Тәнің жалаңаштау сән бе?

Қазіргі таңда көптеген қыздар, соның ішінде қазақ қыздары, басқа ұлт өкілдеріне еліктеп, қоғамда тоқтаусыз дау тудыратындай ашық киініп, тәнің жалаңаштаған суреттер жасаудан жалығар емес. «Біз тәуелсіз елдің ұрпактарымыз, өзіміз білеміз!» — деп шектен шығып жатыр және бұған тоқтау жоқ.
Шолпысын сылдырлатып ұзын киіп, таза, жинақы жүретін бұрынғы апа-әпкелерімізге неге ұқсамасқа?
Бұл тақырып бүгінгі таңда қоғамда жиі талқыланатын болды. Басқа ұлт өкілдеріне еліктеп қазақ қыздары өздерінің қазақшылдығын, қарапайымдылығын ұмытып бара жатыр. Бұл сән емес жай ғана еліктеу, және де бұл қоғамға зиянын келтіріп жатыр. Басында айтып кеткенімдей бұрынғы әпкелеріміз секілді ұзын киіп үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп жүргенге не жетсін? Міне қазақ қызының бейнесі осындай болуы тиіс.
Сырт келбет басқа орынға бұрылғаны мен қоймай, тәрбие де, мінез де өзгеріп бара жатыр. Өсіп келе жатқан жас ұрпақтың арасында сән қуалау деген қағида бар, бірақ бұл алдамшы нәрсе, жай ғана көз бояушылық. Егерде осылай жалғаса беретін болса, қазақ қызы қандай болатынын бәрі ұмытып қалмасына кім кепіл? Әрине, әр кім қалай жүретіні өз еркінде, бірақ XXI ғасыр деп, есіріп кетпеуі де керек. Бұған тәрбиенің де кішкене болсын қатысы бар. Қазіргі қыздар бұлай жүргендеріне ұялу дегенді де ұмытқан. Бұл дұрыс емес.
Қорыта айтқанда тәнді жалаңаштау, оны елге жария қылу, бұның барлығы да дұрыс емес. Олар өздерінің, сонымен қатар алдындағы апа-әпкелерінің аттарына кір келтірмеуі керек. Тізеден төмен киіп, жинақы болып жүргенге не жетсін!

Алдамшы сырт келбет

Пластикалық отаны қазіргі кезде адамдар жиі қолданатын болды. Оған себеп, өзінің сырт келбетіне көңілінің толмауы немесе жасару мақсатында. Бұл Оңтүстік Кореяда жақсы дамыған және жиі қолданылады. Көбіне отаны мұрынға және қабаққа жасатады. Бұл операциялар ең оңайы, тіпті «негізгісі» десе болады. Кореяда осыған байланысты «Кіруге рұқсат етіңіз» деген реалити-шоу да бар. Қатысушылар операцияға дейінгі және кейінгі өмірлері жайлы сыр шертеді. Және көбі операцияға дейінгі өмірлеріне разы емес екендерін айтады. Әрине, пластикалық хирургия үлкен тәуекелділікті қажет етеді. Сәтсіз жасалған жағдайларда беттің жансыздануы немесе тіпті сал болып қалу қаупі бар. Бірақ көп қыз бұл тәуекелді сұлулық жолында құрбандық деп түсінеді. Бұл тек Кореяда емес, әлемнің түкпір-түкпірінде, соның ішінде Қазақстанда да бар. Бірақ Оңтүстік Кореяда пластикалық ота жасататын отандастарымыздың саны 15% асқан. Әрине, мен бұны дұрыс емес деп те айтпаймын. Эстрада жұлдыздары да пластикалық отаға жүгінеді, тіпті кейбіреулері оны жасырмайды, ал біреулері керісінше.
Барлығы әдемі болуға тырысады және де мінсіз келбет қазіргі таңда қыздар мен әйел адамдардың қағидасына айналғандай. Бұл адамдар өздерінің шынайы түрін жасырып кімді алдағысы келеді? Өзің бе? Әлде айналасындағы адамдарды ма?
Пластикалық отадан бөлек, қасқа «татуаж» жасау көбейіп кетті, бұны мен қоймай оның зияны да жақсы тиіп жатыр, яғни артық қыламын деп тыртық қылатын адамдар қазір көп. Яғни таза жерге бармауы, тәжірибесі жоқ адамдарға кезігуі, нәзік жандыларға зиянды жағынан әсер етіп жатыр.
Қорытындылай келе, пластикалық ота заман ағымына сай болса да, дұрыс тірлік емес. Егер де әр адам пластикалық ота жасата беретін болса, табиғи сұлулық қайда қалмақ?