Қармақшылық тұрғын қандай тылсымның бұйрығын орындап жүр?


Жұмбақ жазудың иесі Бауыржан Орынбаев. 31 жаста. Түініксіз жазуларды 17 жасынан бастап жаза бастаған. Бүгінде құпия жазбаларының саны 41 қалың дәптерді толтырып үлгеріпті. «Бауыржаннан өзі жазып-сызған белгілерді оқып беруін сұрай қалсаңыз ол еш мүдірместен зуылдата жөнеледі. Алайда Бауыржан жазған-сызғандарының мән-мағынасын ашып айтып бере алмайды. Ол оқып жатқанда құдды бір қисса-дастанды жатқа айтып жатқандай әсерге енеді. Бауыржан айтқан сөздерді ести қалсаңыз не араб, не парсы халықтарының көне тілі ме деп қаларыңыз анық. Себебі, әр сөздің дыбыс-ырғағы араб-парсы тіліне өте ұқсас келетінін аңғарасыз. Ал оған белгісіз бір дауыс «осыны жаз-сыз!» деп бұйыратындай», – деп жазады басылымдар.
Бір қызығы Бауыржан өз жазбаларын дін өкілдері мен ғалымдарға көрсеткенімен, әзірге бұл тылсым күш, белгісіз құпияның сырын аша алмапты. Сіз қалай ойлайсыз? Ол не болуы мүмкін?