Түрме үшін 305 мың фунт стерлинг

Біздің теңгемен алсақ 70-80 миллион шамасында. Осыншама қыруар ақшаны Әділет министрлігінің жауапты хатшысы Марат Бекетаев өз қалтасынан бөліп отыр.
Блог - torgai: Түрме үшін 305 мың фунт стерлинг

Осы ақпаратты оқып бастағанда, «Шенеунікке мұндай ақша қайдан келді?» деп ойладым бірден. Жымысқы ойдың келгені де рас. Сөйтсем, бұл көкеміз үкіметтің шешімімен 2008 жылдан бері ENRC-дің (Eurasian Natural Resources Corporation Plc) директорлар кеңесінің мүшесі болып белгіленген екен. Содан бергі алған жалақысы осы.
«Адал мемлекеттік қызметкер ретінде бұл табысымды өз қажетіме жарата алмаймын. Қайырымдылыққа беруім керек. Балалар үйі немесе басқа да қайырымдылық қорларына берсем болар еді. Алайда, әйелдер колониясына көңіл бөлінуі тиіс.» Бұл – Марат Бекетавтың өз қадамына қатысты айтқан пікірі.
Шынына келсек, құптарлық бастама. Абайсызда шалыс басып, тағдырдың тәлкегінен абақтыда отырған нәзік жандар қаншама? (Осы жерде мүмкіндігінше мына материалды қарап алуға кеңес берер едім.)
Біреулер «Өздеріне сол керек» дер бәлкім. Аяйтындар да табылары сөзсіз. Осы орайда, әйелдер түрмесіндегі ахуалды жақсарту реформасы қолға алыныпты. Ал аты аталған шенеуніктің аударған ақшасы елдегі тек 2 колонияға жұмсалмақ. Соның бірі Атыраудағы жалпы режимдегі әйелдер абақтысы. Бөлінген қаржының арқасында 232 әйел жазасын өтеп жатқан осы мекемеде медициналық қызметті жақсарту жоспарланған.
Европадағы түрмелердің бірінен алынған сурет Блог - torgai: Түрме үшін 305 мың фунт стерлингТіпті, жұмыс орындарын көбейтіп, мамандыққа даярлау көзделген. Екінші нысан Алматыдағы 107 адамға арналған балалар колониясы. Қысқа қайырғанда, түрмені тек жазалау орнынан, қоғамға бейімдеу нысанына айналдыруға басымдық берілмек.
P.S: Сонда да «Бұл деген артық табысыңды көрсетпеу үшін жасалған көзбояу» деген арам ой кетпей отыр. Қалай дегенмен, ақша бөлгені рас болса, өз мақсатына жұмсалса екен деймін.
Әрі қарай