8 наурызды несіне тойлаймыз осы?

Жыныстың түріне мейрам арнаудың абсурдтығын былай қойғанда, тап осы күні әйелдердің тарихта қалдырған бір түйір таңбасын таба алмайсыз. Адам ішіндегі бұл особь — мыңдаған жылдар бойы еркектер қол жеткізген игіліктерді пайдаланып келді, әрі солай бола беретін түрі бар.
Әрі қарай

Астана - арман қала

Астана арман қала,
Бағы бір жанған қала.
Тұрады ол биік болып,
Мен үлкен болғанда да, — деп Тұманбай Молдағалиев жазған осы бір өлең шумағы бес немесе алты жаста ең алғаш жатталған, осы уақытқа дейін ұмытылмаған, сол кездің жаңа жылдарында сыйлық әперген тақпақ. Астана өркендей берсін!
Әрі қарай

Балаларға базарлық

Алматыдан жалынды сәлем! Кәсіби біліктілігімді арттыру үшін осында келіп қалдым енді. Содан кенет бойымда педагогтық қасиетім оянып, балаларға арналған кітап жазғым келмесі бар ма? Оның үстіне әдемі қазақша кітап көптік етпейді. Әй, бірақ шаруасы көп қой оның. Сондықтан әзірге қолдан хендмейд кітапша жасауға болады. Содан бастап көрмейміз бе? Тақырып да өзекті — балаларды спортқа ерте бастан баулып, патриоттық рухта тәрбиелеу, заманымыздың батырларын дәріптеуді үйрету. Ендеше, кеттік!
Алдымен бізге керегі — контент. Оны мен толығымен өзім жасадым. Сөзін де, көркемдеуін де. Сіздерге де пайдалануға рұқсат. А4 форматында әр параққа екі суреттен қойып түрлі-түсті принтерден шығарып алуларыңызға болады. Қатты қағазға шығарсаңыздар, тіпті керемет.

ОҒМ жазбалары: Балаларға базарлық

Бұлт-бұлт етіп бұлшық ет,
Шып-шып тері шығады.
Жаттығады құлшынып,
Қандай берік шыдамы?

Мен де солай жалықпай,
Шынығайын, себебі —
Мен де Ильин алыптай,
Тау көтергім келеді!


ОҒМ жазбалары: Балаларға базарлық
Велосипед тебемін,
Дамыл таппай аяғым.
Тоқтамастан желемін,
Таудай менің талабым.

Қиындыққа не түрлі,
Өзім шыдай аламын.
Винокуров секілді,
Мен чемпион боламын!


ОҒМ жазбалары: Балаларға базарлық
Жұдырығын тас түйіп,
Соққыларын көздеген.
Тұра алады қасқиып,
Боксшыға кез-келген.

Сәпиев – ер, білемін,
Сондай болу арманым.
Шымыр менің білегім,
Дайын менің қолғабым!


ОҒМ жазбалары: Балаларға базарлық
Жалтыраған мұз қандай!
Коньки жеңіл сырғиды.
Шиырлаған із қандай!
Бимен бірге жылжиды.

Бұл кім десең — Денис Тен!
Сән-сымбаты келіскен.
Мен де солай сырғанап,
Қуантамын жеңіспен!


ОҒМ жазбалары: Балаларға базарлық
Ақ пен қара алысқан,
Тақта алдында ойланам.
Бала кезден жарысқан,
Жансаядан үлгі алам.

Жүріс жасап тиімді,
«Шах» пенен «мат» мақсатым.
Шарлап жүрсін қиырды,
«Гроссмейстер» жақсы атым.


ОҒМ жазбалары: Балаларға базарлық

Айбек ағам – балуан,
Қазақстан барысы!
Тәсілі сан алуан,
Аң біткеннің тағысы.

Күресейін өзім де,
Жерге тимей жауырын.
Батырмын ғой төзімді,
Үйрен менен, бауырым!


***
Енді кітаптың өзіне кірісейік. Балаларыңызбен бірге отырып жасасаңыз да болады. Сурет салуға арналған альбомның 4 бетін аламыз. Тура ортасынан бүктейміз. Бүктеген қырынан көз мөлшерімен әдемілеп 4 жерден тесеміз. Қаттылау жіп немесе лентаның екі бөлігін қиып алып, тесіктерден өткізіп байлаймыз.
ОҒМ жазбалары: Балаларға базарлық
Беттеріне өлең сөздері мен суреттерді жапсырамыз. Ал мынау мұқабасы:
ОҒМ жазбалары: Балаларға базарлық

Кітапша дайын!
ОҒМ жазбалары: Балаларға базарлық
Оқып, жаттай беруге болады. Тіпті өзіңіз де толықтыра аласыз.

Ертең бұйырса керектің сұлуы madlen -ге барамын. Оның Әлихан атты ұлды болғанын көбіңіз білетін шығарсыздар. Оған деген сыйлығым өзінен-өзі дайын болды

Балалар күні құтты болсын!
Әрі қарай

Таныстырсам өзімді...

Таныстырсам өзімді… Астаналық Керекшілер арасында мем болып келе кеткен тақпақбасы. Осыны енгізген aza бауырымыз жалғасын айтпай жүр. Келіңдер көмектесейік. 4 жол өлеңдер жазайық, үздікті aza өзі таңдасын.

Блог - asaubota: Таныстырсам өзімді...

Үлгі керек болса мыналарды бір шолып шығыңыз:

Таныстырсам өзімді Нұртлеуова Жаңыл деген.
Математика пәнінен дәріс берем.
Қиынын мамандықтың таңдап алдым.
Болғасын қыр-сырына тереңдеген.
Әрі қарай

ЧАСТУШКАЛАР-2

Бала күнімізде талай тақпақ жаттадық. Соны әр кезде әрқалай айтушы едік. Мынай 3-4 жасар кезімде айтқан тақпағымның текст түрі.
Аю оты пәкәкә,
Екі қоы кәкәкә.
Апай сабак сүкәкә
Үкап капы мәкәкә.

7-8 жасар кезімде
И десе и диді, И-ға тілі келмейді
Әрі қарай

Біз айтқан тақпақтар....

Біздің кезіміздегі оқулықтардың тақпақтарының өзі тәрбие еді ғой. Қазіргі оқулықтардың бетін ашпаған соң білмейді екенмін тақпақтарын. Осы жерге есімізде қалған тақпақтарды жазсақ қалай болады?
***
Нан қоқымын шашпаңдар
Жерде жатса баспаңдар
Теріп алып қастерлеп
Торғайларға тастаңдар
Әрі қарай