Gmail жүйесінде тегін SMS жолдау

Жеке поштам Gmail жүйесінде. Бүгін әкімгерлерінің опциялар қатарына тегін SMS жолдауды қосқанын байқадым. Сол бағанадғы мәзір ішінде «Send SMS» арқылы толық телефон нөмірін көрсетіп (+7701XXXXXXX) форматында жазып, байланыстағы адамның аты-жөнін көрсетіп жолдауға болады екен. Әзірше Kcell/Activ нөмірлеріне ғана жолданатын сияқты, Beeline нөміріне жолдағаным кетпеді. Тегін SMS саны шектеулі, бір эккаунттан 50 қысқа хабарлама жолдау мүмкіндігі қарастырылыпты. Сынап көріңіз!
Әрі қарай