағдарламаны өшіріп тастағанға дейін ол мәңгіге солай қалады. Мысалы былай: компқа қажетті бағдарламаларды орнаттым, баптауларын жасап, керекті файлдарды компқа сақтап қойдым. Бәрі аяқталған соң, Deep Freeze бағдарламасын орнатып тастаймын. (программа автозапускта тұрады және білуімше оны шәйнектер процесстен шеше алмайды) Меннен кейінгі компқа отырған шәйнек мейлі С, Д қатқыл дисктеріне құжат сақтасын, мейлі жаңа бағдарлама орнатсын, мейлі түрлі сайттарға кіріп вирус жұқтырып алсын, мейлі компьютердің кез-келген баптауларын өзгертіп тастасын, компты өшіріп қайта қосқан соң, келтірілген тізімдегі әрекеттердің бәрі жоғалып кетеді. Юзверь қажетті құжатын сервердегі дискісіне сақтайды. Уф…
Әрі қарай