Қарт кісінің сөздері сүйегімнен өтті...

Осыдан үш күн бұрын билет алу үшін теміржол кассасында кезекте тұрған едім. Алдымда егдей жастағы қарт кісі өз кезегін күтіп тұр екен. Асықпай, ептеп билетін алып болып, назарын бізге аударды. Біраз қарап тұрып:

-сендерге кім шаштарыңды жаюға рұқсат берді, бұл қазақ қызының болмысына жат нәрсе. Батысқа еліктемеңдер! Әлде, ата-аналарың сендерді осылай тәрбиеледі ме?! Әйтеуір шаштарыңның түсі қара екен, соған тәубе. Осы шаштарың түбінен қиып, сары түске бояп қоятындарға ешкім ақыл айтпайды ма?! Сендерге айтарым, қайда жүрсеңдер де қазақи болмыстарыңды жоғалтпаңдар! Аман болыңдар! Менің айтқандарым жүректеріне жетті деп ойлаймын,-деп, өз жолымен кете берді. Ұялғанымнан жерге кіріп кете жаздадым. Сол сөздер сүйегімнен өтті. Бұл қарт кісіге еш ренжігенім жоқ. Керісінше, рақметімді айтамын. «Көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра» демей ме?! Осындай жандардан үлгі алмай, кімге қарап, кімнен тәлім-тәрбие алып өсеміз?!
Блог - DanaKuntuganova: Қарт кісінің сөздері сүйегімнен өтті...
Расымен де, ойлап қарасаң, баяғы заманда күйеуі қайтыс болып, жесір атанған әйел ғана шашың жаятын. Ал қазір, заман ағымына ілесеміз деп, қазақи болмысымызды, рухани мұраларымызды жоғалтып бара жатқандаймыз. Әртүрлі жағдай болады, бірақ бұл жағдайды мәңгілік жадымда сақтарым анық. Жаныма қатты батты. Сіздермен бөлісіп отырған себебім де сол. Көрген, білген жерлеріңізде айта жүріңіздер. «Көп түкірсе- көл» деген…
Әрі қарай