Любка
«Любка» атты фильмді аяқ астынан тауып, көріп шықтым. Фильм өмір шындығын көрсеткен. Операторлық жұмыстар жоғары деңгейде, елуінші жылдардың ақ-қара түсін, кейіпкерлердің киімін, шаш үлгісін, әуенін жақсы әшкерелеген.
Фильмнің басты кейіпкерлері ретінде екі қыздың өмірі алынған. Бірі еврейдің зиялы отбасынан шыққан жас дәрігер Ирина енді туылған қызы мен анасы үшеуі Мәскеуден кішкентай қалашыққа жұмыспен жіберіледі. Көп ұзамай анасы көз жұмып, дәрігер қыз бүлдіршініне қарайтын адам іздейді. Бірақ металлургиялық қоныстың басты контингенті ерікті жалдамалы жұмысшылар мен түрмеге отырып шыққандар болғандықтан, тиісті бала бағушы табу қиынға соғады. Және екіншісі бала бағушы ретінде жұмысқа алынған — Любка. Ирина ата-анасының алақанында бағып-қағылған қыз болса, Любка — өмірдің қаталдығы мен тағдырдың тауқыметін көріп өскен, өте өжет, батыл, адамдарды ажырата білетін адам.
Қарап отырсақ, сол кездегідей қиын заман болмағанда, мұндай екі түрлі жан бір-бірімен осы өмірде өте сирек жолығу керек секілді. Алайда, жан-жақтағы ел түрмеден шыққан қыз деп шулағанымен, Ирина Любкаға сеніп, екеуі бірге қиыншылықтарға төтеп берді. Шын мәнінде де, жанашыр жақын адамға деген ықыласқа, ыстық ұяға өмір бойы шөлдеп келген жетім көңілге Ирина бір үлкен тірек болып көрінді. Ал нәзік жанды дәрігер қызды еврейсің деп жұмыстан шығарып, елдің қысымын көріп, қайғы жұтып, сағы сынған кезде, Любка тіреуіші болып, бойына әжептәуір қуат қосып, еңсесін тіктеп алады. Сөйтіп екеуі біріне-бірі қамқор болады. Фильмнің соңында екі кейіпкердің жолдары бөлек кетеді. Тағы да осы өмірде кездеседі ме, белгісіз…
Актерлер өз рөлдерін тамаша сомдап шықты. Любканың рөлінде ойнаған Елена Лядова актриса ретінде қатты ұнады. Қоңыр, жуан дауысы өзіне сондай жарасымды. Бұл фильмнен кейін, осы актрисаның басқа да «Везучая» атты фильмін көрдім.
Әрі қарай