Уақыт кеңістігінде адасқандар.
Уақыт – оқиғаның ұзақтығы және тiзбектiлiгiн сипаттайтын физиканың негiзгi түсiнiктерiнiң бiрi. Ньютон дәуiрiнен Эйнштейнге дейiн уақыт пен кеңiстiкке байланысты ұғымдар терең қарастырылып, уақыт барлығына бiрдей “абсолюттi” және “бiрқалыпты” ағады деп есептелдi. Физика ғылымы ежелден уақыт пен кеңiстiк түсiнiктерiн зерттеп, кеңiнен мағлұмат бергенiне қарамастан, осы өлшемге қатысты ғылым түсiндiре алмайтын құбылыстар шаш етектен.
1943 жылы ел аузында “филадельфиялық тәжiрибе” аталып кеткен құбылысты бүгiнде жоққа шығарушылар көп. Десек те осы тәжiрибеге Альберт Эйнштейннiң өзi басшылық еттi. Эйнштейн жау көзiне көрiнбейтiн әскери кеме жасамақ болды. Сөйтiп, әскери кеменi магнит өрiсiмен жасыруды шешiптi. Тәжiрибеге 181 адам қатысқан. Бiрақ кеме көзден таса болып, бiрнеше күннен кейiн мүлде басқа аймақтан табылды. Сөйтсе, 181 адамнан небәрi 21 экипаж мүшесi ғана тiрi қалған. 160 адам түрлi себептен көз жұмыпты. Басым көпшiлiгiнiң қатты қорқыныштан жүректерi жарылып кеткен.
Сонда кеме қайда ғайып болды? Ол уақыт кеңiстiгiнде жоғалып кеткен.
Рас, бұл тұжырым физика ұғымдарына жат. Дегенмен ғарыштағы бiр қара ойықты екiншiсiмен жалғайтын “арнайы жолдарды” пайдаланса, өзге уақыт кеңiстiгiне саяхат жасауға болады. Алайда қара ойықтың мықты тартылыс күшiн ескерсек, бұл тәжiрибенi iске асыру өте қауiптi екенi даусыз.
Бұрынғы заманға саяхат жасап келгендердiң қатарында Елена Зайцева есiмдi Мәскеу облысының тұрғыны да бар. Елена әдеттегiдей кептелiске тап болмаудың қамымен таңғы бес жарымда тұрып, жолға шыққан. Алайда сол жолы Еленаның жолы болмай, көше кептелiске толып қалыпты. Кептелiстi айналып қашамын деп өзi жақсы бiлетiн көшеге бұрылған. Сол көшемен ызғытқан Елена тағы бiр рет бұрылуы қажет болатын. Себебi келесi бұрылыста бас жолға алып шығатын тағы бiр көше басталуы керек едi. Елена көлiгiнiң жылдамдығын тежеп, келесi бұрылысқа бұрыла бергенi сол едi, өзiне таныс көшенiң орнына беймәлiм ауыл басталды. Жан‑жағына қараса, ағаштан жасалған үйлер, жолды қалың қар басып қалған. Бiрақ қолындағы сағаты алтыдан бес минут кеткенiн көрсеттi. Мұндай азғантай уақыттың iшiнде өзге ауылға жету мүмкiн емес. Түкке түсiнбей аң‑таң болған Елена бiр кезде қолына күрек ұстап, қармен омбылап бара жатқан ер адамды көрдi. Аяғына байпақ, үстiне тон киген ер адамға жақсылап үңiлген Елена оның киiмдерi ескi сәнде екенiн байқады. Бойжеткен жан‑жағына тағы бiр анықтап қараса, үйлердiң бiрде‑бiрiнде антенна жоқ. Көшеде де мәшиненiң жүрiп өткен iзi көрiнбейдi. Тым жұпыны үйлер бұрынғы заманның ғимараты тәрiздi. Елена осы кезде барып өзiнiң бұрынғы заманға тап болғанын түсiндi. Қатты қорыққаннан дел‑сал күйге түсiп, мең‑зең болды. Бiр кезде әлгi ауыл көзден ғайып болып, Елена өзi бұрылуы тиiс болған көшеден бiр‑ақ шықты.
Адам нанғысыз оқиғаны бастан кешiрген бойжеткен артынша тарихи құжаттар мен мұрағаттарды зерттеп‑зерделедi. Сөйтсе, өзiн өткен заманға апарған көшеде осыдан қырық жыл бұрын бiр ауыл болған екен. Елена сол ауыл өмiрiнiң бiр сәтiн көрiп қайтыпты.
Елена өткен тарихты көрiп қайтқан жалғыз адам емес. 1983 жылы Коломбодан Бомбейге қарай бағыт алған жүк кемесi бiрнеше айға жоғалып кеткен. Бұл уақыт iшiнде кеме Бомбейге жету түгiлi, бүкiл әлемдi аралап қайтуға болар едi. Бiрақ кемедегi бүкiл құрылғылар оның дұрыс бағытпен жүргенiн, жолдан адаспағанын көрсеткен. Соған қарамастан кеме капитаны Таккер жұмыстан қуылды. Капитан мен экипаж мүшелерiнiң ақталған сөздерiне ешкiм құлақ аспады. Бұған ашуланған кеме капитаны жұмыс берушiнi сотқа бердi. Осы сотта кемедегi дыбыстық жазбалар тыңдалды. Расында да, кеме өз бағытынан ауытқымаған. Тек соңғы рет байланысқа шыққан соң жоғалған кеменiң ненi бастан кешiргенi түсiнiксiз. Дыбыстық жазбада мықты атмосфералық разрядтар естiледi. Ал кеме жүрiп өткен жерде мұндай құбылыстың болуы мүмкiн емес.
Сот кезiнде кеме капитаны Таккер бұл уақытта өздерiне теңiз қарақшылары шабуыл жасағанын мәлiмдедi. Айтуынша, өздерiне шабуылдаған кеменiң түр‑түсi мүлде бөлек, көне үлгiде көрiнедi. Әрi көтерген туы да өмiрде жоқ мемлекеттiкi. Оның үстiне ұлты белгiсiз теңiз қарақшылары ауыр қылыш асынған. Қолында қаруы бар экипаж мүшелерi қарақшыларға тойтарыс берген. Тiптi бiрiн өлтiрген көрiнедi. Артынша Таккер қарақшылардан қалған кейбiр киiмдердi ғалымдарға көрсеттi. Зерттеушiлер бұл киiмдердiң XVI ғасырға жататынын анықтады. Ал “Милена” кемесiнен табылған қан iздерiн идентификациялау мүмкiн болмай шықты.
Бұл құбылысты түсiндiре алмаған ғалымдар кеме өзге уақыт кеңiстiгiне кiрiп кеткен болуы мүмкiн деген болжам жасады. Альберт Эйнштейннiң монографияларында өзге уақыт кеңiстiктерi туралы жазылған.
Қызығы, бүгiнде зерттеушiлер Эйнштейн жасаған кейбiр тұжырымдарды қайта қарастыра бастады. Мәселен, ұлы ғалым “ғаламның ешбiр бөлшегi жарық жылдамдығынан артық жылдамдықпен қозғала алмайтынын” дәлелдеген. Швейцариялық ЦЕРН-де тәжiрибе жасаған ғалымдар нейтрино бөлшектерiнiң қозғалысы жарық жылдамдығынан алпыс наносекундқа артық екенiн анықтады. Бұл – болмашы көрсеткiш. Дегенмен осы тұжырым дәлелденсе, осы алпыс наносекундтың өзi көп нәрсенi өзгерте алады. Жарық жылдамдығын басып озған нейтринолар кеңiстiктi жүрiп өткен кезде өткен шақ пен келер шаққа саяхаттауға жол ашылатынын сол кезде түсiндiре алар едiк.
Әрі қарай