Бетке түкірсе

Хайуанаттар бағында жүрген бір адам, маймылдар отырған тордың жанынан өтіп бара жатып, кілт тоқтайды. Қалтасынан кәмпит алып береді, жеп алып маймыл тағы да кәмпит сұрайды. Әлгі адам болса, кәмпит жоқ дегенді ымдап алақанын жаяды. Сол кезде маймыл өкпелеп, адамның бетіне түкіріп жібереді. Мақұлықтың ақылға сыйымсыз әрекетіне еріксіз күліп жіберген адам бетін жууға кетеді.

Мораль: бетіне түкіріп жіберген маймылдың әрекетін саналы адам көңіліне алмайды
Әрі қарай