Кейде деймін де...

Негізі бұл пост ОН.кз сайтында жарияланған. Бірақ күнделікті өмірде осындай жәйттерді көргенде осылай жігіттердің жалпы жастардың осындай ойларды көңілдеріне түйіп жүрсе дейсің…

Осы нағыз еркек болып жүретін адамдарды көп кездестіремін.

Нағыз еркек шығар деп ойлаймын да.

Бірақ автобуста қыздар тұрып тұрғанда міз бақпастан отыра беретін жігіттер көп. Мұндай кезде «нағыз жігіттік» туралы ойларының қайда кететініне таңмын.

Қыздардың ақшасына қыдырғанды ұнататындар да бар.

Өзіне сыйластықпен қарайтын қызды пайдаланып қалуды ойлайтындар бар.

Көшеде қыздар ауыр зат көтеріп келе жатса немесе сүрініп құлап жатса, «менің қатысым қанша?» дегендей, қол ұшын беруге қысылатындар бар.

«Оның қолынан қалай ұстап жүрсің? Ол жезөкше ғой» дейтіндерді де жек көремін.

Көбі құрбысының туған күніне "әйтеуір бірдеңе" сыйлап құтылуды ойлайды. Сыйлық — ниеттің көрінісі. Сондықтан жақсы сыйлық алудан қашпау керек. Арзан, сапасыз дүние сыйлағанша, сыйламаған артық.

Осындай-осындай жағымсыз мысал-адамдарды көргенде өзімді cуперрыцарь сезінемін.

Кейбір ережелердің мен үшін құны жоқ болса да, бәрібір мен азаматпын, сондықтан, автобуста қыздар тұрып тұрғанда отыра алмауым керек, қыздардың ақшасына қыдырғанды ар санауым керек. Тағысын-тағы. Бұл нәрсе «нағыз жігіттердің» түйсігінде болып, тіпті әңгіме болмауы қажет. Негізі.
Әрі қарай