Жазым болса быламыққа тіс сынады

Тәтесстің, қазақтың мақалдарының растығына тағы да көз жеткізіп отырмын. @balzaminka айтпақшы, «4 адамның жұмысын істеп» шапқылап жүргенде аяғымды қайырып алдым. Кәдімгі жазық жерде. Әуелі жай сіңірі созылған болар деп мән бермегем. Әріптесіміз шақырған ауыз ашарға дейін барып, одан үйге келгесін тұзды суға салып-салып, юхыға жата кеткем. Сөйтсем, жаным көзіме көрінді. Аяғымды қоярға жер таппай, ауаға "іліп" қойдым. Сөйтіп, бәрібір юхы жоқ болғасын, көңілім біраз бөлінсін деп, агентке кірдім. @altygradus дәрігерге көрінген дұрыс деп, тағы бір танысым жедел жәрдем шақыруға кеңес берді.
Әрі қарай