#ББББ. Секс арқылы ұпай жинағандар кімдер?

Көтек, етек! Өй, әрман, сендермен амандасып отыратын жағдай жоқ.
Қай жерде секс деп жатыр, қайсы, қайсы? Ммм, Асау ботаңды ұрайын тақырып берген… Өзі тәндік аштықта жүрген адамға осындай тақырыптар оңай тиеді деп ойлай ма? Блог - Boribay_Bekarys: #ББББ. Секс арқылы ұпай жинағандар кімдер?Жақсы ма сол ал енді?
Жарайды, жюрилер жылдамдығынан қайыр күтпейтін бұл заманда өзіміз-ақ шолуды бастап жасай береміз. Жюрилердің тек бағалауда ғана жылдам емес екендеріне сене отырып, либидо ликбезі жайлы жазылған жазбаларға назар аударайын.
Әлқисса, заманымыз бұзылып түзеліп, секс жайлы орнымен айта бастағанымыз жөн боп тұр. «Біл, бірақ былапыт болма» деген сөздің қайнар көзін өздерің іздеп тауып алыңдар, бірақ тұжырыммен толығымен келісемін. Бұл жайлы түсіндіру мен сырласу да ретімен, асықпай, бабымен болуы тиіс… Тура процестің өзі секілді… :)
Сонымен, демагогияны қоя тұрып, финалистерге кезек берейік. Альфонстар емес, бірақ секс арқылы ұпай жинағандар, хех…
Әуелі Маралбек Сағынғанов зина туралы сыр шертеді
Жоқ, қиялдамаңдар, Зина деген көңілдесі болмапты, өкінішке орай. Нина, Валентина, тіпті Күлайна деген бұтсеріктері де болсашы! Ноу, найн, нема.
Жазбаның тілі ойнақы (қойнақы). Блогер (журналист?) әдейі осындай стильді таңдап алған, тағамның тұздығын жақша ішіндегі сыртқы кәменттермен беруді құба құп көріпті. Кәртіңкелер кішкентай (бұл тақырыпта негізі не нәрсе де үлкен болғаны жақсы :) ), бірақ бірыңғай стандарт үшін сэнкс. Тиянақтылық белгісі.
Коммент-арийлер (дефис кездейсоқ деп ойлап тұрсыңдар ма?) біршама тапқыр, үйлесімді. Бірақ екінші абзацтың соңына қарай жақшалар көптігінен үзіктерді жалғауым қиындап кетті. Мен де жақшалауымды қоя тұрам-ау деймін сондықтан.
Ары қарай тығыздығы сейілген, орынды.
"Зина жасады демесеңіз, өлімнің ішіндегі рахаты сияқты ма өзі, қалай?)" — мхм, дәл солай сияқты. :)
"...әлгі пенделер керуертті сықырлатпас бұрын" — керуертті? Диалекто? Сіз бұған қоса мереует деген асыл тас бар десеңізші! :)
«Аяғы 43 (менікі 41-42) және одан да үлкен жігіттердің кезекті етектің соңынан елпеңдеп ере кету ықтималдығы жоғары екен» — Менің рәзмерім 45, неге жолым болмайды онда?
"...әлі былғанбаған жыныстық санасы" — ықықы.
Пост сүйкімді, иесі секілді адал. Тіпті автордың жүрек қалауымен жазғанына да сеніп тұрмын. Алайда жыныстық сауаттылыққа шартты түрде ғана байланысты. Соңында қалай тоғысатыны жайлы түсіндірген кезде бәрі айқынырақ болды. Бірақ кішкене өзіңе «додумать» ету керек.
Әлі оқымадым ана бәтшағарлардікін, әйтсе де танымдық, ақпараттық-фактілік жағынан бәрін айырып алатынына сеніп тұрмын. Маралбектің басымдықтарының бірі де осында ғой, сол жағын құлаштап пайдаланған екен. Тек зайырлы қоғам мүшелеріне ғылымнан артық объективті дүние болмаса да, сену-сенбеу де әркімнің өз құзырында қала бермек. Өз өмір сүру образдарына, өз құпиялары мен ашылмауы тиіс арттарына орай. Әйелдерінің көзіне шөп салып қойған британ ғалымдары адалдық — ақымақтардың ісі екенін дәлелдепті. Ғылым. Ха.
Эльвира Ерғалина ұл-қыздардың сексуалды толғаныстарын 16+ оқырманға ұсынады
Еуропа плюстің әуенімен «Он алты плююююс» деп созып барып, бастап оқиын жазбаңызды.
Блог-жазбаңызды жас тентектердің пікір-сауалдарын талдап, тұжырымдар жасап, баяндау арқылы жазған екенсіз.
"Үш жылға жақындап қалды, өзім қолға алған aikarakoz.kz сайтында жыныстық қатынас туралы айдар бар" — басқа да айдарлар бар ма не? :)))))
«Ол айдарды жүргізгендегі мақсатым — титтей де болса жыныстық сауаттылыққа үлес қосу» — өләәәә, саяси құжаттардың тұжырымдамасы мен ресми пресс-релиздер құсатқаны несі! Шараның мақсаты — еліміздегі патриотизмді дамытуға үлес қосу. Гы. Ой, жарайд, ақиқат сөйлем, сонда да мұндай сыңай көзге күйік, тізеге таптаурын болған.
«Гугл арқылы ең көп ізделетін сөзді де ішіңіз сезіп отырған шығар.» — шынымды айтсам, ішім емес. :)
"… жиі мазалайтын сұрақтың ең көбі— пəктік белгі" — мұнда бір кілтипан бар. Өй, мұнда кілтипанның крутойы былай да бар ғой, сөйлем құрылымында да бар деймін.
А-а-а, огнетушитель әкеліңдер! Принтскриндерің өртеп жатыр. Соның негізінде ғана тамаша пост жазып шыққан екенсіз. Өткен аптадағы стильге ұқсайды, бірақ бұл жолғы негіз — комментарийлер.
Ой, ой, джаман эй… 11 жасынан мастурбатор болып өлді ме екен, ана қаншық?!
«Статистикаға сүйенсек, əлімізде əрбір үшінші отбасы ажырасып жатыр екен. Ажырасуға алып келетін бірден бір себеп — жыныстық сауатсыздық» — Айтыңқырап жібердім деп ойламайсыз ба?!
Жақсы, жақсы пост. Жазбаны Қазақстанның балғын бейтәніктері құтқарып шығыпты. Егер осынау деректер іргелі статистикамен негізделсе, әлеуметтік маңыздылығы да жоғары пост деп санаймын.
Әйгерім Кеулімжайдің акушер-гинеколог Гүлбану Құсайынованың пікіріне сүйене отырып, вумбилдингтің денесінен 
тірі организм шығарып көрген әйелдерге панацея екенін дәлелдейді.
Жазба тілі… Мына тақырып аясында тіл жайлы айту да біртүрлі екен. Жазба стилі жинақы, артық-кемі жоқ.
О, кейіпкер елдегі жалғыз маман екен ғой. Да ну, Гүлбану, сенікі не вумбилдинг?
«Одан ары қарай тағы элиталы секске жаттықтыратын құрылғылар бар.» Ақсүйек қатындарға арналған ба? :)
"...қынаптың кеңейюі" — кешіріңіз, бұл жер ерекше, дегенмен, кеңеюі сөзі сол баяғыша жазыла береді. :)
Блог - Boribay_Bekarys: #ББББ. Секс арқылы ұпай жинағандар кімдер?Сосын біресе көтеу, біресе геморрой деп бейстандарттап кеткеніңіз не? Брр, жарайды, қайсысы болса да онша емес сөз.
Сіздің постыңыз мәселе жайлы айта келіп, оның шешу жолын тіке айтып берген бірегей пост екен. Күлкі күлкімен, кірісе салысымен зырылдатып оқып шықтым. Өте пайдалы пост, (әсіресе, әйелдерге деп жазғым келді де жазбай қалдым). Жыныстық сауаттылық қой кәдімгідей. Несімен андай, і-і-і, шешімімен.
— Муранивский мырза, өміріңізді неге арнадыңыз?
— Жалпы айтсақ, спортқа. :)

Жаттығайық, ханымдар! Ә, иә, айтпақшы, мынандай суреттер жасай берсін!
Асқар Базарбай секс туралы біз сенетін 6 өтіріктің (+18) құйрығы бір-ақ тұтам екенін жазады.
Құйрығы бір-ақ тұтам. Құйрығы. Уахаха, онша секси емес, жыпырылған бірдеңе десейші.
Жазба бұрын қалыптасқан жолмен, әдіспен жазылған. Бірнеше түйін түйінделген жеңіл сарказмды пост.
"… тасымыз сыздап, тасақ жыбырламайынша" — кхм-кхм.
" Ал кей қыздарда ол туа бітті жоқ." — өй, қызық емес қой. Қалайша-а?
Әйелдер секс туралы еркектерден аз ойлайды дегеннің миф екенін айтқаныңыз қандай жақсы болған. Қара бұларды-ей, бізді тамақ, бұт нәпсі, тышудан басқаны білмейтін мақұлық етіп көрсетіп. Мына кітаптың авторы да ақшаны тауып кетті-ау қырып. Блог - Boribay_Bekarys: #ББББ. Секс арқылы ұпай жинағандар кімдер?
«Сосын отырады форумдарда, жеке ба… көтінің мәселесін трольдарға талқылатып.» — ыхыхы.
Постқа көңілі толмағандар табылатынын сезіп отырмын. Бұрынғы сарынды көргендей, кейбіреулер жаңа сарын іздеп… Оны Асқар Базарбай брендінің жоғарғы деңгейге көтеріліп, оқырман өз сұранысын бұлттан басым көтеріп, пұшық дәмелерін өз метр 70-терінен де биікке көтеріп тастауында. Инстинктивті тұрғыда ми-жарылыс сұрайтын болып алған, әскерден жігітін күтетін қыздан бетер күтеді. Гы, иә, сәтсіз теңеу. :)
Жазба сапалы, өзіме керек нәрсемді мен алдым.
Сонымен, Маралбек зина жасамаудан жыныстық сауаттылық іздесе, Эльвира жастардың мұңын мұңдайды. Әйгерім әйелдерге әдіс тауып беріп, Асқар жігіттердің псевдосенімдерін жоққа шығарады. Сауатты посттар. Үш блогер жан-жақты, біраз мәселенің басын шалып кеткен. Олардың басымдықтары да осында. Әйгерімнің посты мәселенің өзімен қоса шешіміне (соған ғана арналған жеке дара :) ) рөл бергені үшін оқырмани көңілмен бәрінен жоғары бағалап отырмын.
Блогерлердің стилі, тілі қалыптасып қойған осынау ақтық кезеңде бірінші кезекке тақырып таңдау, форма таңдау шешімдері шығатын сияқты. Өзгеруге бейімділік те, қай тақырыпты қалай беруді білу де аса маңызды. Мысалы, суретші қай жерде Т, қай жерде ТМ қарындаштарды қолдануды білетіндігі секілді…
Не ұнамады? Бірде-бір блогшы стриптиз жасамады. Ха-ха, жарайды, екеуінен ғана керек еді де негізі. Эльвира теориядан практикаға көшпеді, сайтыңды! Әйгерім, ескі посттарыңды ақтарып отыра берейін бе енді, пластикаңды?! Эх, бір кем дүние.
Болдым. Қомпыту толғаныстарыммен жалғыз қалдым. Осы тақырыпқа шырмалдым. Келесі шолу болмай қалуы мүмкін.
Ізгі ниетпен, Бөрібай.
Отыз бірде жасым бар,
Көпті көрген тасым бар,
Еркек тоқты құрбандық,
Қасим десең қасыңдар!
Сау боп тұрыңдар, онминуттанкемболмағырлар!

p.s. Кеттім мен, Надюхаға телефон шалайын. И что такого, что ей 47? Мен «ужы» сауаттымын ғой.

Суреттерді бір жерлерден сызып кеттім, есімде жоқ.
Әрі қарай

#ББББ. Ақырғы аламанның алғашқы айналымы: Қай блогыңды қыршиын?

Барлық игі жақсы атеистер мен активистерге дұғай сәлем!
Барлық игі бақсы, адвентистерге дұға сәлем! Сақалы балағынан төмен бауырларға да хай, мэн!
Білгір блөгірлер, амансыңдар ма? Оларды оқып жүрген, нокиа ұстап, роллтон жеген қарапайым қазақтар, есенсіңдер ме? Көптен жазыспадық, оқыспадық.
Ой, тым эмоционалды амандасып жіберіппін. Енді, түсінесіздер ғой… Өзім аман-сау, шүкір. Ажалым жалқаулықтан болмасы анық деп, екі апта еңбек демалысында жүрмін. Қайбір ресми еңбек демалысы дейсің, сол өзіме өзім жасап алған, прорабты ескертіп кеткен жай-дағы. Біз блогер емеспіз ғой, ресми жұмысымыз да, біз үшін тұрып беретін эстрада тобы аттас ұйымымыз да жоқ.
Ал Блогиадада атышулы жеті апта басталды. Жиналатын да, қиналатын да кезең — финал атында. Тақырыпты білесіздер. Былш еткізіп жазуға беті жоқтардың бетперделері жайлы. Бетпердундар! Фейктер, кейіпкерлер, образдар. Жыным келеді негізі фейктерге. Олар дегенде валерианка ұрттаған мысықтай тіксініп қалам. Аямай артын ашып тастасаңыздар екен!
Оның үстіне, шаршаусыз шабатын соңғы аламан емес пе?!
Блог - Boribay_Bekarys: #ББББ. Ақырғы аламанның алғашқы айналымы: Қай блогыңды қыршиын?
Жалпы, финал келгеніне мен де қуанам, негізі. Төртеудің тақпағын талқылау алтаудың аманатын арқалағаннан оңайырақ қой. Шолақ тізім — ниқұрмовый, қысқасы.
Енді, шолақты шолайық…
Маралбек Сағынғанов виртуал бетпердені шығармашылық қайнары деп санайды екен.
Бұл жөнінде жазылған жазбаның тілі жетік, стилистикалық мүдіру жоқ. Баяндау, танымдық стиль. Жинақы. Ха, жоқ, қазір бір нәрсе табам.
«Виртуал бетперде әлдебір мақсатты көздеген болса ғұмыры ұзақ болмайды. Ал егер, нақты нысанасыз, тек өз кайфы үшін жазса ұзаққа шабады» — осы тұжырымыңыз ұнады. Ақылға қонымды.
Ал 37-нің сеңгіріндегі арыз жазғыш аноним көршілер жайлы абзацта «Бірақ, бұл анонимдер немесе бетперделі тұлғалар бірінші кезекте өзінің артын жабу үшін ұзақ өмір сүре алмайтыны түсінікті» деген сөйлемді шайнап, ыждаһаттай алмай отырмын. Өз артын жабу үшін бетін ашып қояды дегеніңіз бе, әлде шынымен өліп қалады дегеніңіз бе? Айтылмақ ой ең сәйкес, орнықты тәсілмен жеткізілмеген сияқты. Сосын жалпы «Виртуал бетперде — шығармашылық қайнары» деген тақырып контексінде солақай арыз иелерін біртүрлі қабылдап отырмын. Қаз… Цинизм мен шығармашылық еркіндікке салып көрейін… О, енді «нәрмәлні» қабылдап отырмын. :)
«Алайда, бұл жерде де бетперде кию талап етілгенде ақырына дейін жанталасатындардың саны көп болар еді деген күдігім бар.» — Солай ма, Михалыч! Мхм… Негізі, иә, келісемін. Ойыңыз жөн, анонимдік байқау көрігін қыздырып, әділетке жақынырақ келуші еді. Бірақ қтөнің қтө екенін стилі, қолтаңбасына қарап-ақ тауып алар едік пе, кім білсін, ә? :)
Иә, не ғой, сіз жариялаған байқау не болып жатыр? Біреу-міреу жұмыстарын жіберіп жатыр ма? Жалпы, поштаңызды жазбасаңыз, бәрі біледі дегенге сенімдісіз бе? :) Кәментшілер көлденең бөрене (бұтақ деп оқу мұстаһап) қойып кеткен секілді көрінді.
Пост бетперделілердің бетмоншағы үзілмейтіндігі, шығармашылық беталыстары басым болатындығы жайлы қозғалыпты.Тақырып терең қаузауды талап етпесе де, жазбаңызда сараптау шеберлігінің ұшқыны көрініп тұр. Найс.
Мәке, мен сізге сенем! Қияттармен туыстығымыз бар. :)
Әйгерім Кеулімжай неге үнемі тек өз атынан жазады?
Себебі, сен крутаясың! Әлде жазбада басқаша себептер бар ма? Қарайық…
«Барлық форум, блогтұғыр, әлеуметтік желілерде сол Әйгерім Кеулімжай деген бір атым.» — Қое, Кеулімжай деген псевдоң емес пе не? :) Қалайша осындай блогерде фейк не мәскі жоқ? Пара алмайтын маишник сияқты екенсіз-оу… :)
Жылы, «свойский» пост. Постша. «Кел-кел, бырат, ішеміз» деп шақырып алатын Нәкөштің аурасы… Фррр, не деп кеттім? Жазба тілі еркін. Ал тақырып таңдалуы еркіндіктен емес. Маралбек жазбай кеткен қырларыңызды жазып тастапсыз. :) Сонда да соны жазайын-ау деп таңдағанызға күмәнім бар. Тақырып тамырыңызды баспаған сияқты. Дамбалшаң жүргеннен классикалық джинсиде неше түйме болатынын сұрап не керегі бар дегендей… Өзіңіз айтпақшы, сіз бетпердесіз болғандықтан, бетпердесізДІК жайлы жазбасқа не шара...
"Әлеуметтік желіде жазбаларыма қалдырылған сүйкімсіздеу пікірлерді өшіре саламын. Енді қайтем? " дейсіз-ау. Шынымен де ей, заңмен тыйым салынбаған нәрсені жасауға кім кедергі, иә? :)
"Өз басым да біреуге аноним «бригол» ұстап тырқ-тырқ күліп отырудан кетәрі болмас ем, егер келесі пункт болмағанда." Егер келесі пункт болмағанда! — Охо, осынау өткеліңіз ұнады. Стилистикалық, құрылымдық көркем боп көрінді.
Сосын ше, мен бақылау құрметіне ие жалғыз жюридің (төраға оның үстіне) кәментіне қаттым. күмәнсіз, мәнді, мағыналы, болашақта сіздің шығармашылығызға пайда тиетіндей ақыл-кеңеске толы кәмент. :) «Иии, мұрныңнан шымшып алса осы». :)
Меніңше, сауалнама жүргізген еңбегіңіз бағалауға лайық. Оған аз-ақ рөл бергеніңіз, бір жағынан — кемшілік. Екінші жағынан, тақырып аясында дұрыс та сияқты. Жазбаңыздағы тұжырымдар логикаға сай, сенбеске шара қалдырмайды. Жалпы, тәп-тәуір, пәшти автобиографиялық жазба. Алдағы жазбаларға әлде де ізденіс қосыңызшы, иә мә? :) Әйтпесе ана сайтан қыз озып кетеді :)
Ә, иә, айтпақшы, классикалық джинсиде 5 түйме болуы тиіс.
Эльвира Ерғалина виртперде деген спруттың сегіз аяғын бір жіпке буыпты.
Бууын буған ғой, негізі, осы постта ше, факт жүзінде екі атау болған кезде, «немесенің» алдында үтір болуы керек пе? Соны әйел қазыдан сұрай салыңдаршы, мыңжасағырлар, иә мә?
Мә-ә, ең басындағы шынайылығыңыз ұнап қалды. Өзіңіз де сау сусиырдың сирағы емес екенсіз ғой. :) Бәсе деймін-ау, қайдан шыққан энерджайзер бұл деп…
«Бетперденің әшкере болу пайызы өмірден гөрі монитордың арғы бетінде аздау, сенімдірек». Мағынасын түсініп алдық, ұғынықты. Бірақ бұрқылдар болсақ, осы сөйлемдегі соңғы екі сөз бірыңғай сөйлем мүшелері ретінде: бірі жоғалса да, екіншісі жеке тұрып та сол мағынадан ауытқымау керек екенін айтар ек. «Сенімдірек» жалғыз қалса, кішкене қисынын кетіріп тұр.
Жазбаңыз маған ұнады. Әлде де мәйекті тілмен беруге болар еді, бірақ ол шарт емес. Жеткізілуі тиіс ойдың қалыс қалуы жоқ. Тек, классикалық тролльдар жайлы ойландырып тастадыңыз. Осындай жеке категорияға кіре ме екен олар, м? Бір жағынан, ойландырып тастасаңыз, бей-жай қалдырмаған жазба болғаны ғой. :)
Тағы не? Жіктеу посттары сізде бұрыннан бар, игергенсіз. Біршама құрылымды, сапалы жіктепсіз. Ал цитаталар күлкі ұялатты. Бетперделілер түрлерін сипаттаудағы сықақтау стилі сізде бұрын қатты дамымаған сияқты еді, осы жолы «прям-прям» салмақты.
Психологыңыз да жарайсец екен, барлық типке сипаттама беріпті. Үйлесімді, қисынды. Өзім қатты сенбеймін, бірақ бәрібір маман деген аты жазбаға масса қосқан екен. Так держать!
Пост жақсы. Тек тақырыпты қорыту, тоқетері, көрерменге сауал, қалжыңды тұжырым жетпей тұр. Соңы бір категорияның емімен бітпеуі тиіс сияқты. «По крайней мере, мы, работяги, так не поступаем». :)
Асқар Базарбай бетперде сататын дүкен ашып жібере жаздағанын еске түсіреді
Содан ғой, "ҚАЙ БЕТПЕРДЕМДІ ШЫМШИЫН?!" деп ақырғаны. Не болды соншама, тақырыбын жазғанда капслогыңызға тоғын қыстырылып қалды ма? :)
Айтпақ ойыңызды түсіндім. Жарайды, мен оқуды доғара тұрайын. Таңертең келіп, тағы оқимын бірақ.
… Жазбаның соңғы жағы ұзақ сөйлемдерден тұратындықтан, ауыр көрініп кеткені рас. Қазір таза баспен келіп, тым тәуір пост екенін түсініп отырмын.
Білесіз бе? Интернеттегі жалпы бетпердені сыпыра отырып, өзіңіздің сол интернеттегі, оның салдары ретінде өмірдегі адами қатынастар туындысы есебіндегі өзге адамдардың сізге көзқарасы алдындағы бетпердені сыпырыпсыз (фуууф, не деген ұзақ сөйлем). Осыған тәнтімін. Гаста Терминатор, Робокоп, Халк, монстр емес екен ғой. Асқар да қолдау, қолпаштау, өзгелер пікірінің жайлылығын іздейді екен. Шынайылығыңыз үшін, өзіңіздің де өлімді өрмекші екеніңізді жасырмастан айқарғаныңыз үшін ризашылығым арта түсті. Әку қандай мықты екенін жазса, сіз соған керісінше жасапсыз. :)
Жалпы, эго жайлы айтқаныңызбен келісемін. Ол аш қасқыр, тамақтандырып отыру керек. Тек инет маскасы мен өмірдегі рөлдердің параллельдігі ондай сәтті теңеу емес секілді көрінді. Рөлдер адами борыштан туады, ал виртперде — … аздап басқа себептерден. Жалпы рөлдік сыртқы ұқсастығы жазсаңыз, онда жарайды.
Айтпақшы, «Интернет-бетперденің ерекшелігі» деген бөлімше атауы не жазып қойды? Кіші әріппен жазатындай… :)
Жазбадағы сенімді кеңес бергендей тұжырымдар — бір жағынан класстың көрінісі де, екінші жағынан кәдімгідей психология, кәдімгідей тәжірибе. Алты аккаунт дегенін жасайды ғой енді :)
Жазба тілі жағынан жеңіл де емес, бірақ күрделі тағы ештеңесі жоқ сияқты. Суреттік безендіру көңілден шығып тұр. Қорытынды ой орнында. Меніңше, жеке басқа қатысты болғасын, ең терең тінткен пост болды. Постты үсті-үстіне жетілдіре беру қасиетіңіз де қатты ұнайды. Рақмет!

Болдық қой, иә? Сонымен, маған финалдың бастамасы жаман емес сияқты. Төрт жазбаның біршама тар ауқымды тақырыпта айтар ойы әртүрлі болғаны тәтті, сәтті, шатты. Блогерлер ешкімнің бетпердесін шешуге ұмтылмайтынын былай да сезгем (қайда-аа ол, білмесең қиын, білсең — антиморали ғой), әйтсе де жалпы виртперделіктің сипаты мен себебін, салдары мен салмағын саралайтынына күмән болған жоқ. Шын, жазбалар оқырмандық қарапайым миыма ұнады.
Енді бір қарапайым оқырманнан көтініш тыңдасаңыздар екен. Осы жерде мен нұрлы жүзді төрттікке базыналайын деп едім. Сіздер — финалиссіздер. Алты Алашты ауыздарыңызға саусақтарыңызға қаратып отырғандықтан, жазба тиянақтылығын максималды сақтасаңыздар екен. Пунктуацияға дейін жіті қарасаңыздар екен. Яки, сипаты суық, идеалға жуық қылып салсаңыздар уәжіп секілді, Назгүлжарболғырлар дейм де! :) «Ачепятка» сөздер, қақыр-шүкір, дефис-үтірге дейін қарап қойыңыздар. Сосын кей блогердің (2 де 2 делік) суреттермен әспеттеу жағы да көңілімнен шықпады. Мұны сіздерге талай тұсқағаз жапсырған, талай қасбет сылаған маман айтып отыр деп қабылдаңыздар :))) Сосын жюри де тезірек бағалап отырса күшті болар еді. Олардың пікірін шолып қояйын деген сұмпайы ниет қой сол баяғы. Әйтпесе, олар менің шолуымды күтіп жүр, ориентир алу үшін деп ойлап қалам. :))) Уф, болды. Миии, айтып-айтып тастадым-ей… :)

Осымен, тайм-аут. Гендерлік теңдік жағдайында аламанның ақырғы айналымы келіп жетті. «Екі блогердің екеуі де тамаша болса, төсі үлкенірегін таңда» деп бабам Фрейд айтып кетпекші, енді тек кілең тамаша посттар күтеміз. Арда емген арғымақтар, шә-әп деймін! Сіздерге сериозни сәттілік!
Кеттім, сіздердің саулықтарыңыз үшін аздап сыралатып қайтайын. Көріскенше!
p.s. Менің атым Бөрібай, және мен террорист бетперде емеспін!

Сурет Сальвадор Далидің жеке мұрағатынан алынды.
Әрі қарай