Әншілердің тойдан келетін табысына салық салу қандай негізге сүйенеді?

  • Kaztube
Қазір әншілердің дені тойдан табыс табатыны белгілі. Дені деп қоямын-ау, бәрі десе де шындықтан алшақ кетпесіміз анық. Енді соны біліп алған салықшы "«көкелеріміз» тойдан түскен қаржыдан үлес алуды көздейді. Бірақ оны қандай заңдылықтарға, қандай негізге сүйенетіні белгісіз.Kaztube: Әншілердің тойдан келетін табысына салық салу қандай негізге сүйенеді?

Әлбетте, әншілер ИП ашып, заңды жұмыс жасасын деген Заң да бар. Оған қарсылық жоқ. Концерттен, гастрольдерінен, ұтып алған арнайы сыйлықтарынан табыс салығын төлетуге болатын шығар. Бірақ бар табысын тойдан тауып отырған әншілер мен асабаларды ше?

Мына бір бейнесюжетте бір салықшы ағамыз «Салық басқармаларына 1029 шоу бизнес өкілі тіркелген. Солардан жалпы көлемі 58 млн теңге көлемінде салық түскен. Бірақ ол 430-нан ғана түскені екен. Қалғаны төлемей жүр» дейді. Дәл осы бейнесюжеттің соңында салық қызметкерлері тойлар мен кештерге арнайы рейд жүргізіп, кәсіпкерлігі жоқ әншілерге айыппұл төлетіп, жазаламақ екені айтылып қалды.

Kaztube: Әншілердің тойдан келетін табысына салық салу қандай негізге сүйенеді?Стоп… Дәл осы жері енді миға сыймай отыр…
Қазақ тойы бесенеден белгілі. Тойда құда бала, жиен, нағашы шығып, ("қарға тамырлы қазақтың" туысы көп) әндете беретіні белгілі нәрсе. Сонда рейд соларды да ұстай ма? Тіпті әншілер ән айтып тұрса да, той иесі ешқандай қаржылық келісім емес, жай туысқаным еді десе ше? Олар әншіге беретін қаржыны карточкаға салмайды, қалтасына сүңгітіп жібереді. Ал оны қалай дәлелдемек?

Сауал көп, жауап жоқтың кері бұл. Осындай қордаланға сауалдар салық мәселесін әлі де майшаммен қарау керек екенін көрсетіп тұрған жоқ па?! Әлде біздің салық қызметкерлеріміз «шал ал десе, бас алмақ» па?
Егер бұл туралы әншілердің пікірін білгіңіз келсе, мына жерден, сосын мына жерден көруге болады.
Әрі қарай

Шоу бизнестегі ерекшеліктер

  • Kaztube
Kaztube: Шоу бизнестегі ерекшеліктерШоу бизнеске келудегі мақсат, әрине, жарқырау, танымал болу, өз өнерін паш ету секілді, бір ғана ниет болғанмен, әр өнерпаз түрлі стилмен келеді. Осы ғасырдың бас жағында қазақ шоу бизнесінде топпен ән айту сән болған секілді. "АБК" бастап, "Нұр-мұқасан", "Бәйтерек" қостап, сонан соң "Орда", "Музарт", "Жігіттер" болып кете барды.

Kaztube: Шоу бизнестегі ерекшеліктерКейін фонограммадан жалыққан жұртқа керемет көңіл күй сыйлау үшін, көпшілігі бір кездегі даңқы шырқаған "Дос-мұқасан", «Айгүл» секілді қазақ өнеріндегі танымал ансамбліндері секілді ВИА құруға көшті. Бұрын қолдарына тек домбырамен немесе баянмен шығар болса, кейін түрлі аспаптар шоу бизнестің көркі болды. Мысалы Музарттың Кенжебегі сылдырлағымен ерекшеленсе, қыздардан құрылған "Асыл" тобы қобызымен ән салды.

Соңғы кезде этно-топтардың да қатары көбейіп, онысы сәнге ұласып келе жатқан секілді. "Тұран", "Алашұлы" секілді топтар көрерменнің көзайымына айналып, әндері жұрт көңілінен шығып жүргені белгілі. «Тұран» әлемдік деңгейде өте жоғары өнер көрсетіп жүрген санаулы топтың бірі.

Kaztube: Шоу бизнестегі ерекшеліктерСонымен қатар музыканттар да шоубизден аламыз деген үлестері мол екенін дәлелдеуге тырысып жүр. Қазақ сахнасында жүргендердің арасынан оқ бойы озық тұрғаны Лұқпан Жолдасов шығар. Гитарамен сүйемелдеп, ән айтумен қатар, әсем әуендері жұрт есінде. Ал соңғы ұлттық бағыттағы музыканттардың саны артып келеді. Ал олардың жаңбырдан кейін саңырауқұлақтай қаптауына "Ұлытаудың" жеткен жетістіктері әсер етті ме екен? Әйтсе де, Асылбек Еңсеповты қалай ұмытамыз?! Оның әкесі Жасарал Еңсепов «Декко» жанрының негізін қалаған соң, осы бағытта небір тың ізденістер жасалған болатын.
Дәл қазір домбырашылардың көбі «Декко» жанрымен өнер көрсетіп келеді.

Міне, осындай қаптаған қалың өнерпаздың арасынан жарқ етіп шығып, тасбауыр шоу бизнестің биік шыңынан көрінгісі келетіндер осылайша өзгеше шығып танылып жатады. Бірі тойға арналған әнімен (Заттыбек Көпбосынов, Абай Бегей т.б.), бірі танымал әншіге ұқсастығымен (Ернар Айдар, т.б.) танымал болса, енді бірін көрермендер жұлдыздардың аналары арқылы таныдық деп жатады…
Ал соңғы кезде тез танымал болудың жолы интернет болып отыр. Соның ішінде YouTube видеосервисі көп көмектесуде. Яғни танымал әндерді өз стилімен қайталау арқылы, кавер түсіріп, сонысымен жұрт көңілінен шығып жүр. Айталық осы жолмен жұлдызы жанып келе жатқан әншінің бірі — Нұрым Қуаныш екені даусыз. Оның әндері қазір жастардың арасында кеңінен танымал болып үлгерді.Kaztube: Шоу бизнестегі ерекшеліктер

Сонымен қатар, каверді пайдаланып, жұртты елең еткізген жастың бірі — домбырашы, күйші Темір Дулат. Оның ерекшелігі жай ғана кавер жасау емес, танымал кинолардың саундтрегін домбырамен орындау. Жақын күндері шықса да, жарқ етіп, өз ерекшелігін көрсете алған Темір дәл қазір "Тақтар ойыны" және отандық "Рэкитер 2" фильмдерінің санудтрегін ойнап берді.
Осындай жұрттың тасасында қалып кетпей, өзінің қолынан келгенін пайдаланып, жұлдыз болуға тырысқан жастардың ісі, әлбетте, құптарлық. Барлығына алдынан жарылқасын дейміз. Тек ерекше стильде шығу үшін, артық қыламыз деп тыртық қылмаса бопты.

Ал KazTube порталы кез-келген жастың насихатын арттыруға әркез дайын!
Әрі қарай