Үкіметтік емес ұйымдар «Мемлекеттік тіл туралы» заңның жобасын мемелекетке ұсынбақ

Алдында осы жазбаны оқып қалып ем.

Алмытыда үкіметтік емес «Алаш үні», «Ұлт тағдыры», «Аллажар-қолдау», «Мемлекеттік тіл» қоғамдық бірлестігі өздері дайындаған «Мемлекеттік тіл туралы» заңның жобасымен таныстырып оны халық талқылауына ұсынды. Бұл талқылау бір ай көлемінде жүретін болады. Халықтың талқылауынан кейін бұл заң жобасы мемлекеттің қарауына тапсырылмақ.

Осы топтарға жетекшілік етіп жүрген жазушы, медицина және педагогика ғылымдарының докторы, профессоры Совет-Хан Ғаббасов: «тіл тәуелсіздігі болмай ұлт, халықтың тәуелсіздігі болуы мүмкін емес, осыған қарағандай қазақстан тәуелсіздігінде сезіне алмай отыр. Енді мемлекеттік тілді сыйламайтын халықтарды тәртіпке шақыру керек деп есептеймін. Егер осы заңымызды сәтті қабылдайтын болса сайлау заңы, жер заңы мен дін заңында дайындап ұсынбақпыз».

Осы топтардың тағы бір жетекшісі Дос Көшім өздері ұсынған заң жобасындағы ұстанымдарды қысқаша таныстырып өтті:

1. Негізі ұстанымның бірі- қос тілді қатар қолдануға мүмкіндік беретін ешқандай заңдық негіз жасамауға тырыстық

2. Қазақ тілді азаматтардың осы уақытқа шейін айтылған, қозғалаған мәселелерді заңдық тұрғыдан шешуге мүмкіндік беретін тарауларды енгіздік.

3. Орыс тілін басқа тілдерден ерекшелендірмеу және қазақ тілімен қатар қоймайтындай жағдай туғыздық. Себебі мемлекеттік тіл-мемлекеттік тіл, басқа тіл жоқ. Этностық топтардың бәрінің тілдерінің деңгейі бірдей олардың ешқайсысына ерекше жағдай жасалмайды.

4. Қазақ тілі міндетті басқа тіл қажеттілігіне қарай ұстанымға заңды негіздеме жасадық. Басқа да тіл өкілдері өз дәрежесінде дамытуға мүмкіншілік беріледі.

5. Мемлекеттік тілді міндеттеуді ашық заңға енгіздік.

6. Шетел заңдарымен салыстыра отырып қазақ елінің мемлекеттік тілі азаматтардың құқығы мен еркіндігін шектемеудің халықаралық заңдарда бар баптарын енгізуге тырыстық. Халықаралық тәжірибе шеңберінен шықпадық.

7. Заң заңдық мәдениеттік тұрғыдан берілді.

Бүгінгі жиынның мақсаты осы заңды халыққа жеткізіп, халықтың қолдауына ие болып мемлекеттің қарауына ұсыну, халықтың көз қарасын білу.

Сіздер қалай ойлайсыздар?
Әрі қарай