Шахмат 3
Шахмат — нағыз мықтыларда ғана болатын өнер. Бірі спорт десе, бірі ойын дейді, ал бірі өнер дейді. Мен де өнер деймін. Табиғаттан берілетін дарын. Ақындар қалай қиыстырып әдемі өлең жолдарын құраса, шахматшы да сол сияқты. Әдемі, өрнекті, әсем жүрістер, комбинация, дебют ойлап таба алады. Шахматтың соңына түсіп айналысар болсаң, өте жақсы. Ал кішкене уақытыңды бөлетін болсаң, ол — жақсы.
Әлем чимпионы болмасаң да, шахматтың қыр-сырын меңгерген болсаң, қуана бер. Сенің бойыңда екінің бірінде кездесе бермейтін қабілет көздері бар деген сөз.
Шахматты тек тақтада тастарын тарсылдатып ойнай беру үлкен шахматшы болам дегендер үшін жақсы емес. Қосымша әдебиеттер оқып, гросмейстерлердің ойынын талдап, өз бетінше шахмат есепетерін шешу керек.
Маған қатты ұнайтын фигура — ат. Ол өте қу. Істемейтіні жоқ. Ең мықты деген ферзінің де алдын орап кетеді. Шанышқы жасайды бір мезгілде т.б. Алдағы жазбамды «Айлакер атқа» арнаймын.
Әрі қарай

- тез ойланасың
есте жақсы сақтайсың