Еліміздің болашақ журналистері Ертіс-Баян өңірінде бақ сынауда

Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «5В050400 – Журналистика» мамандығы бойынша «Ұлы дала ұлағаты» атты Республикалық пән олимпиадасы өтіп жатыр. Олимпиадаға Қазақстанның бірқатар қаласынан қатысушылар келіп, өзара сайысқа түсті.
Екі күнге созылатын бұл білім бәсекесіне Қазақстанда журналист мамандарын даярлайтын 17 жоғары оқу орнынан 51 студент қатысып, бар өнерлерін паш етті.
Олимпиаданы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры Ахметова Гаухар Ғалымқызы ресми түрде ашып, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарыстың бірінші кезеңінде әр топ өздерінің дайындаған видео-таныстыруларын көрсетті. Ал екінші кезеңде қатысушылар эссе жазып, жеңіс тұғырынан көрінуге бар күштерін салды.
Екі кезең аяқталғаннан соң, жарысқа келген қатысушыларды Павлодар қаласын аралатып, көрнекті жерлермен таныстырды. Экскурсия Ауған соғысы ардагерлеріне арналған саябақтан басталып, С.Торайғыров ескерткіші, Орталық мешітке жалғасқан жол Бұхар жырау музейінен аяқталды.
Дүлдүлдердің дүбірлі додасы бүгін өз мәресіне жетеді.
«Тұран» университеті
«Журналистика» мамандығының студенттері

Астанада ғалымдар мен сарапшылардың халықаралық форумы өтіп жатыр

Жиынға қатысушылар полиэтникалық қоғамның даму стратегияларын талқылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.


«Полиэтникалық қоғам және заманауи мемлекет: даму стратегиялары» халықаралық форумы Қазақстан халқы ассамблеясының бастамасымен Орталық-Азия аймақтарына қатысты этникааралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығы ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясымен бірлесіп ұйымдастырды.


Кездесу шеңберінде ғалымдар мен сарапшылар жаһандану кезіндегі заманауи қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін талқылады.  


 «Бұл – бүгінгі таңда өте өзекті әрі маңызды тақырып. Біздің кездесуіміздің тікелей міндеті жаңа идеялар табу және полиэтникалық қоғамды интеграциялау болмақ. Осы тұрғыда Қазақстан «Көпүлгідегі бірлік» қағидасын сәтті түрде жүзеге асырған жарқын мысал», — деді Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, ҚХА Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің меңгеруші хатшысы Леонид Прокопенко.


Форум шеңберінде Қазақстандағы Өзбекстан жылының өту қорытындысы шығарылды. Өзбекстанның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Саидикрам Ниязходжаев 2019 жылы Өзбекстанда Қазақстан жылы өтетінін атап өтті.


 «Бүгін біз 2019 жылы Өзбекстанда Қазақстан жылын өткізуге байланысты үлкен бағдарлама дайындап жатырмыз. Жуық арада шараларды хабарлайтын боламыз. Тағы да айта кетер жайт, осы аталған форумда пікірлер мен ұсыныстар болашақта барлық Орталық-Азия аймақтарын көркейтуге және оның қауіпсіздігін қатайтуға арналған жобаларды әзірлегуе мүмкіндік береді», — деп атап өтті С. Ниязходжаев.


Форумның панельді сессиясы келесі тақырыптар бойынша өтеді: «Полиэтникалық қоғамды дамытудың ұлттық үлгісі: Қазақстандағы Өзбекстан жылы»; «Астанаға 20 жыл: Еуразия жүрегінде» және «Әлеуметтік сәтті даму – полиэтникалық қоғамның консолидациялық негізі».


Астанада алғашқы халықаралық энергия үнемдеу форумы өтеді

Форум Қазақстандағы энергия үнемдеу күнінің он жылдығына орай өткізіліп отыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

2018 жылдың 9 қарашасында Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі БҰҰ-ның Даму Бағдарламасымен бірлесіп, Астанада энергия үнемдеу бойынша бірінші халықаралық форумын өткізеді. Шара мақсаты – энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша ашық демонстрациялық диалог алаңын құру.

«Форумға мемлекеттік органдар, бизнес құрылымдар, халықаралық, қоғамдық ұйымдар мен шетелдік сарапшылар қатысады», – делінген министрліктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Басқосуда, сондай-ақ, энергияны үнемдеудің өзекті мәселелері талқыланады деп күтілуде. Атап айтқанда, өнеркәсіп, қалалық қоршаған орта және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен стандарттау мәселелеріндегі энергия тиімділігі жан-жақты сараланып, «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының заң жобасы» түсіндіріледі.

Онлайн-форум қорытындысы: Елорда тұрғындарын не толғандырады

E.gov.kz электронды үкімет порталында Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтановтың қатысуымен өткен интернет-конференция қорытындыланды, деп xабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.


 Онлайн-форум барысында қатысушылар келесі мәселелерді талқылады: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша қабылданған шаралар», «Мемлекеттiк қызметкерлердiң жалпыға бірдей моральдық-этикалық нормаларын сақтауы», «Құрылыс индустриясын дамыту және Астана қаласының архитектуралық келбеті», «Жолаушылар тасымалы мәселелері мен автокөлік жолдарының жай-күйі», сондай-ақ «Жергiлiктi бюджет пен елорданың коммуналдық меншiгі».


Қала тұрғындары «Абу Даби Плаза» көпфункционалды кешені құрылысының аяқталуы, аумақтарды көгалдандыру, «жылы аялдамаларды» орнату, нөсерлі кәріз желісін жаңғырту, жылдам тамақтану дүңгіршектерін орналастырудың заңдылығы мәселелеріне қызығушылық танытты.


Форумға қатысу e.gov.kz порталына (электрондық-цифрлық қолтаңба арқылы «Ашық диалог» – интернет-конференциялар бөлімі) өту арқылы мүмкін болды.


Келіп түскен өтініштерді талдау барысында төмендегі мәселелерді айрықша атап өтуге болады. Көлік және жол инфрақұрылымы бойынша — 19, құрылыс және тұрғын үй — 10, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы — 3, кәсіпкерлік — 3, Астана әкімдігінің қоғаммен байланысы — 3, сәулет және жер қатынастары — 3, мәдениет — 3, денсаулық сақтау — 1, экономика — 1, мемлекеттік қызмет бойынша – 1 сұрақ келіп түскен.


Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтановтың қатысуымен өткен алғашқы интернет-конференция алты сағатқа созылды. Барлығы 47 сауал келіп түсті. Олардың барлығына мардымды жауап беріліп, мәселелердің мән-жайы түсіндірілді.


«Астана – 20 жыл даму мен инновация» Форумы Бүгін Астана қаласында "Нұр Отан" партиясының ұйымдастыруымен өтті.

Блог - nur_otan: «Астана – 20 жыл даму мен инновация» Форумы Бүгін Астана қаласында Нұр Отан партиясының ұйымдастыруымен өтті.

Бүгін Астана қаласында«Астана – 20 жыл даму мен инновация» Форумы «Нұр Отан» партиясының ұйымдастыруымен өтті.
Бірінші болып сөз алған «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед: – Елбасының ғажайып жобасымен дүниеге келген Астана бүгінде жаһандық саяси үдерістер мен бітімгершілік бастамалардың белді қатысушысы ретінде әлем картасынан ойып тұрып орын алды. Аз уақыттың ішінде Астана дүние жүзіне конфессияаралық келісім мен ұлтаралық татулықтың алтын бесігі ретінде танылды. Елордамыз бүкіл әлемді бейбітшілікке шақырған халықаралық форумдардың ұйытқысына да айналып үлгерді. Әлемге әйгілі инвесторлардың қызығушылығын оятқан бас қаламыз шын мәнінде халқымыздың ұлттық бренді болып қалыптасты. Зор табыспен өткізілген ЕХРО-2017 халықаралық көрмесі Астананың инновациялық әлеуетін айқын көрсетіп берді, – деді.
Аталмыш шараға «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары – М.Құл-Мұхаммед, Астана қаласының әкімі – А.Исекешев, «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы орынбасары – Э. Жұмағазиев қатысты
Әрі қарай

Астана қаласында «Астана – 20 жыл даму мен инновация» Форумы өткізіледі

Ертең Астана қаласында «Астана – 20 жыл даму мен инновация» Форумы өткізіледі. Форумда Астана қаласындағы шағын және орта бизнестің жетістіктері мен Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауын талқылау жоспарланып отыр. Сонымен қатар, Форум барысында Елорданың «Смарт-сити» үлгілі стандарт тәжірибесін Қазақстанның барлық өңірлеріне тарату мәселесі қаралатын болады.
Форумға «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары – М. Құл-Мұхаммед, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – А. Жұмағалиев, Астана қаласының әкімі – Ә. Исекешев, «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы – А. Мырзахметов, шағын және орта бизнес, білім беру институттары, индустриялдық-инновациялық және IT компанияларының өкілдері қатысады. Өтетін орны мен уақыты: 2018 жылғы 26 қаңтар, 12.00 с. Хилтон қонақ үй і(Нұрәлем)
Әрі қарай

#Talks2050: еліміздің болашағы туралы айтамыз.

25 қазан күні Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының үлкен концерт залында #Talks2050 өтті. " #Talks2050: еліміздің болашағы туралы айтамыз " — бірегей форматтағы шара, оның мақсаты — Қазақстанның болашағы, оның даму көкжиегін талқылау. Форумды "Қазақстан-2050" Жалпыұлттық қозғалысы мен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ұйымдастырды. Ары қарай суреттер сөйлесін…

Форум бағдарламасы.
Блог - botakoz: #Talks2050: еліміздің болашағы туралы айтамыз.
Форум бағдарламаны тарату және жылы қарсы алумен басталды.
Блог - botakoz: #Talks2050: еліміздің болашағы туралы айтамыз.
Блог - botakoz: #Talks2050: еліміздің болашағы туралы айтамыз.
Инстаграм ішіндегі «Инстаграм»
Блог - botakoz: #Talks2050: еліміздің болашағы туралы айтамыз.
TED конференцияның бірінші бөлімінде 5 спикер сөйледі.
Блог - botakoz: #Talks2050: еліміздің болашағы туралы айтамыз.

Блог - botakoz: #Talks2050: еліміздің болашағы туралы айтамыз.
«Түскі үзіліс уақытында фуршет ұйымдастырылды.
Блог - botakoz: #Talks2050: еліміздің болашағы туралы айтамыз.

Блог - botakoz: #Talks2050: еліміздің болашағы туралы айтамыз.
Екінші бөлімінде соңғы 5 спикер сөз сөйледі.
Блог - botakoz: #Talks2050: еліміздің болашағы туралы айтамыз.
Барлық спикерлердің ішінен ерекшеленгені Данат Жұмин болды. Өзіне берілген 15 минуттан артық сөйлесе де, жиналған жұрт ұйып тыңдады. Тақырыбы: „Бастықтарсыз қоғам“
Блог - botakoz: #Talks2050: еліміздің болашағы туралы айтамыз.
Бұл банерде форумға қатысушылар өзіне жақын саланы таңдайды. Және де маңыздылық дәрежесін анықтайды. Форум басындағы сурет.
Блог - botakoz: #Talks2050: еліміздің болашағы туралы айтамыз.
Форум аяғындағы сурет.
Блог - botakoz: #Talks2050: еліміздің болашағы туралы айтамыз.
Форумның екінші бөлімі.
Блог - botakoz: #Talks2050: еліміздің болашағы туралы айтамыз.
Блог - botakoz: #Talks2050: еліміздің болашағы туралы айтамыз.
Блог - botakoz: #Talks2050: еліміздің болашағы туралы айтамыз.
Блог - botakoz: #Talks2050: еліміздің болашағы туралы айтамыз.
Жалпы, форум жақсы деңгейде өтті. Форум басынан аяғына дейін орыс тілінде жүргізілді. Тек Әуесбайдың Қанатын көргенде қазақ тілі есіңе түседі.
Әрі қарай

Елден ерек әлеуметтік желілер немесе "фейсбуктан" жалыққанда

Блог - Gastarbaiter: Елден ерек  әлеуметтік желілер немесе фейсбуктан жалыққанда

Дау жоқ, «фейсбук», «инстаграм», «вконтакте» сияқты қалың бұқараға бағытталған әлеуметтік желілер — интернет нарығының теңдессіз алпауыттары. Алайда, осы алпауыттардың тасасында қалған, дегенмен, атап өтуге тұрарлық айрықша әлеуметтік желілер де бар. Кейбірінің қолданушылары жүз миллионнан асса, кейбірі жүз мыңға да жетпейді. Кейбірін барынша пайдалы деп тапсаңыз, кейбірі еріксіз жымитады. Бұл желілер бір ғана мақсатпен не бір ғана аудиториямен шектеледі. Бастысы — барлығының көңілінен шығуды мақсат етпейді. Назарыма ерекше ілінгендерін тізіп өткім келеді.

Әрі қарай

Жастар форумы

Алдында айтқан форумға бардым сенбі күні. Шынымды айтамын, баяндама өзім жаздым, интернеттен көшірмедім, бірақ мәліметтер қарадым. Форумға барсақ, барлығымызға тулар, бейджиктер дайындап қойыпты, сахнаны безендіріп қойыпты. Көрме де жасап қойыпты.
Блог - botakoz: Жастар форумы
Блог - botakoz: Жастар форумы
Блог - botakoz: Жастар форумы
Блог - botakoz: Жастар форумы
Блог - botakoz: Жастар форумы
Ең алдымен, білім бөлімінің бастығы баяндама оқыды. Толығымен интернеттен алған ғой. Анау оқыған сайын жыным кеп отты ғой, үп-үлкен адам тәжірибесі бар судыратып оқып тұр ғой. Содан кезекпе-кезек біз оқыдық. Соңында шағын концерт болды. Жалпы, жастар барлығы сендердің қолдарыңда, белсенді болыңдар деген мақсатта ұйымдастырылған. Нұр Отанды насихаттады. Жүргізуші соңында «Көріскенше күн жақсы » дейін деп жатқан шығар десем, «Көріскенше күн нұрлы болсын» деді ғой)))
Әрі қарай

Сіздер қалай ойлайсыздар?

Мені ауданға жастар форумына баяндама оқуға шақырды. тақырыбы «Жастар — тәуелсіздіктің тірегі». Өз ауылың және ауылыңның жастары туралы, жастар саясаты туралы жаз деді. Майын тамызып, ауылдағы жастар өмірін, олардың жетістіктерін жазып жіберсем, бұл жарамайды деп қайтарып жіберіпті. Енді қайта жазу керек. Жолдау, Жас Отан туралы жазуым керек екен. Қысқаша осылай:
Жастар – тәуелсіздіктің тірегі.
Жастар – қай заманда да, қай жерде де ақсақалдар мен аға буын өкілдерінің, жалпы бір ұлттың сенім артар ұрпақтары. Қазақстандағы жастар, ол-осы шақтағы студенттер, оқушылар, өсіп келе жатқан жасөспірімдер. Біз ¬-талай тарихи оқиғаларды басынан кешіре отырып, ата-бабамыздың қанымен, жанымен келген тәуелсіздікке ие болған Қазақ елінің, ұлы қазақ халқының бақытты да тәуелсіз ұрпағымыз. Еліміздің келешегінің келбетті, бола¬ша¬ғының баянды болуы да біздерге байланысты. Біз – еліміздің «ертеңін жа¬сайтын бүгініміз». Жастарға де¬ген үлкен сенім мен зор үміттің артылатыны бесенеден белгілі. Елдің қуаты мен қозғаушы күші де – жастар. Сондықтан да жастардың сапалы білім, саналы тәлім-тәрбие алып, саламатты болып өсуі – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Ұлт көшбасшысы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та біздерге, жастарға, ерекше сенім арта оты¬рып, жастардың жағдайын жа¬сауға баса назар аударады. Ел президентінің жыл сайынғы Жол¬дауларының басым бағыттары жастармен тікелей байланысты болуы, кез келген мемлекеттік ма¬ңызы бар стратегиялар мен ма¬қа¬лаларында, сөздерінде әркез өскелең ұрпақты тілге тиек етуі – соның айқын дәлелі.
Білім және ғылым министр¬лігінің жанында Елбасының тікелей тапсырмасымен Жастар сая¬саты жөніндегі Комитеттің, жергілікті жерлерде басқармалардың құрылуы, Жастар саясаты туралы мемлекеттік заңға өзгерістер мен толықтырулардың енгізі¬летіндігі, 2020 жылға дейінгі арнайы Тұжырымдаманың қабыл¬данатындығы – көп көңіліне медеу. Бұл жүрегі елім деп соққан әрбір жас қазақстандыққа қанат бітіретіндігі сөзсіз. Бұны Елбасының жастарға деген қамқорлығы деп білеміз.Тәуелсіздік алған жылдары дүниеге келген балалар қазіргі 22 жасар күш-қуаты мол, білімді жас болып табылады. Олардың алды жоғарғы оқу орындарын бітіріп жұмысқа орналасуда. Яғни, Қазақстанның тәуелсіз ұрпағының еңбегінің жемісін көрер шағы осы кезден басталады. Қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған арманыда осы еді.
Қазіргі уақытта ел болашағына деген негізгі талаптар мынау:
— Жастардың салауатты өмір салтын ұстануы, яғни денсаулығының мықты болып, өз өміріне немқұрайлы қарамау және жаман әдеттерден аулақ болуы; Бұл мақсатта елімізде 2008-2016 жылдарға арналған «Салауатты өмір салтын ұстану» туралы бағдарлама жүргізілуде.
— Патриоттық сезім, мемлекетіне, тарихына, тіліне, халқына деген махаббат, құрмет, тәуелсіздіктің қадірін түсіне білу. Осы мақсатта тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылға арналған бағдарламасы, ҚР азаматтарының патриоттық сезімін дамыту бағдарламасы жұмыс жасайды.
— Білімді, тәрбиелі болу, яғни өте сапалы да жан-жақты ақылды болу керек, себебі қазіргі заман талабы солай. Жастар бір уақытта абсолютті түрде барлық нәрсеге үлгеру керек, қазіргі заманда ақпараттар ағыны өте жылдам. Оны қабылдап, сұрыптап, қажетін пайдалануға дағдылану керек.Сонымен қатар мәдениетті, тәрбиелі болуы шарт.Бұл мақсатта 2011-2020 жылдарға арналған Білім беруді дамытудың бағдарламасы жұмыс жасайды.
— Жастардың өзіндік өмірлік мақсатының түпкі бастауы, бұлақ көзі «еліме қандай да болмасын бір пайдам тисе екен» деген негізгі мақсат болуы керек.
Ал, бұл талаптар орындалуы үшін жағдай керек. Ал, ондай жағдайлар Қазақстан жастарының қолында бар. Жастардың қоғамдағы орны мен саяси, әлеуметтік құқықтары туралы аз айтылып жүрген жоқ.1999 жылдың 28 тамызында қабылданған Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатының Тұжырымдамасы, 2004 жылы 7 шілдеде қабылданған «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» заң бар.Заңда мемлекеттің жастар саясатын жүргізудегі мақсаттары мен міндеттері де айқындалған. Сол заңда Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жастар саясаты жастарды ерекше әлеуметтiк-демографиялық топ ретiнде тани отырып, жастардың мүдделері мен қажеттілiктерiн қанағаттандыру, жастардың құқықтары мен бостандықтарын iске асыру, жастардың проблемаларын шешудегi жүйелiлiк пен кешенділікті қамтамасыз ету негізінде жүзеге асырылатыны белгіленген.
Қазақстанда жастармен жұмыс жасайтын «Жас Отан» жастар қанаты бар. «Нұр Отан. Нұрлы болашақ жолында» саяси доктринасын және «Қазақстан — 2050» стратегиясын жүзеге асыру барысында «Жас Отан» Жастар қанатының бастамасымен «Жас Қыран», «Жас Ұлан» сияқты балалар ұйымдары және жастар ұйымдары бірлесе жұмыс жасайтын болады. Саяси доктрина ең біріншіден жастарға бағытталған идеологиялық құжат, онда айтылған құндылықтар, жалпыға ортақ факторлар, барлығы бүгінгі жастарды дамыту жағдайына бағытталған. Сондықтан оны «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асырудың негізі ретінде қарастыруға болады. Себебі бүгінгі жастар 2050 стратегиясында айтылған мақсаттардың барлығына қол жеткізеді, стратегияның жемісінің, нәтижесінің куәгері болады.
Елбасының тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша жастардың сапалы білім алуы, жұмысқа орналасуы, сонымен қатар жастардың бойындағы отан сүйгіштік, адамгершілік және рухани құндылықтарды дамыту біздің басты мәселелеріміздің бірі болып қала бермек. Осы орайда «Жас Отан» Жастар қанаты өздеріңізге белгілі «Сәтті қадам», «Жастар-Ауылға!», «Жастар кадрлық резерві», «Жастар-Отанға!», «Стоп қылмыс!», «Кел, жастар, оқылық!» жобаларын жүзеге асырып жатыр.
22 жастағы жастарда ата-анасының шамалы ақшасы мен өзінің кішкентай стипендиясынан басқа ештеңе жоқ. Бірақ, жастарда күш-қуат, денсаулық пен сапалы білім болса, айқын мақсат болса – олар алға ұмтылады, дамиды, діттегеніне жетеді. Қазақстанда сондай — мақсаты мен байлығы бар, ендігі кезекте жастар оның күш-қуаты, білімді бола білуіміз керек. Сонда ғана ел дамып, биік белестерге жетеді. Сонда ғана байлығымыз өз қолымызда қалып, өндіруші өзіміз боламыз. Сонда ғана тәуелсіздігіміздің тамыры тереңге бойлап, көк туымыз халықаралық аренада нық бекитін болады. Бәрі жастардың қолында.
Елбасының жастарға арналған мына бір сөз¬дері әр жас азаматтың санасында жаңғырып тұратыны анық: «… жастарға айтарым – сендер халықаралық кеңістіктегі бәсеке¬лестік күрестен сырт қалмауға ұм¬тылыңдар. Ол үшін тиянақты білім керек. Сосын сол білімдеріңді өмірде жарата білуді, оны нақты пайдалана білуді үйреніңдер. Әсі¬ресе не істеу керектігін жете түсі¬нулерің қажет. Сонымен бірге, сендер қандай да бір өзгерістерге қашанда дайын тұруларың керек. Әйтпесе, ғаламдық деңгейдегі Қа-зақстанның бәсекеге қабілеттілігі әншейін бос сөз болып қалады».
Мақсат – айқын, міндет – біреу: ел еңсесін еселеу жолында аянбай еңбек етіп, білімнің алтын қазығын игеру. Олай болса, Елбасының мығым әрі мықты, сындарлы да салиқалы саясатын қолдай отыра, ел игілігі үшін бар күш-жігеріміз бен білімімізді сала бермекпіз.
Құрметті аға-әпкелер, достар! Сіздердің қандай ой-пікірлеріңіз бар? Не алып-қосар едіңіздер? Өалай қызықты баяндама қылуға болады? Тез арада жауап күтемін!
Әрі қарай