Бала шопырдың байкалары: Қараторғайдың ұясы

Таңертең бір шаруалармен аэропорт жаққа барып, содан қайтып келе жатқанда жолдың шетінде тұрған қараторғайдың үйшігіне ұқсайтын камераға 80 км/сағ жылдамдықпен түсіп қалдым, нақтың. Райымбек даңғылының бойында, Қарасай Өтеген батыр (Мате-Залка) мен Емцов көшелерінің арасындағы еш қиылысы жоқ жерде тұрған сібетапорда жасыл жанып тұр екен, үлгеріп кете қояйын деп едім ғой. Өтерін өтіп алып, жылдамдықты түсірмей басып келе жатқанда, вспышка жарқ-жарқ-жарқ ете қалды. Сонда ғана есті жидым, енесстің. Көшеде менен басқа бір Камри 40 бар еді, ол менен қалып келе жатқан. Енді минимум 10 мың теңге шытырап төлейтін шығармын деп отырмын.
Әрі қарай