Бұйрабас тотықұс күтімі

Өткен айда зоодүкенге аяқастынан жолым түсіп, осы бір өзіндік мінезі бар бұл тотықұсты ойланбастан сатып алдым. Менің тотықұсым бұйрабас тотықұстар (волнистый попугай) түріне жатады. Үйге келген соң ал енді қандай есім қоямын деп дал болдым. Үш күн ойландым ғой. Сосын Сатыбалды, Жулюлюм, Сүйінші деген үш есімді қатар таңдап, көңіл-қошыма қарай үш есімді кезектестіре атап, шақырамын.
Сүйінші, Сатыбалды, Жулюлюм
Негізінен бұйрабас түріне жататын тотықұстар басқа тотықұс түрлерінен көп сөйлегіштік, бәдіктігімен ерекшеленеді екен. Оған көзім әбден жетті.
Әрі қарай