Жол полициясы 7560 (7000) теңгемді қалай қайтарып берді?

Бұл өзі жыл басында болған оқиға. Tuspalsoz-ді жүргізуші Мұрат Есжан Қазақстан бойынша бір айға жуық сапары кезінде өз көлігін маған уақытша жүргізуге беріп кеткен еді. Әдеттегідей, өз шаруаларыммен Астананың әсем көшелерінің бірінде көлікпен жүйіткіп келе жатып, жүргінші жолын кесіп өткенде, жол полициясы тоқтатты. Негізгі айыбым: жаяу жүргінші өтпесінен жүргіншілерді өткізбегенім екен. Оқиға осылай басталды.Жалғасы...
Әрі қарай

Атышулы жиналыстар. «Ұлы құрғақшылық»

Ойбай, мәлімет іздеп келген аграрийлер болса, кешірім сұраймын: әңгіме жаңбыр әлде су тапшылығы туралы емес.
Әлқисса, 1929 жыл, АҚШ, Атлантик сити (Нью Джерси). Жергілікті казинолардың біріне машиналар келіп тоқтауда. Ішінен шляпалы һәм ұзын етек күрте киген джентльмендер түсіп, жан-жағына күдіктене бір көз тастап, казиноға қойып кетуде. Жақыннан көрген адамға жан қалталарында қос-қостан тапаншалары барын көру қиын емес. Ал, «сақтықта қорлық жоқ» дегендей, мәшинелердің ішінде атақты «Томмиганнан» тап қазір сақылдатып ата жөнелетін бірде шопыр, бірде оққағар рөліндегі жігіттер және отыр…
Әрі қарай