Насыбай мен темекі

Бір ағамыз зауытта ауысым бастығы болып жұмыс істейді. Өзі намаз оқиды, ішімдік-шылым дегенге жоқ. Бірде жұмысқа келсе жұмысшылардың бәрі шылым шеккен жөн бе, әлде насыбай атқан дұрыс па деп қызыл кеңірдек дауға түсіп жатыр екен (). Кіріп келген ағамды көрген олар, шылым да шекпейтін, насыбай да атпайтын осы кісіден төрелігін сұрайық депті. Мәселеге қаныққан ағам «Шылым шеккеннен көрі, насыбай атқан» дұрыс қой депті. Насыбайды жақтаушылар біз жеңдік дегендей өре түрегеліп (), «айтыңызшы неге насыбай атқан дұрыс» десе, ағамыз «Енді боқты қағазға орап, пісіріп жегенше, шикідей дәмін алып жеген әлдеқайда жақсы емес пе» дейтін көрінеді.
Әрі қарай