Экология

Блог - nurbolkarataev: Экология

Экология дегенде есіңізге не түсуі мүмкін?
Оталған ағаштар,
Ашық ауада үйілген күкірт,
Төгілген мұнай қалдықтары
Қоқыс полигондары.
Басқа ше?
Қызығы экология десе есімізге ауаның ластануы ғана түседі.Жыл сайын елімізде бірнеше компания, фабрика, зауыттарға қалыпты мөлшерден асырды, экологияға зиян келтірді деп айыппұл салады. Бұл айыппұл қаншалықты дұрыс. Мәселе салынған айыппұл да емес. Айыппұл салумен экология жақсарып кетпейтіні белгілі. Айыппұл тек ел бюджетіне қомақты қаржы болып қазынаны қампайтты демесең экологиясы ластанған өңір үшін бұл еш нәтиже бермейтіні заңдылық. Ол үшін не істеу керек?
Айыппұлды тал егумен алмастыру қажет. Қалайша дейсіз ғой. Ол былай. Мысалға 1 тонна мұнай қалдығын төккен компанияға 100 миллион теңге айыппұл салмай оның орнына сол өңірдің аумағынан 100 гектар жерге тал ектіріп оны 10 жыл күтім жасатып баптаттырса. Халық үшін де, аймақтың экологиясы үшінде ең дұрыс шешім болары хақ. Эколгияға зиян келтірген барлық компанияға осындай жаза қолданса халық үшінде жаңа жұмыс орыны ашылып, бірнеше жылдан соң әлгі 100 гектарға егілген көшет орман алқабына ұласатыны сөзсіз. Бұның тиімділігі сол жаңа жұмыс орыны ашылып қана қоймайды бірнеше жылдан кейін демалыс аймағына да айналатын тамаша жоба деп есептеймін.
Әрі қарай

Бұта отырғызу

Подъезімнің алды көк тақыр. Көршілес подъездерде бұталар өсіп тұр. Біздегі алаңқайдың тақырға айналуына не себеп екенін кейін білдім — кезінде бірінші қабатта тұратын біреу машинасын өз балконының түбіне қою үшін тал-теректерді жұлып/кесіп/опырып тастаған. Алайда қатты дауыл кезінде жақын маңдағы ағаштардың біреуі сынып, ауыр бұтақ (!) машинасының үстіне құлапты-мыс. Сол кезден кейін есік алдындағы тақыр бос тұр.

Подъездің түбі — автотұрақ, гараж, қойма емес. Ол да жалпыға ортақ территория. Оны бәрі түсінеді, бірақ адамның эгоизмінде шек бар ма? Келесі «умник» келіп, жекеменшік паркингке айналдырғанын күтіп жатқым келмеді. Бірдеңе егіп тастайын дедім.

Осы сенбі-жексенбі соның қамымен өтті. Жер қазып жатқанымды көріп, біреулер мақтауларын жеткізді, тіпті көмекке келген көршілер де бар. Ашық жеріне гүл, көгал егейік деп ұсыныс айтып, қоршау мәселесін қамдайық деген көрші де табылды. Өспей қалады-ау деген скептик те бар екен көршілер арасында, ұрлап кетеді-ау деді бір өткінші. Мені қорқытқаны — өспей қалатыны емес, ұрланып кету ықтималдығы және аяққа тапталып сынып қала ма деген қауіп. Білмеймін, көре жатармыз.

Ал, мынау сол шаруаның видеосы:


ТОЛЫҚТЫРУ!
Кіреберістің екінші жағына да ағаш отырғызылды. Ағаш дегенде сол — бұта ғой ол да. Ақпан айында үйдің жанында бұрыннан өсіп тұрған талдардың бұтақтарын кесіп алып, суға салып қойған болатынмын. Солардың басым бөлігі тамыр жайды. Үш-төрт талдан біріктірдім де, төрт түпке бөліп отырғызып тастадым.
Әрі қарай