#ББББ. Жедел ас жайлы кеш жазба: төртінші турдағы төрт тағам түрін талдау
 
                                            Қараша. Бұл айдың ауа райы сан құбылып, маған фастфуд көрсетіп тұрғандай. Қарашада біз секілді қараша қауымға арақша мен Керектегі парақша ғана көңілге медеу. Фастфуд тақырыбына тақырып берушінің (админ деп оқу айып емес) қаншалықты емешегі (дұрыс оқыдың, иә) үзілгенін қайдам, қаншалықты әлеуметтік маңыздылығы өзге тақырыптан озық тұрғанын білмедім, жалпы бұйырғаны осы болды енді.  Не көрмеген блогиада дейсіз, фастфудты да көрейік.
Не көрмеген блогиада дейсіз, фастфудты да көрейік. 
Турдағы тақырыпты түсінуіміз де не поза, не музыканың төресі секілді болмақ керек. Классикалық түрде түсінейік деп жатқаным. Жедел деген сөзден шыққанын ұқсақ, фастқа жалпы тез жасалатын тағамдардың да көбін қосуға болады. Бірақ олар біздің санамыздағы классика болмай кетеді. Сондықтан, тоқетері, блогерлердің өздері туып бергендеріне баға бере берейікші. Төртінші турдағы төрт тағам түрін талдайық.
Фастфуд тақырыбын жюридің де біразы фасттады. Өй, өзі саусақпен санарлық жюри, бұл турда кәдімгідей алаңғасар фрезершінің бір қолының саусақтарымен санауға боп қалатындай қазы бірден бағалапты. Ертеатқыштықтан құдай сақтасын, бірақ осыған да шүкірлік қыламыз. Мхм, себебі, олардың да пікірлерін шолуға болады!
Жалпы, көріп отырсыздар, шолу кештеу шықты. Оған әлемдегі мұнай бағасының түсіп кетуі, мен ұстап көрмеген айфонның қожайыны андай екені, жазбалар оқудағы қиындықтар (ол жөнінде алда айтамын), менің ішіп жүргенім, үйдің сылағын жасап жатқанымыз, музаның басқа біреумен ішуге кеткені сияқты көптеген себептер келтіруге болады. Әйтсе де…

"… фастфудтың неше атасын ұсынатын нүктелер ашылды." — Осы орынға байланысты «нүкте» ұғымы блогиада сайтында әйел қазы (қатын патша деген тіркес түсіп отыр есіме, хмм :) ) айтатын «калькаға» жақын сияқты көрінеді өзіме. Білмеймін, мүмкін, мен тым әсіре пысықсынып отырған шығармын. Сізге дейін де санаусыз жұрналшы жазып жүр ғой.
" Тамақтану индустриясында " — "әнаңғара, қандай термин" деп тағы айтатын жер екен. Фуд индастри, фэшн оф джал-джая, jent production.
"… табаға май азғантай май жағуды ұмытпаңыз" — дабл-май, ха, менің асты көгергендеу жіті көздерімнен мына тіркес құр қалады деп ойладыңыз ба?
Анаң қара! Лимонды стақанға тіліп кигізіп қойыпты. :) Әхәхәхә. Кретивіңе болайын!
«Мүмкін біздің зейнеткерге осындай мақсатшылдық жетіспеген шығар?» — Мүмкін бұл идея Рахат көкеңнен кейін сіздің зейнетке шығуыңызды күтіп жатқан болар? :) Кө-өп уақыт бар әлі…
Ал қазылардың бірі сізге: «Кейіпкерлеріңіз нарықты зерттеген болса, ол зерттеулері қайда? Қалай зерттеген? Адаммен кездестіңіз бе, әлде жазбаша жауап берді ме? Жазбада шикілік бар» депті. Жалпы өзге де сындары секілді міндеттілігі жоқ ой, бірақ блогер мен журналистің айырмасы да осында. Қызықты қылып, блогердің зейнеткерге қалай хабарласқанын, «3-4 жылдын кеінгі сауалды тыңдап, елең ете қалғанын да» қызық қылып әңгімелеп беруде. Ақырғы нәтижені ғана емес, оған дейінгі жолды да көрсетуде. Ал сіз соны жасамағансыз. Сондықтан айтып жатқаны болар. Сондай-ақ, шынымен дәл қазір нарықты зерттеп, өнімді жылжыту жолдарын қоса салса, іргелі бизнес-жоба болмаса да, мықты еңбек болғалы тұр.
Жалпы қызық, қызық. Ұнады. Осы тақырыпты тауып алып, идеяның өзін таңдауыңызға сындым. +1 қойып кеттім. Өмірдегідей емес, Керекте күшім аз.
Жазба жеңіл тілмен жазылған, суреттер коллаждалған — бұл жақсы. Әр өнім (кәдімгідей құрмет тұтып, өнім дедім бе-ей?) жеке жіктелген, бірақ пост жалпы әлеуметтік маңыздылығы жөнінен халықтың шіренген тобына еш рөлсіз. Алайда ондайлар бізде аз және блогтар оқуға мүмкіндігі жоқ, сондықтан бәріне маңызды болып тұр ғой? :)
«Биг бонның 100 грамы 406 калорияны құраса, мына ыдыстағы жедел тағам, шамамен, 350 калория.» — 86 грамдық лапшалар жасасын! Қызық математика.
«Соусының түсі шошытты мені. Былай… сыққанда да қойыртпақтанып, ыңғайсыз сезім қалдырады екен.» — ықықықы. Қойыртпақтан келген ыңғайсыз сезім. Ықықы.
"Қоспасындағы кептірілген еттерін ерінбей шұқылап көрдім: кеуіп кеткен қойдың құмалағына ұқсайтын сияқты ма, қалай?)" — Кет-ей бар, жынды ма, мұнда бір қора жұмысшыны ұшындырып қоярсың.
Сіз айтқан Роллтонның халалы шыққанына біраз болды. Бірақ, рас, дәмі сол күйінде. «Сырлы ыдыстың сыры кетсе де...». Қайдағы ыдыс бірақ мұнда…
Жюридің пікіріне қатысты айтатыным жоқ. Посттың бас жағында лапшалардың өндірілу ерекшеліктеріне, қатыру, фасттау әдістеріне көңіл бөлу керек сияқты болды. «Не? Немен? Қайдан? Қанша?» дегендерге қоса қалай қажет секілді.
Жалпы, мұны да біреу жазу керек қой, сол үшін рақмет. Былай бейбайсалды тақырып алды дейін десем… Тур тақырыбының өзі де жетісіп тұрғаны анау. Жасаған қорытындыңыз, негізі, пост оқуды бастамай тұрып-ақ күтілетін нәрсе. Бірақ тәжірибе жүзінде көрсету де бір өнер.
Иә, үлкен рақмет сізге!!! Мұнда үш жұмысшы дұрыстап рақмет айт деп дікілдеп жетіп келді. Алғыстарының түрін… «Жалпы бұл фаст фудтан аулақ болғаныңызды сұрар едім», «Мүлде ішпеймін» деп аяқтағаныңызды оқыған да жоқ, өңшең сорлы!
Пост қысқалығы жөнінен өз рекордтарыңызға түзету енгізуден келесі енгізуге дейін апта өтеді. Иә…
Жазба тілі болғанда, анау ғой, мынандай тілде деп пікір білдіруге де дерек жетпей жатыр. Посттың идеясы қызық, ерекше. Ньюспейпэз мэйн пэйдж ұнады. Алайда шолақ. Тілді, жазуды игергенімді былай да білесіңдер ғой, енді факттерге жүгінейін де қояйын дегендейсіз.
Осы жағдайда тек безендіру, әдіптеу еңбегіңізді ғана бағалай аламыз. Оның өзінде статистиканы терең зерттемегенсіз, әрине. Тура бір, сіздің орныңызда болсам, «Бұны не үшін оқуымыз керек?» деп сұраған қазыға «Ал не үшін айырып жазуым керек?» деп жауап берер едім. Хе.
Жарайды, мұны көрнекі материал ретінде тақырыптық еңбектерде, іс-шараларда пайдалануға болады. Құрығанда, сол үшін бекер еңбектенген жоқсыз. Ал негізі, «зықымды алып болдының» кері ме деймін. :)
Екі тур қалды. Жұдырықты жібіте салмаңыз.
Постқа келейін.
«Ал біздің жасайтын пиццамыздың бір тілігіне тепсе темір үзетін мұнайшы жігіттер де тояды.» — Сенімділік ұрып тұр.
Ары қарай… қандай браузер арқылы көріп жатсыңдар? Құдайдың керімі мына фаворитің, тіпті постын оқуға да ноутбук ауыстыруға ел жағалайтын болдық па? Қой, үзіліс, біржолата лапша жеп қайтайын.
… О, мынаны қара! Тәуір сайт екен. Ерекше жанр, көрнекі. Музыканы өлтіріп жіберіпсің. Тіл шеберлігіңізден қол шеберлігіңізге көшейік.
"Қол жуып, қамырды илеп, 20 минутқа жылы жерге бетін жауып қоямыз." — Түсіндіңдер ғой, иә? Қолды да, қамырды да 20 минутқа жылы жерге қоямыз! :)
Пиццаның бәрі дөңгелек болуы тиіс деген теориям дұрыс емес екен ғой, ә? Гелиоцентристігім-ай осы!
Ана азаматтар да бір қарық болған шығар. Дәмі жайлы жұмысшылар пікірлері қайда, а? :)
Меніңше, ұсақ-түйектер жетпейді. Кәнігі шаруа қатындар игеріп алғаны ақиқат, ал асханаға жақында жолап жүргендер үшін ингридиенттердің жайылу әдісі мен турау тәсілдері секілді «меліш» моменттер жетіңкіремейді.
Бірақ, жалпы алғанда, вагончиктегі кезекті шағын шедевр! Бұрынғылармен салыстырғанда, оны енді жеуге де болады. :)
Градусты қорықпай төмендете беретін мүмін есебінде жанр ауыстыру батылдығыңызға қолдау білдіре беремін. Оның үстіне, сіздің турнирлік жағдайыңызда шығармашылық еркіндікке ерік бере беруіңізге әбден болады!
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Көпәріптілік осымен тәмам. Тур тақырыбының өзі біртүрлі болғандықтан, жазбалар да сан алуан. Қыртам, біртүрлі болмаған турларда да алуандылық болатын. Осы блогерлер келіспейді ғой, ә, бір-бірімен жазба бағыттары жайлы? Сосын ең түсінікті мағынасында ешкім толыққанды мәтіндік пост жазбайтын дәрежеге жеттік. Гамбургер, чизбургер, кола — "өй, ол өткен ғасыр ғой" дегендей… :)
Сөзсауат жөнінде бірқатар блогерге претензия жоқ. Қожабекова бастап, Бекарыс қостап, грамматика, орфография жағын жөнге салып жіберген сияқтымыз. Гы. :)
Үшінші турдан кейін әлеуетті күміс һәм қола медалистер орындарымен ауысқалы тұр. Тіпті бесінші қазы бағаламағанның өзінде осыған жуық. Өткен турдыңсжаңғырықтары. 
Негізі, соңғы турға дейін тартыс қызық болмақ. Қызда-ар! Еркекпін ғой, бір құпия айтайын: Финалда фингалға дейін төбелесу керек. «Егер сіздің әлсіздеу құрбыңыз жоқ болса, мүмкін, онда ол сіз боларсыз» демекші… қоттап-қоттап жібергендей ме… :)
Асқар мен Маралбек, сендерге не дейін… Арамызда түбі жетпес шыңырау, не деген маньяксың, құрғыр-ау! Гигок!
Жюри, финалда қаталданып жатсыздар аздап. Ақыр таянған шақта аянған несі бар дейсіз, дұрыс. Бағалау деген процесс оңай емес, мадессіңдер.
Жоба менеджері мырза, блогиаданың ресми сайтындағы қатысушылар тізімін не финалист төртеуін ғана, не барлық 32+-ті жазып қойсаңыз жөн-ау. Блогерлерден тәптіштікті талап еткен тәлпіштік сізге де мойнын бұрсын енді деп жатқанымыз. Әйтпесе, не балық, не халық емес тәрізді.
Бөрібай, бар, демалшы оттамай. Болмаса, сөйлей бермей, ұйықта. Е-е, екеуінің мағынасы бір екен ғой.
Finita la recensione.
p.s. Суреттерге қатысты авторлық құқық талаптарын қойып жүрмеңдер, сендердің қамдарыңнақ  дәл! 
Превьюдағы садо-сурет Қоңырбай Қазақтың реинкарнациясы — Медет Жансановтікі.
            
                            Әрі қарай
                     Не көрмеген блогиада дейсіз, фастфудты да көрейік.
Не көрмеген блогиада дейсіз, фастфудты да көрейік. Турдағы тақырыпты түсінуіміз де не поза, не музыканың төресі секілді болмақ керек. Классикалық түрде түсінейік деп жатқаным. Жедел деген сөзден шыққанын ұқсақ, фастқа жалпы тез жасалатын тағамдардың да көбін қосуға болады. Бірақ олар біздің санамыздағы классика болмай кетеді. Сондықтан, тоқетері, блогерлердің өздері туып бергендеріне баға бере берейікші. Төртінші турдағы төрт тағам түрін талдайық.
Фастфуд тақырыбын жюридің де біразы фасттады. Өй, өзі саусақпен санарлық жюри, бұл турда кәдімгідей алаңғасар фрезершінің бір қолының саусақтарымен санауға боп қалатындай қазы бірден бағалапты. Ертеатқыштықтан құдай сақтасын, бірақ осыған да шүкірлік қыламыз. Мхм, себебі, олардың да пікірлерін шолуға болады!
Жалпы, көріп отырсыздар, шолу кештеу шықты. Оған әлемдегі мұнай бағасының түсіп кетуі, мен ұстап көрмеген айфонның қожайыны андай екені, жазбалар оқудағы қиындықтар (ол жөнінде алда айтамын), менің ішіп жүргенім, үйдің сылағын жасап жатқанымыз, музаның басқа біреумен ішуге кеткені сияқты көптеген себептер келтіруге болады. Әйтсе де…
Әуелі Әйгерім Кеулімжай «құндақ ет» атты қазақша фастфуд неге қолдау таппағаны жайлы ізденеді.
Дұрыс қой, ізденсін.
"… фастфудтың неше атасын ұсынатын нүктелер ашылды." — Осы орынға байланысты «нүкте» ұғымы блогиада сайтында әйел қазы (қатын патша деген тіркес түсіп отыр есіме, хмм :) ) айтатын «калькаға» жақын сияқты көрінеді өзіме. Білмеймін, мүмкін, мен тым әсіре пысықсынып отырған шығармын. Сізге дейін де санаусыз жұрналшы жазып жүр ғой.
" Тамақтану индустриясында " — "әнаңғара, қандай термин" деп тағы айтатын жер екен. Фуд индастри, фэшн оф джал-джая, jent production.
"… табаға май азғантай май жағуды ұмытпаңыз" — дабл-май, ха, менің асты көгергендеу жіті көздерімнен мына тіркес құр қалады деп ойладыңыз ба?
Анаң қара! Лимонды стақанға тіліп кигізіп қойыпты. :) Әхәхәхә. Кретивіңе болайын!
«Мүмкін біздің зейнеткерге осындай мақсатшылдық жетіспеген шығар?» — Мүмкін бұл идея Рахат көкеңнен кейін сіздің зейнетке шығуыңызды күтіп жатқан болар? :) Кө-өп уақыт бар әлі…
Ал қазылардың бірі сізге: «Кейіпкерлеріңіз нарықты зерттеген болса, ол зерттеулері қайда? Қалай зерттеген? Адаммен кездестіңіз бе, әлде жазбаша жауап берді ме? Жазбада шикілік бар» депті. Жалпы өзге де сындары секілді міндеттілігі жоқ ой, бірақ блогер мен журналистің айырмасы да осында. Қызықты қылып, блогердің зейнеткерге қалай хабарласқанын, «3-4 жылдын кеінгі сауалды тыңдап, елең ете қалғанын да» қызық қылып әңгімелеп беруде. Ақырғы нәтижені ғана емес, оған дейінгі жолды да көрсетуде. Ал сіз соны жасамағансыз. Сондықтан айтып жатқаны болар. Сондай-ақ, шынымен дәл қазір нарықты зерттеп, өнімді жылжыту жолдарын қоса салса, іргелі бизнес-жоба болмаса да, мықты еңбек болғалы тұр.
Жалпы қызық, қызық. Ұнады. Осы тақырыпты тауып алып, идеяның өзін таңдауыңызға сындым. +1 қойып кеттім. Өмірдегідей емес, Керекте күшім аз.
Эльвира Ерғалина бичпакеттер дегустациясын жасайды. Деғустация, о, қандай фғанцуз сөзі!Жазба жеңіл тілмен жазылған, суреттер коллаждалған — бұл жақсы. Әр өнім (кәдімгідей құрмет тұтып, өнім дедім бе-ей?) жеке жіктелген, бірақ пост жалпы әлеуметтік маңыздылығы жөнінен халықтың шіренген тобына еш рөлсіз. Алайда ондайлар бізде аз және блогтар оқуға мүмкіндігі жоқ, сондықтан бәріне маңызды болып тұр ғой? :)

«Биг бонның 100 грамы 406 калорияны құраса, мына ыдыстағы жедел тағам, шамамен, 350 калория.» — 86 грамдық лапшалар жасасын! Қызық математика.
«Соусының түсі шошытты мені. Былай… сыққанда да қойыртпақтанып, ыңғайсыз сезім қалдырады екен.» — ықықықы. Қойыртпақтан келген ыңғайсыз сезім. Ықықы.
"Қоспасындағы кептірілген еттерін ерінбей шұқылап көрдім: кеуіп кеткен қойдың құмалағына ұқсайтын сияқты ма, қалай?)" — Кет-ей бар, жынды ма, мұнда бір қора жұмысшыны ұшындырып қоярсың.
Сіз айтқан Роллтонның халалы шыққанына біраз болды. Бірақ, рас, дәмі сол күйінде. «Сырлы ыдыстың сыры кетсе де...». Қайдағы ыдыс бірақ мұнда…
Жюридің пікіріне қатысты айтатыным жоқ. Посттың бас жағында лапшалардың өндірілу ерекшеліктеріне, қатыру, фасттау әдістеріне көңіл бөлу керек сияқты болды. «Не? Немен? Қайдан? Қанша?» дегендерге қоса қалай қажет секілді.
Жалпы, мұны да біреу жазу керек қой, сол үшін рақмет. Былай бейбайсалды тақырып алды дейін десем… Тур тақырыбының өзі де жетісіп тұрғаны анау. Жасаған қорытындыңыз, негізі, пост оқуды бастамай тұрып-ақ күтілетін нәрсе. Бірақ тәжірибе жүзінде көрсету де бір өнер.
Иә, үлкен рақмет сізге!!! Мұнда үш жұмысшы дұрыстап рақмет айт деп дікілдеп жетіп келді. Алғыстарының түрін… «Жалпы бұл фаст фудтан аулақ болғаныңызды сұрар едім», «Мүлде ішпеймін» деп аяқтағаныңызды оқыған да жоқ, өңшең сорлы!
Маралбек Сағынғанов, "Fast food".Пост қысқалығы жөнінен өз рекордтарыңызға түзету енгізуден келесі енгізуге дейін апта өтеді. Иә…

Жазба тілі болғанда, анау ғой, мынандай тілде деп пікір білдіруге де дерек жетпей жатыр. Посттың идеясы қызық, ерекше. Ньюспейпэз мэйн пэйдж ұнады. Алайда шолақ. Тілді, жазуды игергенімді былай да білесіңдер ғой, енді факттерге жүгінейін де қояйын дегендейсіз.
Осы жағдайда тек безендіру, әдіптеу еңбегіңізді ғана бағалай аламыз. Оның өзінде статистиканы терең зерттемегенсіз, әрине. Тура бір, сіздің орныңызда болсам, «Бұны не үшін оқуымыз керек?» деп сұраған қазыға «Ал не үшін айырып жазуым керек?» деп жауап берер едім. Хе.
Жарайды, мұны көрнекі материал ретінде тақырыптық еңбектерде, іс-шараларда пайдалануға болады. Құрығанда, сол үшін бекер еңбектенген жоқсыз. Ал негізі, «зықымды алып болдының» кері ме деймін. :)
Екі тур қалды. Жұдырықты жібіте салмаңыз.
Асқар Базарбай 8 адамға 8 қадамда пицца жасайды.Постқа келейін.
«Ал біздің жасайтын пиццамыздың бір тілігіне тепсе темір үзетін мұнайшы жігіттер де тояды.» — Сенімділік ұрып тұр.
Ары қарай… қандай браузер арқылы көріп жатсыңдар? Құдайдың керімі мына фаворитің, тіпті постын оқуға да ноутбук ауыстыруға ел жағалайтын болдық па? Қой, үзіліс, біржолата лапша жеп қайтайын.

… О, мынаны қара! Тәуір сайт екен. Ерекше жанр, көрнекі. Музыканы өлтіріп жіберіпсің. Тіл шеберлігіңізден қол шеберлігіңізге көшейік.
"Қол жуып, қамырды илеп, 20 минутқа жылы жерге бетін жауып қоямыз." — Түсіндіңдер ғой, иә? Қолды да, қамырды да 20 минутқа жылы жерге қоямыз! :)
Пиццаның бәрі дөңгелек болуы тиіс деген теориям дұрыс емес екен ғой, ә? Гелиоцентристігім-ай осы!
Ана азаматтар да бір қарық болған шығар. Дәмі жайлы жұмысшылар пікірлері қайда, а? :)
Меніңше, ұсақ-түйектер жетпейді. Кәнігі шаруа қатындар игеріп алғаны ақиқат, ал асханаға жақында жолап жүргендер үшін ингридиенттердің жайылу әдісі мен турау тәсілдері секілді «меліш» моменттер жетіңкіремейді.
Бірақ, жалпы алғанда, вагончиктегі кезекті шағын шедевр! Бұрынғылармен салыстырғанда, оны енді жеуге де болады. :)
Градусты қорықпай төмендете беретін мүмін есебінде жанр ауыстыру батылдығыңызға қолдау білдіре беремін. Оның үстіне, сіздің турнирлік жағдайыңызда шығармашылық еркіндікке ерік бере беруіңізге әбден болады!
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Көпәріптілік осымен тәмам. Тур тақырыбының өзі біртүрлі болғандықтан, жазбалар да сан алуан. Қыртам, біртүрлі болмаған турларда да алуандылық болатын. Осы блогерлер келіспейді ғой, ә, бір-бірімен жазба бағыттары жайлы? Сосын ең түсінікті мағынасында ешкім толыққанды мәтіндік пост жазбайтын дәрежеге жеттік. Гамбургер, чизбургер, кола — "өй, ол өткен ғасыр ғой" дегендей… :)
Сөзсауат жөнінде бірқатар блогерге претензия жоқ. Қожабекова бастап, Бекарыс қостап, грамматика, орфография жағын жөнге салып жіберген сияқтымыз. Гы. :)
Үшінші турдан кейін әлеуетті күміс һәм қола медалистер орындарымен ауысқалы тұр. Тіпті бесінші қазы бағаламағанның өзінде осыған жуық. Өткен турдың
Негізі, соңғы турға дейін тартыс қызық болмақ. Қызда-ар! Еркекпін ғой, бір құпия айтайын: Финалда фингалға дейін төбелесу керек. «Егер сіздің әлсіздеу құрбыңыз жоқ болса, мүмкін, онда ол сіз боларсыз» демекші… қоттап-қоттап жібергендей ме… :)
Асқар мен Маралбек, сендерге не дейін… Арамызда түбі жетпес шыңырау, не деген маньяксың, құрғыр-ау! Гигок!
Жюри, финалда қаталданып жатсыздар аздап. Ақыр таянған шақта аянған несі бар дейсіз, дұрыс. Бағалау деген процесс оңай емес, мадессіңдер.
Жоба менеджері мырза, блогиаданың ресми сайтындағы қатысушылар тізімін не финалист төртеуін ғана, не барлық 32+-ті жазып қойсаңыз жөн-ау. Блогерлерден тәптіштікті талап еткен тәлпіштік сізге де мойнын бұрсын енді деп жатқанымыз. Әйтпесе, не балық, не халық емес тәрізді.
Бөрібай, бар, демалшы оттамай. Болмаса, сөйлей бермей, ұйықта. Е-е, екеуінің мағынасы бір екен ғой.
Finita la recensione.
p.s. Суреттерге қатысты авторлық құқық талаптарын қойып жүрмеңдер, сендердің қамдарың
Превьюдағы садо-сурет Қоңырбай Қазақтың реинкарнациясы — Медет Жансановтікі.

             Тікелей логикаға салып, оған технологиялық та, идеологиялық та қатерден сақтануды, жалпылама қате БАҚ мәліметтері мен арнайы мақсатты дезинформацияны да тоғыстыра беруге болады деп қабылдай беремін. Менікі қате дейтін эксперттеріңе "қақпайды, за мной тысячи из народа, ибо я қарапайым оқырман өкілімін" деймін. Білмеймін, ненің жоқ екенін айтатын шолу емес, не бар, сонымен жұмыс жасауға тура келетін тақырып болып тұр. Осындай тур.

             Жақсы ма сол ал енді?
Жақсы ма сол ал енді? Сосын біресе көтеу, біресе геморрой деп бейстандарттап кеткеніңіз не? Брр, жарайды, қайсысы болса да онша емес сөз.
Сосын біресе көтеу, біресе геморрой деп бейстандарттап кеткеніңіз не? Брр, жарайды, қайсысы болса да онша емес сөз. 
 
             Көне қарлұқтардың аңызы бойынша, көбелектердің уақыт санауымен бағзы заманда, мыңдаған ұрпақ келіп-кеткен өте-өте ерте заманаларда бір Әкімші болыпты. Ол бір ақылды, бірақ жауыз, рухани қаніпезер екен. Өзі сол кезеңде тілі мәйекті, ойы дәйекті қауымды жинап, ж
Көне қарлұқтардың аңызы бойынша, көбелектердің уақыт санауымен бағзы заманда, мыңдаған ұрпақ келіп-кеткен өте-өте ерте заманаларда бір Әкімші болыпты. Ол бір ақылды, бірақ жауыз, рухани қаніпезер екен. Өзі сол кезеңде тілі мәйекті, ойы дәйекті қауымды жинап, ж Хә, енді оқып қойғасын, не пайда? Оқымасаң да мейлі дейтін себебім — алда менің де жеке рейтингім бар. :)
Хә, енді оқып қойғасын, не пайда? Оқымасаң да мейлі дейтін себебім — алда менің де жеке рейтингім бар. :) Сонымен, бұл турдағы ең үздік, ең қызық, ең тартымды дүниелер. Бұл менің бар болғаны өзімнің жеке
Сонымен, бұл турдағы ең үздік, ең қызық, ең тартымды дүниелер. Бұл менің бар болғаны өзімнің жеке 
 3. Асхат Тарғынның бірінші орыны. Оу, неткен райдер! Неткен кербездік… Сіз де қыңыр екенсіз, Эльвира. Бірінші орынға қойып. Тек айта барыңызшы: кіндікке сақина салған қыздың кіндігі бір күні сауысқанның ұясында жатады, Асеке… Мария Магдалена, өзің сақтай гөр!

 Қуанта берші айдай сұлу бейнеңмен һәм посттарыңмен!