Түнек...

… Көктемнің соңғы күндері… Жұмыстан сәл кештеу жібергеніне бастығыма деген ашуым бар, оның үстіне бір жарым сағаттан бері темекі тартпағам, айына отбасылық бюджетімнің жетіден екісі кететін темекімді құмарта тартып бара жатырмын. Анда-санда темекі тартқандағы әдетіммен жерге шырт-шырт түкіріп қоям. Аялдама да алыс емес-тін, жақындап қалдым…
Алыстан сирена дауысы естілді. Сол жаққа бұрыла бергенмін… айнала көк түтін… айқай-ұйқай… Басыма зіл батпан шоқпар тиді де көзімнің алды жарқ ете қалды… Түнек… Ашыла бастады көзім… Алдымда маска киген біреу… анадайда «Полиция» деген жазуы бар қара микроавтобусты көзім шалды… түнек…
Орындықта отырмын. Бөлме іші қаракөлеңке. Лампаның жарығы тура көзіме түсіп тұр. Алдымда стол. Қарама-қарсы бір адамның сұлбасы байқалады. Полиция бөлімшесінде секілдімін.
-Фамилия?
-А… аа?
-Фамилииияя?,-деп жекіріп жіберді сұлба.
-ааа… Алан…
-атың?
-Данияр… мм… мен қайдамын?
-Бұл жерде сұрақты мен қоямын. Мекен-жайың?
-Ацсотоно қаласы, Кербабаев көшесі, 13,-деп өтірікті қойып қалдым.
-Жұмыс орның?
-«Артемда» тәшкі сүйреймін.
-24 мамыр күні, кешкі сағат 7-лер шамасында қайда болдың?
-Жұмыстан қайтып бара жатқам…
-Қолыңда не бар еді?
-Папка… документтермен. Таксист болып жұмысқа тұруға бара жатқам. Айтпақшы документтерім қайда? Кімсіңдер өзі?
-Бұл жерде сұрақты мен қоямын. Қолыңда басқа не болды?
-Басқа ештеңе…
-Темекіні мен тарттым ба сонда?!!! Сссұмырраййй…
Жуан жұдырық мұрныма дөп тиді… Тағы да түнек…
… дәл осы кезде көрші кабинетте Ацсотонода заң күшіне мінген 2-күн ішінде 2000 адам темір торға тоғытылғаны туралы рапорт жасалып жатты…
Әрі қарай