БІР ТОЙДА ҚАНША АДАМ ӨЛЕДІ?

Бостан бос, еш әрекетсіз, не өзіңе, не басқаға пайдаң тимей өткен уақыт «өлген уақыт» деп саналады.

Ал 5-ке шақырылған той 8-9-да басталғанда «мен сол кеште 3-4 сағатым- уақытым, яғни өмірім текке кетті, өлді» деп санаймын! Кешігіп баруға қалыптасқан тәртіп, той иесіне деген құрметім жібермейді.
Блог - qbusiness: БІР ТОЙДА ҚАНША АДАМ ӨЛЕДІ?
Жылына қанша өмірім осындай тойларда, қонақтарда өліп жатыр десеңші! Ал бір тойға 300 адам жиналса, төртке көбейтсек 1200 сағат өмір шығады екен. Бұл деген не деген далаға кеткен ресурс! Текке кеткен өмір! Сол уақтты қаншама білім жинауға, қаншама денсаулық үшін спортпен айналысуға, басқа да пайдалы шаруаға жұмсауға болушы еді!!!

Ал бүкіл Қазақстанды алып есептеп көрсеңіз, бұл деген қанша адамның өміріне пара-пар уақыт қой!!!
Әрине той тәңірдің-қазынасы, бірақ уақытында басталып, уақытында аяқталса қандай ТАМАША!

Мен қарта ойнап, бильярд ойнап, сыра ішіп, крассворд шешіп, түкке тұрмайтын сериалдар көріп, нард ойнауға кеткен уақытты Өлген өмір деп ойлаймын. Адамдар ондай уақыттарын өзінің сүрген өмірінен сызып тастау керек. Сонда нақты қанша өмір сүргендері белгілі болады.

Мен өзім де осы уақытқа дейін жарты өмірімді ӨЛТІРІП алыппын!
Енді қалған азын аулақ өмірді өзіме де, маңайыма да пайдасы тиетін қылып өткізуді ұйғардым!
Әрі қарай

Сағат неше болды?


Әйел болған соң асүйде сағат тұрғаны жақсы. Күйеуіңнің жұмыстан келетін уақытын есептеп тамақ пісіресің, анау-мынау ұсақ-түйек шаруаларды уақытпен реттеп жүресің дегендей…
Бірақ ешқашан сағатты алға жылжытып қою деген ойыма келмепті. Бір құрбымның үйіне барып сағатының озық екенін көзім шалды да, онсыз да уақыт деген жел сияқты, алға жылжытпаса да болады ғой деп ойлағам. Одан сұрағанымда «жақсы ғой, сағат алда болса жұмыстарым ертерек бітіп жатады, тамақ қамына ертерек кірісіп, басқа шаруаларымды уақытынан бұрын реттеймін» деген жауап алдым.
Әрі қарай

Туған ай – туралған ет!..


Өледі кімдер, туады кімдер,
Батады күндер, шығады күндер.

Семеді гүлдер, өседі гүлдер,
Келеді күндер, көшеді күндер.

Өмірде қымбат асылдар – күндер,
Өмірде қилы ғасырлар – күндер.

Өмірге керек бақыттар – күндер,
Өткізген сәтті уақыттар – күндер.

Өмірдің мәңгі қосағы – күндер.
Өмірді мәңгі тосады күндер.
Күндер…
Күндер...


М.Мақатаев, 1973 ж.

Күнді күн алмастырып, өмір өзен еш тоқтаусыз, дамылсыз алға қарай сырғып ағып жатыр, ағыыып жатыр. Жағада мен отырмын ойланып. Неменеге ғана ойланып отырмын?.. Өзгенің қанжығасына байлаулы кете берген өзіме тиесілі несібеме жармасып, алысып-жұлыспай, күресіп-шалыспай, шарпыспай несіне ғана отырмын?
Міне, таң атсыншы келесі, сонда бастаймын… Осы апта аяқталсын, келесі дүйсенбіден қалдырмай барлық істі қолға аламын әлі. Жоқ, айдың соңы тақап қалыпты, неде болса келесі айдың бірінен бастап басқаша өмір сүретін болам…
Бірақ, қайдам өз өмірімді өзгертемін деп оқталғаныммен, әлі атыла қоймай-ақ жүрмін-ау… Сол баяғы бұрынғы орнымдамын… Туған ай — туралған ет…
Әрі қарай