Ұлылардан ұлағат алайық ағайын!

Ұлылардан ұлағат алайық!
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған,
Өлді деуге бола ма айтыңдаршы,
Өлмей-тұғын артына сөз қалдырған. (Абай ата)
Ықылым замандарда Қырық қақпалы Сайрам шаһары әлемді билеген Қазақ Қаһаннаның астанасы болған. Сақтан, Қазақтан, Алаштан тараған сансыз (жаратушы нұрына бөленген) бабаларымыздың мекені болған қала. Сансыз бабаны кейін тарихатымыздың дұшпандары арабтан арнайы келгендердің қатарына қосып, ислам дінін таратушы деп, немесе сөз астарын ұқпайтындар саны жетпес дегендей өзгертіп жіберген. Сансыз деп жоқтан бар болуды, бірді атасақ немесе сол Алланың бірлігін, ерекше хикметті меңгеруді айтады. Құранда сендер білмейтін қаншама пайғамбарлар бар ескерткендей исламнан бұрынғы түскен кітаптардан «Ақиқат» негізін қалаған қазақ жерінде 63 пайғамбар және 28 елші жалғастырушы болып 91 кітаптың сөзін «Насят» деп ұрпақтарға аманат қалдырған. 92-ші кітаптың аты «шариғат» болып Мұхаммед пайғамбарымыздың өсиеті мен ізгі амалдары болып табылады. Сондықтан сол 92 кітаптың амалдарынан Құран түсіп тұратын, заманына қарай амалдар нәтижесіне, ел ішінен болған ерекше қасиет берген құлына, аянмен құран аяттарының құпияларын үйретіп отыру арқылы ғана адам баласы ақиқатқа қосылып бірігіп сансызға айналып отыру шарт. Сансыз болғандарды Бір Алла деп, жаратушының тәңірлік сипаттарының жоғарғы сатысын айтады. Шариғат амалдарын шежіреге, ғұрыпқа біріктіре отыра тарихатқа өтіп, тарихатта тылсымнан періштелерден, сабақ бата алу (уахи) арқылы ақиқаттың жаңа белесіне өтіп, өткен және болашақпен кездесіп, шежірені жалғап отыру керек. Бұндай діннің бірлену нәтижесінің адам парасаттылығын қалыптастырып оның көрнісі шабыт атты пыраққа мініп, сөз ғылымын меңгеріп, білімді жетілдіріп жоғарғы өркениетті меңгеру болып табылады. Діннің тарихы, ұлтық бейнесі ірге тасы немесе тамыры «Ғұрыпнама» ( елдің Құраны) болып төрт белгімен беріліп отырады;
1. Ай жүзіндей жарқыраған «Нұрлы шежіре».
2. Айтсаң айнымас «Асыл шежіре»
3. Көрсең көзің тоймас, ұрпақ аумас «Алтын шежіре»,
4. Атасының борбайын, анасының ойбайын айтар «Аңыз шежіре» (Асан Қайғы)
Бірінші белгісі; Әрбір пенденің, шабыт, шығармашылық өкілінің, діншінің айдың жүру жолдарымен, жыл өзгерістеріне, құс жолының қозғалысына байланысты түс, аян көру арқылы, әрбір адам баласына жеке берілетін оқиғаларды, халықтар шежіресімен, негізгі заман кезеңдерімен шындыққа шығарылған тарихи нақты деректер әр түрлі белгілермен, таңбалармен жазылып, құпия сақталып ұрпақтарынан аманатқа қалдырып отырады. Және киелі кітаптармен расталады. Екіншісі; ауыз әдебиетімен болған оқиғалардың жыраулармен, ақындардың, сыпыра шежірешілердің айтқан өсиеттерінен өткеннен үгіт алу арқылы беріледі, яғни халықтың жадында сақталған оқиғалар тізбегі. Үшіншісі; жазба, сызба, таңба түрінде қалдырған мұралар, жәдігерлер, таңбалар арқылы оқылады. Төртіншісі тарихи оқиғалардың аңыз арқылы әртүлі «әлқисаларды» сол жоғарғы деректермен салыстыра отыра ғалымдардың зертеулерінен шығармашылық өнермен, романдар, кино т.б туындылар арқылы толықтырылып жазылады.
Халықтың жүрегі кірлеп, есту қабілеті әлсірегенде сөздің құны жоғалып, ойлау жүйесі өзгеріп, басқа елдің сөз отарына ұшырау, тарихи оқиғалар жалғасы яғни сөз соғысы, ақыл ойдың соғысы, жер бетіндегі халықтар арасында алмасып, айналдырып отыру жаратушыдан тұрақты берілген сынақ деп біліңіз. Ондай соғыс ғасырларға созылып ақырында бір елді, екінші сөз үстемдігін алған ел, отарлау арқылы нәсілдік сипатын өзгертіп, сіңіріп тілін өзгеріске ұшырата білсе, ондай ұлтта тілімен бірге жоғалып отырады. Бұндай ақпараттық соғыс негізінен сақтардан басталып әлем түрленіп, қайта сақтардың негізгі ұрпағына тектілерге шабуыл жасап, қайта жұтылып, түрленіп отыру жер жүзіндегі тарихи оқиғалар шежіресі «Насият» болып жазылып, «Бес таңба» деп аталып, кейіннен Мұхаммед пайғамбарымыз «Із бөрі» деп ат қойып кетіпті.Ол кітапты аятта; «Рас білеміз. Өйткені олар: «Құранды Мұхаммедке бір адам үйретеді» дейді. Олардың ұйғарған адамының тілі бөгде. Ал бұл Құран ашық Арап тілінде» (16-103) Құраннан басқа құпия тілде шариғат істерін көрсетуші басқа тілде кітаптың (Құранның- шариғат негізі) болғанын осы аят растайды. Және сол кітапты апарған Укаша сахабаның Михсан яғни Сансыз баба ұрпағынан тарап, басы пайғамбарымыздың аяқ жағында жерленуі жеткілікті дәлел емес пе? Сол «Бес таңбаның» төртіншісін аңызын, халық оқыпта көріп те баспасөз беттерінде жазылып та жатыр. Үшінші белгісі болып табылатын нақты таңбамен теріге жазылған кітапты аталар аманатын; Көрсең көз тоймас «Асыл шежірені» ұстайтын да уақыт келер. Әзірше екінші түрі, ауыз әдебиетімен таралған «Айтсаң айнымас асыл шежіреден» сыпыра шежіреші Алиасқар Байғұтұлының (1898-1981) қалдырған мұрасынан танысып көрейік;
Жұмыр жердің бетін дүр сілкіндірген және әр қашанда әділдіктің жолын ұстанған, қаһары мен қайрымдылығы тең болған тектілерден шыққан қаһандар, патшалар, Гүрхандар, Хандар, Баһадүрлер, Шешендер, Көсемдер;
1.Кер Сақ-аб сансыз Баба! –Данышпан.
2.Күрең Алаш Сақ-аб қаһан.-Баһаул!
3.Алаша қаһан баһаул!
4.Қазақ, Созақ қаһан-«Баһан-бастар»!
5.Қыпшақ «Атауұлы» (Атила) каһан Баһаул!
6.Тоны Көк білекті қаһан!
Бұл дерек шежіреден ұлағат алсақ; Сақтан шыққан қаһан, баһаулдер әлемді өзіне қаратып, сақ мәдениетінің жазу сызу үлгі өнегесін таратып, әділетті заңдарды шығарушы «Ғұрыпнама» негізін қалаған; Сақтың алты ұлынынан тараған ғұламаларды ел басқарушыларды «Сақ-аба» (қожалар-әмір иелері) яғни адамзатқа Адам атадан бастап түсірілген негізгі атаулар жүйесінде қалыптасқан «АБ» әліппені кейінгі жаратушы тарапынан берілген, түсірілген нұсқауларды «А» әліпбиіне жалғастырып таратушылар. Жер жүзіндегі барлық ғұламалар тегі «АБА»-лардан өсіп өніп араласып таралып отырады. Құран сөзі болашақта құпиясы шешілетін «ОВ» әліпбиі (Крилица) Адам атаға түсіндірілген «А» әліпбиінің жетілдірілген үнді түріне жатады. «Крилица» деген Кер атадан тараған; Кер-аб, Кер-шүк, Кер-ай бабаларымыздан қалған үш түрлі сызба таңбалар жиынтығы яғни Адам ата Нұх пайғамбар қауымынан хабар береді. Енді «Айтсаң айнымас асыл шежіре» өзгерту қиын өлеңмен берілген өсиеттерден мағлұмат іздеп көрейік!
Кер Сақ –аб Тұтқа Кербұлқа қаһан! Санның басы Кер Сақ-аб,
Елтеріс қаһан-Данышпан «Ертіс» Сансыз Баба Сайрамдағы,
«Керүкі Темір Құтылық» қаһан! Мұхаммедте іздеген Кер Сақ-абты!
Амур Дария Забур патша-«Тұрант»! Ол Алланың елшісі пайғамбары!
Сауран Дария Жамушын патша «Сурант»! Алты Алаш алтын тамыры жұмыр бастың
Сары –Оғлан Қарахан патша «Тараз» Жалған деп тіршіліктің бұлағын кім айтады?
(Жүсіп Баласағұн)

Енді Хасан Азаннуринни Омар Хаямның айтқандарынан:
Ия Алла, аян берші сұрағыма Қазығұрт қоңыраулы «Кемелі тау!»
Бас иемін Киелі Құраныңа! Киелі Анадай «Балбалым – ау»
Қазақ Қаһан туылған Қазығұртта Осы айтқаным жете құлағыңа?!
Бір күні жәдігөйлер тұрады ма? Бес Ана, Көш Ана, Ду Ана бар!
Қазақ Қаһан көтерілген биік шыңға Тоқсан екі ұл бергенсің құрсағыңа!
Жөгіттерде тырмысып шығады ма? Қазақтан тараған осындай ұрпағы бар.
Әділдікті бұрмалап жолын байлаған Бас иген ғалам жартысы Қыпшағыңа!
Мұхаммед пайғамбарға қастық ойлаған, Меккеге қорған болған Бағдат едік,
Жәдігөй жөгіттерге жол бермеші! Бағдатқа бақ қондырған Қазақ еді!
Келмесін қос емердің бұлағына Қазақты Қаһан еткен Кер Сақ Аб еді
Қазығұрт тектілер шыққан киелі тау! Ер Қазақ, Мәулім Қазақ, мейрім Қазақ!
Дәулетің дәуіріңде тасығанда Өшпейтін өрнегі Нұр Өсиет бер!
Аузыңа Төрт Құбыла да қарап еді Мені де мәңгілікке жаратпаған
О, Тәңірім! Тектілердей қасиет бер! О, жалған! Сен бір неткен қонақ едің?!-деп
Шайыр бабамыздың жаратқаннан сұраған Нұр Өсиетінің тарихын яғни шариғат негіздерінің қалай пайда болғанын Сырым Дат ұлының Бұхара әміршісіне айтқан ескертуінен іздеп көрейік;
Сарт садағам тыңдап қой ақиқаттан! Қожалар тектіміз деп ауып шыққанда,
Ақарыс, Бекарыс-ау, Жанарыс деп Кербалада Етүрейлер жолын тосқан.
Қозғайсың өзіңе тартып шариғаттан Қырылып арап, парсы Кербалада.
Қазақ Қаһанды айтуға дәтәң шыдымас Пайғамбарды шөлге тастап тұра қашқан.
Жаһанның Машқұр-санат Бәйтерегі. Қол шыққан жер қайысқан Қазығұртан!
Қазақты қалай қосасың Әлімсақтан «Бестаңба» Кер Сақабтың «Ғасыр- табағын»
Қазақтың алты ұлына әлем қараған Керейлер Мұхаммедтің қолына ұстатқан!
Алаш- Қаһанды ұмытпа арын сатқан Ақиқаттан Шариғатқа қасиет бітіп,!
Құранда да Алты ұлының аты мәлім Өсиет қалған «Насият» деп Арыстан баптан. Жаһаннамға аттандырайын ба жанын сатқан? «Ізбөрі» бұрынғы аты «Бестаңбаның»
«Құрайыш» Ар мен Ғұнның жетінші ұрпағы Алланың құдіретімен ілім түскенде,
Мұхаммед анасынан туылғанда Бес- сақаба оқып шығып осы кітапты,
Тектілер жөгіттердің ханын құлатқан. Құранға «Бестаңбаның» нұрын шашқан!
Жөгіттер «Етүрей» боп дінге кірді Исі мұсылман ағылып Түркістанға
Тектілер төрт құбыланың бәрін алды деп
Дауыл тұрып, ғаламатты құйындатқан,
Өтің жарылып аузыңа келсін
Өтірікке атасы жоқ Сырым Датқаң!
Сонда Бұхараның бас имамы орнынан тұрып:
-«Уа Сырым Датқа! Ақиқат пен шариғат егіз, бірақ бізге «Бестаңбаны» ұстатпайды, сондықтан біз Бір Алланың құзырына бас иеміз. Ал «Бестаңбаны» әркім ұстаса, адам баласы «Қазығұртың» тасына дейін арқалап, әркім өзін текті санап, жер бетінде қан төгіс тоқтамайды» -деп Құраннан аят оқып, Сырым Датқаға ырза болып; -«Біз сізге нала болмаймыз, сіздей пенде туылмайды, жаназа екі жуылмайды. Әділдік сіздің ауызға балын тамызған екен, жолыңыз болсын» — деп шығарып салады.
Араптардың дін соғысының шежіресінде де, пайғамбар өсиетіндеде кер ат мінген қара киіммен тұмшаланған атты әскердің келіп жеңіліске ұшырап жатқан сахабалр арасында соғысып жауды күйрете жеңгені жазылады. Бұл қазығұртан қыпшақ әскерлерінің аянмен көріп, пайғамбарымызға жәрдемге барып әрі «насият» кіәтабының көшірмесін апарғанын және сол кітап арқылы шариғат негіздері қаланғанын растайды. Укаша сахаба атасынан аманат теріге жазыған өсиетті алаып келді деген растайтын әңгіме де бар. Сонда Укәша сахабаны жалғыз барды деп кім айтады. Және онымен бірге болған Ерқоян, Құттықожа т.б көптеген сахабалардың да болғаны тарихи шындық емес пе? Сол соғысқа қатысқан жауынгерлерді діншілер періштелер деп түсіндіреді. Ол Құран ғылымына қайшы; «Періштелер түскенде сендерге мұрша берілмейді, шақ салынады» деп ескерткен. Екі періштенің өзі бүкіл Садам қаласын асты-үстіне түсірді емес пе? Олай болса арап діншілерінің шежірені өзгертіп дінде үстемдік, әлемде билік құру мақсатындағы нақты болған оқиғаларды өзгерткен, деректерді тыққан жәйларын бар екенін болашақта табылатын теріге жазылған сақтардың Адам атадан бастап жалғасты жазылып келе жатқан, Шыңғысқан атамыздың тықтырған қазынасын ашылуына ұлықсатың түсетіні даусыз!
Әрі қарай

Шежіре

Халқымызда «Жеті атасын білмеген жетесіз» деген сөз бар. Жеті атадан аспаған қыз бен жігіттің отбасы құруына қарсы болғаны жайлы да білеміз." Бабаларымыздың ақылдылығы сонша, медицинаның өзі кейін дәлелдеген жоқ па бұл мәселені гендік тұрғыдан " деп бөсеміз. Дұрыс-ақ делік, ал біз өз ұрпағымыздың өз туысына үйленбеуі үшін қандай жұмыстар істеп жүрміз. Күйбең тіршіліктің қамымен гәлөшімізді сүйрететін осынау заманда туыстармен кең араласатын мүмкіндік болғанымен уақыттың жоғы анық. Сондықтан да әр азамат өз туыстарының шежіресін жазуға міндетті десем артық болар, бірақ соны жазса НҰР болмаса да жақсы болар еді. Шежіре деген тек кешегіміз емес, бүгініміз бен ертеңіміз.Сондықтан да сонау Адам атадан бастау алатын шежірені толтырмай-ақ өз отбасысынан бастаса екен. Мысалы:
Әкеміз Мараттан үш ұл
Медет, Асхат, Жарас
Медеттен 3 қыз, 1 ұл, дегендей кете берсе.Әркім өзінің туыстық қатынасын осылай толтырып отырса, артымызда келе жатқан буынға өз кезегінде таныстырып, табыстап отырсақ деген ой ғой менікі
Әрі қарай