Имидж
Имидж сөзін алғаш рет мектеп қабырғасында оқып жүргенде естіп, білгенмін. Ол кездегі қабылдаған түсінігім бойынша имидж дегеніміз: бір әншінің киім кию, шаш қою үлгісі болатын. Бірақ, дәл бұл мағынадан маңызды және көлемді екенін студент кезімде түсіне бастадым. Коммуникация, яғни қарым-қатынастың өркендеп, технологияның адам өміріндегі маңызының күннен күнге еселеп артуы, тасқындаған ақпараттарды қабылдаудың арасында «имидж» ұғымының өзіне қарай ынтықтыруы, онымен кеңірек танысуға алып келді.
Әр адам – өзіне имиджмейкер. Ол өзінің қабілеті мен пайым-парасатына қарай қабылдаған ақпаратымен өзін тұлға ретінде қалыптастырады. Қазіргі таңдағы қоғамда индивидтің обьективпен қарым-қатынасында тиімді нәтижеге қол жеткізудің кілттерінің бірі дұрыс имидж қалыптастыра білу. Бастапқы сатыдан тиімді қалыптастырылған имидж халықпен тікелей қарым-қатынас жасайтын атқарушы билік саласында жұмыс жасайтын азаматтарға (облыстық және аудандық, жергілікті әкімшілік басқару саласы, ХҚО, саяси партияларда) сонымен қатар, танымал, жағымды тұлғаға айналудың сапалы және оңтайлы тәсілі.
Елімізге «имидж» ұғымы батыс елдерінен келіп кірді. Демократиялық құндылықтарды сыналап бойымызға сіңіріп келе жатқан елімізде «имиджмейкер» саласының маңызы мен болашағы жарқын екені көрініп келеді. Әр адам – жеке тұлға. Бірақ, ол қоғамда елеусіз, танымал болмауы мүмкін. Ал енді, осы қарапайым адамнан танымал тұлға шығаруда имиджмейкерлердің еңбегі «ерекше». Біле білсеңіз, бүкіл әлемді өзіне қаратқан небір танымал президенттер, олигархтар, атақты банкирлер мен депутаттар имиджмейкерлердің «туындысы». Мәселен, француз саяси технологы Жак Сегелді «президент жаратушы» дейді. Ол араласқан 20 сайлау компаниясының 18-і жеңіске жеткен. Әлемдік қауымдастықта баяғыдан-ақ үлкен сұранысқа ие болған имиджмейкерлік қызмет біздің елімізде кенже дамыған. Оған бірнеше себептерді айтуға болады. Біріншіден, саяси-құқықтық сананың төмен болуы, қоғамның демократиялық құндылықтарды толықтай қабылдай алмауы, екіншіден, қоғамда керітартпашылық сананың сіңіп кетуі, одан арыла алмауы, үшіншіден, бойында бар қабілетті дұрыс пайдалана алмау, өзіне сенімсіздік, сонымен бірге, қазіргі таңда қоғамда белең алып кеткен құбылыс жаппай күнкөріс қамын күйттеудің салдары, қоғамды тиімді өркениетке жетелейтін салаға тұсау болуда. Ақпараттық тасқын заманында, өзіңе қажетті мәліметтерді дұрыс таңдап, сіңіре білуде жетістікке жетудің кілтіне айналып отыр.
Қазір бұл қызмет түрі тек, «жұлдыздарға» ғана емес, қарапайым адамдарға да қолжетімді бола бастады. Мысалы, қазіргі таңда жұмыс беруші жақтың жұмысқа қабылдаудың негізгі тәсілі: алдын-ала қойылған талап және үміткермен тікелей сұқбат жүргізу арқылы анықтау. Осы мекемеге жұмысқа тұруға барғанда имиджмейкерлердің көмегіне жүгінгендердің жолы болады. Жалпы, танымал азаматтарға немесе халықпен тікелей жұмыс істейтін атқарушы билік басында отырған басшыларға белгілі-бір деңгейде имидж түрі жетіспейтіні ақиқат.
Бесаспап басшы болу үшін не істеу керек? Кәсіпқой маман болу үшін не жетіспейді? Негізінде, имидждің шартты түрі бес тарапқа бөлінеді.
Бербальды имидж. Бір қаланың әкімі балалардың лагердегі жазғы демалысында «салауатты өмір салты» атты балалардың патриоттық сезімін арттыру мақсатында өтіп жатқан іс-шарада қағазға қарап баяндама оқып тұр. Іс-шара спорт алаңында өтіп жатыр. Әкімнің сөзін тыңдаушы – балалар аудиториясы. Әкім әдеттегідей, спорт саласына арнап пәленбай қаражат бөлініп, мемлекет тарапынан қамқорлық жасағаны туралы мәліметтерді тәптіштеп оқиды. Әлгі балалар тыпыршып, іс-шараға әкелінген жүлделерге қарап, тезірек аяқталуын күтіп отыр. Әкімнің айтып жатқан терминдерін мектеп оқушылары университеттік білім алғанда ғана түсінуі мүмкін. Осы орайда әкімдерге қай аудиторияда «қағазға қарап» баяндама оқу керек, қай жерге мүлдем керегі жоқ екені туралы кеңес беретін адам жоқтың қасы. Мұны вербальді имидж дейді.
Оның ішінде сөйлеу, дыбыстық компотенттері (оның сөйлесу, асықпай сөйлеу, дикцияны қалытастыру) жатады. Бастапқыда үлкен қателік болып көрінбейтін мұндай жәйіт, әкімнің жеке басының құндылығына кері әсерін тигізеді. Жалпы, басшыларға қалай десек те, шешендік өнер жетіспейді.
Суретті мына сілтемеден алдым. art-ploshadka.yvision.kz/
Пысы: қызығып жатсаңыздар айтыңыздар, жалғасын жариялаймын. жалғасы осында